31
Үлгілік оқу жоспары – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының құрамдас бӛлігі болып табылатын, оқу пәндерінің тізбесі мен
кӛлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инвариантты және вариативтік
компоненттерін белгілейтін және бастауыш, негізгі орта білім беру
деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту тілі мен
бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру ұйымдарының
қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат болып табылады [47, б. 9-10].
Үлгілік оқу жоспарында «Физика» оқу пәнінің 7–9- сыныптардағы оқу
жүктемесінің кӛлемі:
7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Жалпы орта білім беру екі: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-
математикалық бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады,
білім мазмұнын саралау, кіріктіру және мамандыққа бағыттау негізінде
әзірленген.
Кесте 1 – 10-11-сыныптарда физиканы оқытудағы жалпы сағат саны
Бағыты
ҚГБ
ЖМБ
Сыныптар
10
11
10
11
Апталық сағат саны
1
1
3
3
оқу жылында
34
34
102
102
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
жаратылыстану-математикалық
және
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттар
бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру
мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Оқу пәнінің 7 –сыныптағы базалық білім мазмұнында «Физика – табиғат
туралы ғылым» бӛліміне 9 сағат, «Заттың құрылысы» бӛліміне 5 сағат,
«Қозғалыс» бӛліміне 10 сағат, «Денелердің ӛзара әрекеттесуі» бӛліміне 12
сағат, «Қысым» бӛліміне 17 сағат, «Жұмыс, қуат, энергия» бӛліміне 12 сағат,
уақыт қорына 3 сағат бӛлінген.
8 –сыныптың базалық білім мазмұны « Жылу құбылыстары (24 сағат)»,
«Электр құбылыстары (22 сағат)», «Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)»,
«Жарық құбылыстары (10 сағат)» бӛлімін қамтиды, уақыт қорына 4 сағат
берілген.
9 –сыныптың мазмұны келесі бӛлімдерден тұрады: «Кинематика негіздері
(10 сағат)», «Динамика негіздері (10 сағат)», «Сақталу заңдары (4 сағат)»,
«Тербелістер және толқындар (12 сағат)», «Астрономия негіздері (6 сағат)»,
«Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (7 сағат)», «Атом ядросы. (6 сағат)»,
«Жалпылау сабақтары (2 сағат)»,
«Лабораториялық практикум (8 сағат)».
Уақыт қорына 3 сағат қарастырылған.
32
Физиканы оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-
сыныпта – 11 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы;
9-сыныпта 4 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау жұмысы, 8
сағат зертханалық практикум жүргізіледі.
Кесте 2 – 10-11-сыныптарда физиканы оқыту барысында жүргізілетін
тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және кӛлемі.
Бағыты
ҚГБ
ЖМБ
Сыныптар
10
11
10
11
зертханалық жұмыстар
3
6
13
6
практикалық жұмыстар
3
17
20
бақылау жұмыстары
2
2
5
4
физикалық практикум
4
10
«Физика» пәнiнiң базалық бiлiм мазмұны алғашқыда бес мазмұндық желі
бойынша анықталып, кейіннен іргелі теориялар тӛңірегіне топтастырылып
берілді. Атап айтқанда, физика курсының мазмұнына механика мен
молекулалық физикадағы және электродинамика мен атомдық физикадағы
негiзгi заңдар мен ұғымдар, физикалық құбылыстар мен оларды зерттеу
әдiстерi, сонымен қатар аспан денелерi мен олардың физикалық табиғатын
зерттеу әдiстерi мен нәтижелерi, әлем құрылысы мен оның дамуы туралы
мағлұматтар енгiзiлдi [62, б. 34-35]. Осы анықталған мазмұн тӛл оқулықтарда
кӛрініс тапты [65-67].
Сӛйтіп, елімізде нақты білім мазмұнын жаңартуға қатысты да, оны ғылыми
негіздеуде де кӛп жұмыстар орындалып, жалпы алғанда мектептегі оқытудың
деңгейі кӛтерілді. Десек те, әлде де болса, мектеп бағдарламалары мен
оқулықтардағы артық ақпарат пен қосалқы материалдардың шектен тыс артық
болуы оқушылардың ӛздік дағдыларын, шығармашылық іс-әрекетін дамытуға
кедергі келтіріп отырғандығын тәжірибе кӛрсетіп отыр.
Білім алушыларды оқытудың ең негізгі, ауқымды мақсаты жас ұрпақтың
адамзат тарихы бойына жинақталған әлеуметтік тәжірибе негіздерін меңгеруі
болып табылады. Ғалымдар оны әлеуметтік тәжірибе процесінде қабылданған
іс-әрекет жиынтығы ретінде қарастыра отырып, білім мазмұнын мынадай тӛрт
құрылымдық элементке жіктеді: 1) табиғат, қоғам, техника, адам және олардың
танымдық іс-әрекет тәжірибелері туралы білімдер; 2) белгілі іс-әрекет
тәсілдерін іске асыру тәжірибесі; 3) шығармашылық қызмет тәжірибесі-
проблемалық жағдайларда тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті; 4) тұлғалық
бағдар тұрғысында дүниеге, іс-әрекетке эмоционалдық-құндылық қарым-
қатынастар тәжірибесі [68, с. 11].
Мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибенің осы аталған элементтерін
игеруі оқушы іс-әрекетін ерекше түрде ұйымдастыру негізінде оны оқушының
ӛзінің жеке тәжірибесіне, яғни әлеуметтіктен тұлғалыққа «тасымалдауына»
бағытталады.
33
Жоғарыда келтірілген білім мазмұнының элементтері ӛзара байланысты
және біріне-бірі тәуелді. Білімсіз білік болмайды. Шығармашылық іс-әрекет
білім мен біліктің белгілі бір мазмұндық материалы негізінде жүзеге асады.
Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін меңгеру адамға тек қоғамда ӛмір
сүріп қана қоймай, сонымен бірге ӛзбетімен әрекет етуге жағдай жасайды.
Сонымен қатар мектептегі берілетін білім оқушыны ӛмірге даярлай
отырып, оны жаңартуға ӛз үлесін қосады. Ал мұғалімді оқушының санасында
жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін, адамдарға ізгілікті қатынас
қалыптастыру бағытында арнайы жұмыстар жүргізуге бағдарлайды [69, с.212-
214].
Сонымен, жалпы білім беру мазмұны, бір жағынан, оқушылардың оқу-
танымдық іс-әрекеттерінің аса маңызды шарты болып табылады, ӛйткені ол
қоғамның қазіргі, яғни ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін
бейнелейді, ал екінші жағынан, ол оқушылардың сол іс-әрекеттерді жүзеге
асыру құралы әрі индивидтің оқытудағы тұлғалық қажеттілігін қанағаттандыру
мен тұлға дамуының және оның базалық мәдениетін қалыптастыру құралы
болып табылады. Дидактика кӛзқарасынан ол оқытудың мазмұндық және
үдерістік жақтарының бірлігі ретінде кӛрініс береді [70, с.20-21].
Оқыту іс-әрекеттің басқа түрлерімен үйлестірілгенде әрі оқытудың сәйкес
формалары мен әдістері орынды таңдалып алынған кезде тұлғаның тәжірибені
меңгеруі және соның негізінде оны дамыту мен тәрбиелеу, сондай-ақ
тәжірибенің алдыңғы буыннан келесі буынға тұтас жеткізілуі қамтамасыз
етіледі [71, с.55].
Жалпы орта білім беретін мектепте физикадан білім беруді жетілдірудегі
басты проблемалардың бірі пән мазмұнын таңдап алу және сәйкес оқу
бағдарламаларын құру болып табылады. Оқушылардың бiлiмге деген түрлi
сұраныстарын қанағаттандыру және жүктеменi азайту үшiн дәстүрлi
қалыптасқан оқу пәндерiн интеграциялау кӛзделедi, бұл оқу жоспарының
инвариантты бӛлiгiн азайтып, сол арқылы оқыту үдерісінің вариативтiлiгiн
арттыруға мүмкiндiк бередi.
Осылардың негізінде жалпы орта білім беретін мектептегі жаратылыстану-
математика бағыттағы білім беруді дамытуды жүзеге асыру үшін ғылыми
тұрғыда негізделіп, бірқатар кезеңдерден тұратын тӛмендегідей негізгі іс-
шараларды орындау керек екендігі анықталды:
1) оқытудың мақсат-міндеттерін нақтылау;
2) атқаратын функцияларын белгілеу;
3) оқу бағадарламаларына енгізілетін білім мазмұнына қойылатын
талаптарды айқындау.
Осы айтылған негізгі мәселелерге жеке-жеке тоқталып ӛтейік.
1. «Жаратылыстану» бiлiм саласындағы пәндердi оқыту келесідей негiзгi
мақсаттарды:
- білім алушыларды әлемнiң бiртұтастығын түсiну үшiн негiзгi ұғымдар,
заңдар мен теорияларды және жаратылыстану ғылымдарының тiлiн бiлуге және
меңгеруге;
Достарыңызбен бөлісу: |