29
Орта білім берудің МЖМБС ол еліміздің экономикалық даму
қажеттіліктеріне,
оқушылардың
практикаға
бағытталған
дағдыларын
қалыптастыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Осыған
байланысты, білім беру нәтижелері үш аспектіде берілген, олар: тұлғалық,
жүйелі-әрекеттік және пәндік.
Типтік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілді.
Бұл оқу бағдарламаларында тӛмендегі бағыттар бойынша ӛзгерістер мен
толықтырулар енгізілген:
1. Білім мазмұнын оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту,
білімдерін практикалық жағдаяттар мен әлеуметтік бейімделу барысында
тиімді қолдануға лайықтау. Осыған сәйкес практикалық, жобалау-зерттеу
жұмыстары мен эксперименталдық тапсырмалардың кӛлемін ұлғайту.
2. Қазақстандық компонентті кеңейту, еліміздегі индустриалдық-
инновациялық даму стратегиясы аясында оқушылардың жаңа ӛндірістер мен
технологияларды меңгеру қабілеттерін арттыру, экологиялық білімі мен
дүниетанымын кеңейту;
3. Білім берудің тәрбиелік әлеуетін күшейту және оқушыны ерте
әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдық жағдаяттарға және кӛпмәдениетті ортаға
бейімдеу, коммуникативтік
құзіреттілігін дамыту;
4. Мектептің
жоғарғы
сатысында
тереңдетілген
бағдарлы
дифференциациялану арқылы саралап оқытуды күшейту, элективтік
курстарды енгізу, сол арқылы кәсіпалды дайындықты күшейту;
5. Білім аймақтары мен білім деңгейлері арасындағы сабақтастық пен
жүйелілікті арттыру, ескірген материалдарды заман талаптарына сай құнды
материалдармен алмастыру;
6. Гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану-математикалық пәндер
жүктемелері арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру.
Бұл оқу бағдарламасы 12 жылдық білім беруге кӛшу алдындағы аралық
бағдарлама болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептің алпысыншы жылдардың аяғында
қалыптасқан физиканы оқытудың құрылымы қырық жылдан астам уақыт бойы
пайдаланылып келді. Оқытудың бірінші сатысында (7-8 сыныптар) физика пәні
бойынша неғұрлым ӛмірлік маңызды білімдер мен практикалық біліктерді
қалыптастыруды кӛздейтін пропедевтикалық (бастапқы) курстар оқытылды. Ал
оқытудың екінші сатысында (9-11 сыныптар) физиканың іргелі теориялары
негізінде құрылған жүйелі курстар оқытылды. 2013 жылғы Типтік оқу
бағдарламаларында теориялық мәліметтерді зерттеуге және білім алушылардың
практикалық дағдысын қалыптастыруға арналған кӛрсетілім, практикалық және
лабораториялық жұмыстарды орындау және оқушылардың білімiн тексеруге
бӛлінетін уақытың рационалды сәйкестігі қарастырылды. Оқыту бағытына
тәуелсіз, физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық
білдірген оқушыларға мектептің таңдау курстары бойынша оқуға мүмкіндік
туғызу арқылы пәнді зерделеуге бӛлінетін сағат сандарын ұлғайта алады.
30
«Физика» ғылымы туралы бастапқы ұғым бастауыш сыныптың
«Дүниетану» және 5-сыныптың «Жаратылыстану» пәнін меңгеру барысында
қалыптастырылады. Бұл пәндердің оқу бағдарламасында «негізгі орта білім
деңгейінде оқытылатын «Биология», «География», «Химия», «Физика»
пәндерін зерделеу, негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып
табылады» деп кӛрсетілген [60].
Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптары үшін «Дүниетану» пәні
оқытылады.
«Дүниетану» пәнінің мақсаты - қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен
адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами
құндылықтарды қалыптастыру, күнделікті ӛмірде кездесетін процестер мен
құбылыстарды ұғыну, түсіндіру, қарапайым зерттеулер жүргізу арқылы
зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және ӛз білімдерін тұрмыста қолдана
білуге үйрету болып табылады [61].
«Дүниетану» пәнінде жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге
мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларды жетілдіреді. Пәннің мазмұнын
меңгеру үшін аптасына 1 сағаттан: 1-сынып 33 сағатты, 2 – 4-сыныптар 34
сағатты құрайды.
Негізгі орта білім беру деңгейінде 5-сыныпта «Жаратылыстану» пәні
оқытылады. «Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш
мектепте оқытылған
«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады.
5-сыныптың оқушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың
білімге деген қызығушылықтарының дамуына, әлем туралы ой-ӛрістерін
кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының
дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына
кӛмектеседі.
Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында
ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы
бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас кӛзқарастарын, табиғат
пен қоғамның ӛзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен
функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады
(бағдарлама). «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес курсты
оқуға аптасына 1 сағаттан, 34 сағат бӛлінген.
Демек, физикадан білім берудің тұтастығы тӛмендегідей жүйеленген:
1) бастауыш білім беру деңгейінде «Дүниетану» пәні 1–4-сыныптар;
2) негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» пәні 5-сынып,
«Физика» пәні 7–9-сыныптар;
3) жалпы орта білім беру деңгейінде «Физика» пәні 10-11-сыныптар.
5-сыныпта оқытылатын «Жаратылыстану» пәнінен кейін 6-сыныпта үзіліп
барып 7-сыныпта «Физика» пәнін оқыту басталады.
Бүгінгі таңда ҚР жалпы білім беретін мектептерінде білім беру үдерісі ҚР
БжҒМ 2012 жылғы 8 қарашада №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспары негізінде жүзеге
асырылады.