«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


-тарау. Иксод кенелері (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, иксод кене боррелиозы) арқылы берілетін аурулардың алдын алу бойынша



жүктеу 195,15 Kb.
бет12/19
Дата07.01.2022
өлшемі195,15 Kb.
#37085
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
0 840

12-тарау. Иксод кенелері (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, иксод кене боррелиозы) арқылы берілетін аурулардың алдын алу бойынша

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
108. Медициналық ұйымдар уақытында ауру жағдайларын, сондай-ақ кене шаққаннан зардап шеккен адамдарды тіркеуді және есепке алуды, науқастарды диагностикалау, ауруханаға жатқызу, емдеу және ауырып сауыққан адамдарды диспансерлеуді жүргізеді.

109. Кене көктемгі-жазғы кене энцефалиті (бұдан әрі – кене энцефалиті) зертханалық расталған есепке алуға және тіркеуге жатады жағдайлары. Есепке алу және тіркеу Кене боррелиоз жағдайларды зертханалық зерттеулердің теріс нәтижелерімен бірақ клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар болған жағдайда есептер.

110. Көктемгі-жазғы кене энцефалитімен (бұдан әрі – кене энцефалиті) ауырып сауыққан адамдарды диспансерлік бақылауды пациенттің денсаулық жағдайына байланысты екі және одан да көп жыл бойы невропотолог-дәрігер жүргізеді.

111. Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы иммундауды медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

112. Жоспарлы профилактикалық иммундауға қызметі кене энцефалитінің табиғи ошақтарында болумен байланысты адамдар жатқызылады.

113. Медициналық ұйымдардың басшылары жоспарлы профилактикалық иммундауға жатқызылатын адамдардың тізімін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жыл сайын береді. Кене энцефалитіне қарсы егілмеген кәсіби қауіп төнетін контингенттер табиғи ошақтың аумағында жүмыс істеуге жіберілмейді.

114. Кене энцефалитінің табиғи ошақтарында орналасқан аумақтарда тұратын (осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес) және медициналық көмекке жүгінген адамдарға препаратқа қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес мерзімдерде иммуноглобулинмен серопрофилактика жүргізіледі.

115. Адамның денесінен алынған кенені кене энцефалиті вирусын жұқтыруына серологиялық зерттеу жүргізгенде (серологиялық, полимеразды тізбекті реакция)нәтиже теріс болса, онда иммуноглобулин салынбайды.

116. Кене шаққаннан зардап шеккен адамдарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымда жиырма бір күн ішінде тұрақты термометриямен жүргізеді.

117. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері кене энцефалиті (кене боррелиозы) жағдайын эпидемиологиялық тексеруді, зақымдануы ықтимал жердің аумағын энтомологиялық зерттеуді ұйымдастырады және жүргізеді.

118. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің және денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының басшылары эндемиялық аумақта:

1) жергілікті атқарушы билік органдарында бекітіп, мүдделі ведомстволармен, ұйымдармен бірлесіп, кене энцефалитінің алдын алу бойынша іс-шаралардың перспективалық кешенді жоспарларын әзірлеуді;

2) кене энцефалитіне (кене боррелиозына) науқастарды диагностикалық тексеруді;

3) кене энцефалитіне сероиммунологиялық зерттеу үшін диагностикумға, кенеге қарсы вакцинаға, науқастарды емдеуге және кене шаққандардың серопрофилактикасына арналған донорлық иммуноглобулинге қажеттілікті;

4) кене энцефалитімен кәсіптік ауру жағдайларын уақтылы анықтауды және тіркеуді жүзеге асырады.

119. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері кене энцефалиті (кене боррелиозы) бойынша эндемиялық аумақта:

1) жұқтыру қаупі жоғары учаскелерді және контингенттерді анықтау үшін аумақты эпидемиологиялық бағалауды;

2) жұқтыру жерлері туралы көп жылдық (соңғы бес – он жылғы) деректерді талдауды;

3) кене энцефалитін жұқтырудың қаупі жоғары учаскелерді анықтау үшін эндемиялық аумақтағы халыққа жыл сайын эпидемиологиялық сауалнама жүргізуді;

4) иксод кенелерін жинауды, олардың таралуын, түрлік құрамын, фенологиясын және санын зерттеуді;

5) кене-тасымалдаушыларға қарсы күрес іс-шараларын ұйымдастыру және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

120. Кене энцефалитінің табиғи ошағының аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары арнайы қорғаныш киімімен, репеленттермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.

121. Табиғи ошақтар аймағындағы балалар мен ересектерге арналған демалыс ұйымдары және басқа да объектілер кенеден тазартылған эпидемиологиялық қолайлы аумақтарға немесе учаскелерге орналастырылады.

122. Санаторий-курорттық ұйымдарда, базаларда, демалыс аймақтары мен орындарында және балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1) аумақты, сондай-ақ кемінде жүз метр радиустағы айналасын демалушылар келер алдында тазалау және абаттандыру;

2) орманды санитариялық кесу, ағаштарды кесу, қураған ағаштар мен шырпыны алып тастау, шөп шабу, бұталарды тегістеу және кесу, тұрмыстық, құрылыс және өсімдік үйінділерін жою, тұратын және қосалқы үй-жайларға, су көздеріне, демалу орындарына, спорт алаңдарына апаратын орман жолдарын тазалау және кеңейту;

3) барлық маусым ішінде объектіні абаттандырылған жағдайда ұстау;

4) туристік бағыттар болғанда жорық жолдарын кемінде елу метр қашықтықта кенеге қарсы өңдеу және екі жағын қураған ағаштар мен шырпыдан тазалау;

5) объект аумағына үй жануарларын жібермеу;

6) дератизациялау іс-шаралары.

123. Кенеге қарсы өңдеу:

1) балаларға және ересектерге арналған сауықтыру ұйымдары орналасқан орындарда;

2) кәсібімен жұмысы табиғи ошақта болумен байланысты адамдар тұрақты болатын орындарда;

3) демалыс және туризм базаларының, бау-бақша кооперативтерінің аумақтарында;

4) кене энцефалитінің (кене боррелиозы) жұғу қаупі бар орман алқаптары учаскелерінде;

5) шаруашылық-тұрмыстық және басқа мақсаттарда халық жиі баратын жерлерде жүргізіледі.

124. Кенеге қарсы барлық іс-шаралар түрлерін жүргізу міндетті энтомологиялық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Жазық учаскелер жағдайында тұрақты акарицидтерді (күзде қар астында немесе көктемде қардың үстінде) қолданған кездегі жою іс-шараларының тиімділігін бақылауды қар ерігеннен кейін 2 – 3 аптадан соң; тау жағдайларында өңдеуден кейін 10 – 15 тәулік өткеннен соң жүргізеді. Фосфорорганикалық қосылыстар тобындағы акарицидтерді қолдану кезінде өңдеуден кейін 5 және 35 тәулік өткеннен соң және одан әрі айына 2 реттен сиретпей жүргізеді. Әр айналымнан кейін кенеге қарсы өңдеу органының мамандары денсаулығын сақтау ұйымымен бірлесе отырып, жүргізген өңдеу, орындалған жұмыстардың актісі жасалады.

125. Кене энцефалитіне қарсы егілмеген кәсіби қауіп төнетін контингенттер кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда жұмыс істеуге жіберілмейді.




жүктеу 195,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау