15-тарау. Дерматомикоздың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
164. Тері-венерологиялық диспансерлер (кабинет, бөлімше), жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың профилактикасы мен дерматология орталықтары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) дерматомикоздармен ауыратын науқастарды есепке алу, тіркеу, диагностикалау, емдеу және диспансерлік бақылау;
2) дерматомикоздардың жұғу көзін анықтау, ошақтағы байланыста болған адамдарды медициналық тексеру және бақылау (бір ай бойы аптасына бір рет жиілікпен);
3) балалар ұжымдарынан, жатақханалардан, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан терідегі көптеген ошақтары бар немесе бастың шаш бөлігін зақымдаған дерматомикоздармен ауыратын науқастарды; отбасында науқас баланы қарайтын адам болмағанда; дерматологтың немесе эпидемиологтың қажетті дезинфекциялау режимі туралы нұсқауларын орындамағанда науқасты уақтылы емдеуге жатқызу;
4) дерматомикоздармен ауыратын науқастарды он-он бес күн аралығымен екі рет зертханалық бақылау зерттеулерін жүргізе отырып емдегеннен кейін бір ай бойы диспансерлік бақылау;
5) грибоктық патологиялық материалды зертханалық диагностикалау;
6) дерматомикоздар ошағында ағымдағы және қорытынды дезинфекциялауды ұйымдастырады;
7) білім беру ұйымдарында грибок аурулары болуына медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге қатысу;
8) дерматомикоздармен ауыратын науқастарды және халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту.
165. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:
1) медициналық ұйым мамандарымен бірлесіп дерматомикоздар ошақтарында, оның ішінде ұйымдастырылған ұжымдарда ауру жағдайлары тіркелгенде эпидемиологиялық тексеруді;
2) медициналық ұйымдардың дерматомикозбен ауыратын науқастарға шұғыл хабарламаны уақтылы беруін, науқасты ауруханаға жатқызуды, байланыста болған адамдарды анықтауды және белгіленген контингенттердің медициналық тексеруден өткізілуін және толық қамтылуын бақылауды;
3) ошақта дезинфекциялау сапасын бақылауды;
4) жануарлар арасындағы дерматомикоз ошақтарын санациялау бойынша қажетті шаралар қолдану үшін жануарлардан адамдарға жұққан барлық жағдайлар туралы ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерді хабардар етуді жүргізеді.
166. Үйде ем алып жатқан науқас балалар толық сауыққанға дейін моншаларға, бассейндерге және шаштараздарға жіберілмейді.
167. Білім беру ұйымдарына баруға емделу курсынан және зертханалық тексерудің теріс нәтижесін алғаннан кейін жол беріледі.
168. Грибок аурулары ошағында байланыста болған балаларды тиісті тексерусіз ұйымдастырылған ұжымдарға қабылдамайды және бір топтан екінші топқа ауыстырылмауы тиіс.
169. Дерматомикоздармен сырқаттанудың әрбір жағдайында ағымдық және қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
170. Дерматомикоз кезінде медициналық ұйымда жүргізілетін дезинфекциялау іс-шаралары:
1) тексеру кабинетінде (қабылдау бөлімінде) әр науқасты тексергеннен кейін барлық заттар, оның ішінде науқас жанасқан заттар грибок аурулары кезіндегі өңдеу режиміне сәйкес ылғалды дезинфекциялаудан өтеді;
2) науқас стационарға түскенде оның киімі және басқа да жеке заттары камералық дезинфекциялануы тиіс, содан соң ол заттар науқас ауруханадан шыққанға дейін қапқа салынып, киім ілгіштерде немесе стеллаждарда сақталады;
3) науқас қолданған киім-кешектерді (төсек жабдықтары, іш киім, орамал, шұлық, носки), сондай-ақ персоналдың халаттары мен орамалдарын кір киімдерге арналған жеке оқшауланған үй-жайда арнайы ыдысқа (бакқа (целлофан/клеенка қапқа) жинайды, зарарсыздандыру және жуу үшін аурухананың кір жуатын орнына тапсырады. Осы жұмыс кезінде персонал әр қолданылғаннан кейін дезинфекцияланатын екінші халат, резеңке қолғап және дәкеден жасалған таңғыш немесе респиратор киеді. Төсек жабдықтарын тасымалдауға арналған қаптарды зарарсыздандыру және жуу тәртібі төсек жабдықтарын зарарсыздандыру сияқты болады;
4) қабылдау бөлімінде науқастарды жуындыруға арналған жөке әрбір пайдаланғаннан кейін қайнаған сумен немесе дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандырылады және таза жөкелерге арналған таңбасы бар ыдыста ұсталады; әрбір науқас шомылғаннан кейін ваннаны дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен зарарсыздандырады;
5) науқас балаларға жеңіл жуылатын және зарарсыздандыруға қолайлы (пластмасса, резеңке) ойыншықтарды ғана пайдалануға жол беріледі;
6) пайдаланылған таңу материалдары (дәке, мақта, дәке тампондары, салфеткалар), сондай-ақ грибокты патологиялық материал (шаш, тырнақ сынықтары, тері қабыршағы) алдын ала зарарсыздандырылмай, жинау және қауіпсіз кәдеге жарату үшін контейнерлерге салынады және кәдеге жаратуға жіберіледі;
7) патологиялық материалы бар зат шынылар пайдаланылғаннан кейін он бес минут бойы 1 % -дық сабынды-содалы ерітіндіде қайнату немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салу арқылы зарарсыздандырылады;
8) құрал-саймандық және жұмыс үстелдері ауысым соңында дезинфекциялау ерітіндісімен суланған шүберекпен сүртіледі;
9) әрбір ауысымнан кейін үй-жай мен жиһазға (оның ішінде кушеткаларға, медициналық шкафтардың сөрелеріне және басқаларына) сабынды, соданы және басқа жуу заттарын қолдана отырып, жылы сумен ылғалды жинау жүргізіледі;
10) рентген (ультрадыбыстық диагностикалау) кабинеттеріндегі жастықтар дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен өңделетін тыстармен қапталады;
11) жинау мүкаммалы қайнату арқылы немесе дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді;
12) төсек жабдықтары (жастықтар, матрастар, көрпелер және тағы басқасы) әр науқас ауруханадан шыққаннан кейін дезинфекциялау камерасында зарарсыздандырылады;
13) науқастың зарарсыздандырудан өтпеген заттарын оның туыстарына беруге жол берілмейді;
14) бір рет пайдаланатын медициналық және зертханалық құрал-сайман алдын ала зарарсыздандырылмай, қауіпсіз кәдеге жарату контейнеріне салынады және жоятын арнайы қондырғыларға жіберіледі.
171. Ошақтарда зарарсыздандыру әдістері:
1) үй-жай және тұрмыстық заттар дезинфекциялау құралымен сүртіледі немесе ылғалдандырылады;
2) науқастарды күту заттары дезинфекциялау ерітіндісіне салынады немесе дезинфекциялау ерітіндісімен мұқият сүртіледі, дезинфекциялау аяқталғаннан кейін сумен мұқият жуылады;
3) киім-кешек (төсек, іш киім), орамал, үшкіл орамал, халаттар, шұлық, колготкалар, таңу материалдары дезинфекциялау ерітінділеріне салынады, залалыздандырудан кейін олар жуылады және шайылады;
4) төсек жабдықтары, сыртқы киім, теріден жасалған бас киім, кілемдер, кітаптар, жұмсақ ойыншықтар камералық дезинфекциялаудан өтеді;
5) аяқ киім, тері қолғаптар камералық дезинфекциялаудан өтеді. Ағымдық дезинфекциялау кезінде ішкі беттерін мемлекеттік тіркеуден өткен және әрекеті қоздырғыштың осы түрін жоюға бағытталған дезинфекциялау құралдарымен ішкі бетіалғалданғанға дейін өңделеді және полиэтилен пакетке екі тәулікке салынады, содан кейін алынады да препараттың иісі кеткенге дейін он сағат бойы желдетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |