Қазақ тілі - қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал
қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден
фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей^І) 8 —
9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады:
татар, башқүрт тілдеріндегі бұл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай
тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер
қүрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз қүрамындағы
еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тіліңце сөздің бірінші буынында еріндік,
кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға
әсер етеді. Бірақ өте өлсіз байқалады, соңдықтан жазуда ескерілмейді;
4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар
орнына қыпшақ тілдеріңце дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі
тіліндегі г, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына
өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, уй, үу, үу) қолданьшады;
6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына үяң б
айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен
түріңце дыбысталады; 7) сөз басыңда қатаң т, қ, к дауыссыздары
жиі қолданылады; 8) сөз басыңца дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) соз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңцары үяңдап кетеді.
Қыпшақ тілдерін ортақ қүбылыстар, екінші жағынан, оларды түркі тіддерінің басқа топтарынан ерекшелейтін белгілер осылар. Ал кене тілдердегі з, д дыбыстарының орнына й дыбысының айтылуы, қатаңцар мен үяңдардың жіктелуі тек қыпшақ тілдеріне ғана емес, жалпы Батыс Хун тармағына тән белгілер.
Қазақ тілінің этногенездік негізі жайлы осы орайда айта кететін бір жай:
Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобына жатады дейтін түрақталған көзкдрасты қостай отырып, оның тек қана қыпшақ тайпалар одағы тіліне ұласа бермейтін кейбір субстраттық қүбылыстары бар екеңцігін атап айту керек. Соңғы уақыттағы зерттеулер ондай қүбылыстар Орхон-Енисей заманьшан, қалса Махмуд Қашқари заманынан тарихта белгілі оғыз тектес халықтар тілдеріне барып жалғасатын-дыгын дәлелдеп отыр.
Томанов М. Махмуд Қашқари XI ғасырдағы түркі тілдерінің фонети-калық қүрылымы туралы "Қазақ тілі мен әдебиеті" жинағы. Алматы, 1971. ІҚазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тобын қүрайтыны, яғни Ноғай ордасы халықтарының негізінде қалыптасқаны да мәлім. Дегенмен, қазақ халқының субстраты қатарыңда басқа да тілдік негіздер болғандығы айқын (ол туралы аддыңғы тақырыпта айтылады). Соған орай қазақ тілінің тек езіне ғана тән ерекшеліктер мынадай: 1) фузияда л~д~ ш сәйкестігі бар; 2) соз басында айтьшатын й ~ ж ~ дж сәйкестігінен қазақ тіліңце ол позицияда ж дыбысы айтылады^ Й дыбысы эпизодтық ыңғайда біріккен сөздер қүрамында сөз ортасында ғана айтылады: тас; 4) қазақ тіліндегі ш қарлүқ тілдеріңдегі ч дыбысына сәйкес, с дыбысы ш дыбысына сәйкес қолданылады; 5) сөздің абсолют басыңда үяңдардан гөрі қатаңцар жиі қодданылады, бірақт~д,б~псәйкестігі сирек те болса ұшырайды; 6) интервокал позицияда т, қ, к дыбыстары үяңдайды, бірақ қазақы, қалмақы тәрізді сөздер қүрамында үяндамай, қатаң сыпатын сақтайды; 7) қазақ халық тілінде мына тәрізді дыбыстар сәйкестіктері бар: а ~ ы (оңтүстік, Қостанай, Түрікменстан түрғындарында жиі), о ~ у (Оңтүстік, Маңқыстау, Түрікменстан, Қарақалпақстан түрғындары тілінде жиі), й ~ ж ~ дж (Шығыс Қазақстан, Шу бойында). Бүл сәйкестіктер көбіне бір тіл қүрамында ғана емес, тілдер арасында кездеседі.' Айталық а ~ ы сәйкестігі түркі тілдері мен чуваш тілі аралығында кездеседі, т.бл
Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің біраз ерекшеліктері әр түрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың, әр түрлі қарым-қатынасқа түсудің нәтижесі іспеттес қалыптасқан.
Ондай жолмен пайда болған ерекшеліктердің бастылары мыналар: 1) араб-парсы мәдениетінің ықпалымен создің абсолют басыңда, бірінші буында з, г, г, ә дыбыстары айтылатын бодцы;
2) Біздің заманымыздың алғашқы жылдарында-ақ Еділ, Жайық төңірегінде мекеңцеген қазақ тайпаларының Шығыс славяндар-мен - орыстармен қарым-қатынасының; ХҮІІІ ғасырда Қа-зақстанның Россия қол астына кіруінің нәтижесінде әбден түрақты сипат алған байланыстың нәтижесінде орыс тілінің қазақ тіліне әсер күшейді. Бұл байланыс, бүл ықпал Октябрь революциясынан кейін мүлдем жаңа сапаға ауысып, қазақтың бүкіл әдеби тіл жүйесінің жаңа бағытта дамуына ықпал жасады. Мүның нәтижесінде қалыпта э дыбысы орнықты.
Достарыңызбен бөлісу: |