Құрылымдардың топтары мен түрлері
Кендердің құрылымдары алты морфогенетикалық топтарға бӛлінеді: түйірлік, коррозиялық, метатүйірлік, коллоидтық, кристаллобластық және катакластық (кластық).
Түйірлік немесе кристалтүйірлік құрылымдар
Түйірлік немесе кристалтүйірлік құрылымдар, кристалды түйірлердің бірігіп ӛсуімен сипатталады, олардың пішіндері және ӛлшемі температураға, қысымға және ерітіндінің құрамына байланысты ӛзгереді. Олар магмалық ошақта, тұзды алаптарда таужыныстардың және кен балқымалардың ашық қуыстарда және сулы ерітінділердің кристалдануында дамиды. Кристалдану процесінде түйірлердің ӛлшемі 0,001 мм- ден бірнеше сантиметрге жететін толық кристалды агрегаттар қалыптасады. Кристалды түйірлердің пішіндері идиоморфты (сирек емес дӛңгелектенген), гипидиоморфты, қаңқалы және аллотриоморфты. Ертерек бӛлініп шыққан минералдардың кристалдары ӛте сирек дұрыс кристаллографиялық пішінді болады. Әдетте, олар қалдықты ерітінділермен кемірілген. Кристалды түйірлер біртектік, белдемдік, секторлык,
егіздіктік және пойкилиттік құрылысты. Пішіндері идиоморфты (гипидиоморфты) және аллотриоморфты түйірлердің арасында ылғи коррозия құбылыстары байқалады.
Пішініне, ӛлшеміне және бірігіп ӛсуіне байланысты, агрегатта түйірлік құрылымдардың әр түрлі морфологиялық түрлері бӛлінеді. Егер агрегат
идиоморфты түйірлермен құрастырылған болса, оның құрылымы идиоморфтытүйірлік, ал егер барлық дерлік түйірлердің келбеті аллотриоморфты болса, сонда агрегаттың құрылымы аллотриоморфтытүйірлік болады. Әр түрлі дәрежедегі идиоморфизмі (идиоморфты, гипидиоморфты және аллотриоморфты) бар түйірлердің бірлестігі гипидиомрфтытүйірлік құрылымын кӛрсетеді. Мұндай бірігіп ӛскендерде ертерек бӛлініп шыққан минералдардың кристалды түйірлерінің идиоморфты және гипидиоморфты, ал кешірек минералдардың аллотриоморфты келбеттері болады. Ол бейкенді минералдардың (оливин, пироксендер, амфиболдар, плагиоклаздар) идиоморфты түйірлерінің кенді минералдардың (магнетит, титаномагнетит, ильменит, пирротин, пентландит, халькопирит және т.б.) ксеноморфты түйірлерімен бірігіп ӛскенін сипаттайды.
Әр түрлі пішінді және ӛлшемді түйірлері бар кристалды агрегаттарға порфирлілеу және пойкилиттік құрылымдар тән. Порфирлілеу құрылымда кешірек аллотриоморфты ұсақ түйірлердің арасында ертерек жаралған ірі кристалдар дарақтары болады. Пойкилиттік құрылымда ірі аллотриоморфты түйірлердің ішіндегі ұсақ кристалдар, ертерек түзілімдер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |