Метатүйірлік құрылымдар
Метатүйірлік құрылымдар таужыныстардың, кендердің және минералдардың орынбасу нәтижесінде, қатты ортада қалыптасқан минералды түйірлермен сипатталады. Мұндай түзілімдер метакристалдарға және метатүйірлерге бӛлінеді.
Әдетте метасоматитті агрегаттарда құрамы мономинералды болады. Химиялық құрамы бойынша кейбір минералдардың метакристалдары сыйстырушы таужыныстар мен кендердің минералдарынан анық ажыратылады, мысалы, таужыныстарда пирит және кобальтин метакристалдары, немесе кварцтағы және таужыныс құрастырушы минералдардағы молибденит метакристалдары, немесе пириттегі энаргит метакристалдары. Бірақ, бұл минералдарда орны басылатын минералдардан алынған жұрнақ элементтер ылғи қоспалар түрінде болады. Кейбір элементтер (темір, титан және басқалары) жай тотықтар түрінде түзіледі және метасоматиттік агрегаттар айналасында ӛзіне тән ореолдар қалыптастырады, мысалы, титаномагнетиттің метасоматиттік орынбасуында пайда болған гематит агрегаттарының айналасындағы лейкоксен мен рутилдың ореолдары.
Метакристалдар деп минералдардың идиоморфты және гипидиоморфты метасоматиттік түйірлері аталады. Минералдардың қысылған ортада метакристалдардың жетілген кристаллографиялық пішіндері, әдетте, қарапайым болады, зор күшпен және кристаллизациялық ӛсу жылдамдылығымен себептенеді. Кейбір минералдар, мысалы, пирит, кобальтин, арсенопирит, магнетит, молибденит, энаргит, кварц, барит, доломит және басқалары орынбасуда, ӛзінің кристалды жақталуын қалыптастыруға қабілетті болады. Кейде жетілмеген қаңқалы және қаптама тәрізді пішіндер байқалады, ол қатты ортаға заттың бір қалапты келмеуімен себептенеді, соның нәтижесінде кристалдардың қабырғалары мен тӛбелері әр түрлі жылдамдықпен ӛседі. Ерітінділер енуіне ынғайлы болатын жіктілік, немесе уатылу жарықшақтарын бойлай созылған жалпақтанған пішінді метакристалдар кездеседі. Метакристалдардың ӛсуі, сыйстырушы ортаның ӛзгермеген учаскесіне қарағанда, жарықшақтарды бойлай тез болғандықтан, олардың пішіндері бұрмаланады. Метакристалдар желішектер мен толтыру желілерді бойлай, сонымен бірге қоршаған минералдардың шекараларында жиі топтасады.
Метатүйірлер деп бұрыс пішінді метасоматиттік түйірлерді атайды. Метатүйірлер халькопирит, сфалерит, борнит, теннантит және басқа минералдарға тән. Бір минералды екіншімен орынбасуында, орны басылған минералдың сыртқы пішіні мен ішкі құрылысы сақталса, мұндай түзілімдерді псевдоморфозалар деп атайды. Орны басылған минералдардың метакристалдары, кемірілу іздері жоқ, кристалдық түзу жақтарымен шектелген. Орны басылған минералда метатүйірлердің шектері тегіс немесе тісті болады.
Метакристалдар және метатүйірлердің белдемдік, секторлык, егіздіктік және елеуіштей құрылысымен айырып алынады. Түйірлердің белдемдік және
елеуіштей құрылысы, осы топтың құрылымдарына типоморфты болады. Метакристалдар мен метатүйірлердің елеуіштей құрылысы, ӛсу кезінде енгізіп алған қоршаған минералдардың кірінділерімен себептенеді. Кейде кірінділер қатты ерітінділердің ыдырау ӛнімдерін кӛрсетеді. Мұндай кірінділер түйірлердің ішінде заңсыз немесе азды-кӛпті біркелкі орналасқан және орны басылған минералдардың, немесе минералдардың орынбасуға келмейтін қалдықтарын кӛрсетеді. Сирек емес метакристалдарды қоршаған минералдардың кірінділері бірдей оптикалық бағытты болады, немесе жіктілік жарықшақтар мен егіздік табақшалары бірдей орналасқаны байқалады. Кейбір метакристалдарда сыртқы белдемдері мүлде кірінділерсіз болады. Тағы қатты кірінділері жоқ метакристалдар кездеседі. Сирек емес орынбасар минералдар орны басылған минералдардың ішкі құрылысын (белдемдікті, егіздікті, жіктілік жарықшақтарын және егіздік шектерін) мұра етеді. Қатты
ортада ӛсуінде, кристаллизация орталықтары бір уақытта
қалыптаспағандықтың нәтижесінде, мономинералды агрегаттарда метакристалдар және метатүйірлер жиі әркелкі ӛлшемді болады
(миллиметрдың жүзден бір бӛлігінен бірнеше сантиметрлерге).
Метасоматиттік агрегаттардың құрылымы, әдетте, әркелкі метатүйірлік.
Метатүйірлік құрылымдар тобында келесі морфологиялық түрлері бӛлінеді: идиоморфтыметатүйірліктік, орайлы метатүйірлік, қаңқалы метатүйірлік, аллтриоморфтытүйірлік және гипдиомортыметатүйірлік, радиады-сәулелі метатүйірлік.
Егер түйірлер ӛлшемдерімен нақты ӛзгешеленсе, сонда порфирометатүйірлік құрылым бӛлінеді. Аталған түрлерінің ішіндегі метасоматиттік кендерде кен тарағаны идиоморфтыметатүйірліктік, аллотриоморфтыметатүйірлік және порфирометатүйірлік.
Достарыңызбен бөлісу: |