Қаңқалық бітімдерді кіргізетін топ
Кенде немесе таужыныста қуыстар пайда болуымен сипатталады, олар минералдардың еру және шаймалау процесінде дамиды. Қуыстар әр түрлі пішінді және ӛлшемді болады. Жиі қуыстың пішіні шаймалаған минералдың түйірінің немесе агрегатының пішініне сәйкес келеді. Ұсақ қуыстар (2 мм тӛмен), ірілері – каверна немесе үңгір деп аталады. Қуыстар сирек емес қиын еритін минералдармен жартылай толтырылған (гѐтитпен, каолинитпен және т.б.).
Кен немесе таужыныстың терең шаймалануында және тотығуында «қаңқалар» құрастырылады, жүйелі қалқалар мен қуыстарды кӛрсетеді, қалқалар тұрақты минералдармен құрастырылған, мысалы, кварц, халцедон, барит, гѐтит, гидрогѐтитпен және т.б. Аталған минералдар кешірек жаралғандар болады және олар уатылу мен жіктілік жарықшақтар, түйірлердің шекарасы бойынша ертеректі минералды агрегатта түзілген.
Ұялы қаңқалардың қуыстар пішіні домаланған, изометриялық түйірлермен құрастырылған (мысалы, лимониттің ұялы қаңқа құрастыруы халькопириттің агрегаттары бойынша болады) минералды агрегаттың шаймалануының нәтижесінде пайда болады.
44
Қуыстарының пішіндері тікбұрышты және үшбұрышты жәшікті қаңқалар, сульфидтердің және карбонаттардың жіктілік жіне дербестелме жарықшақтары бойынша лимонитпен орынбасуында дамиды.
Кеуектік бітім ӛзімен кеуектер жүйесін кӛрсетеді, олар таужыныстарында немесе кендерде тұрақсыз минералдардың және минералды агрегаттарының шаймалануында пайда болған. Кеуектердің пішіні және ӛлшемі әр түрлі болуы мүмкін және олар шаймаланған минералдың немесе минералды агрегаттың келбетіне сәйкес болады. Кеуектер қиындау еритін минералдардың қалдықтарымен немесе жаңадан пайда болған бӛлшектерімен жартылай толтырылуы мүмкін болады. Құыстардың арасындағы қалқасы қиын ерігіш гипогендік және гипергендік минералдармен құрастырылған.
Қаңқалық бітімдер сульфидтік кенорындарын іздеу белгісі есебінде қолданады.
6. нег. [160-202 б.], 7 нег. [ 9-23 б.], 8 нег. [308-370 б.]; 10 қос. [433 б.] Бақылау сұрақтары:
Таңдақты және ұзартылған бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
Сауысты, катакластикалық және кластикалық бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
Коррозиялық және қаңқалы бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |