Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық Әдістері


III — таужыныстар мен кендердің ашық қуыстарын толтыру процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар



жүктеу 1,49 Mb.
бет45/83
Дата22.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34618
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
dyusembaeva paidaly umk kz 2012

III — таужыныстар мен кендердің ашық қуыстарын толтыру процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Таужыныстар мен кендерде эпигенетикалық минералды агрегаттар әр түрлі пішінді және ӛлшемді қуыстарды толтырады. Олар магмалық балқымалардан, магмалық жаратылысты газ-сулы ерітінділерден, атмосфералық жаратылысты жерасты сулардан және метаморфталған сулардан пайда болған. Эпигенетикалық кендер құрамы мен құрылысының әр түрлігімен сипатталады. Ашық қуыстарда минералдар мен минералды агрегаттар, ерітінділерден бір уақытта немесе белгілі реттілікпен түзіледі.
Қалындығы 1см жарықшақтарда кенқұраушы минералдар қабырғаларда біртіндеп жолақшалар түрінде ӛседі, олар бірнеше болуы мүмкін. Жарықшақтардың қабырғаларына жаңасқан жолақшалар – ең ертелері, кеш жолақшалары желінің ортаңғы бӛліктерін толтырады. Желінің құрылысы крустификациялық деп аталады. Кенді желілерде симметриялы крустификациялық жолақшалық байқалады, олар жарықшақтың екі қабырғаларын бойлай бір уақытта бір құрамды және құрамы жолақшақ түрінлде түзілген. Желілерде симметриялы емес крустификация жиі байқалады, онда екі жарықшаның қарама-қарсы қабырғаларын бойлай бір-

60


бірінен құрамы мен құрылымы ерекше минералды агрегаттар түзіледі. Крустификацияны, сонымен бірге, минералды агрегаттардың біртіндеп жолақшалар-сақиналар түрінде, сыйыстырушы таужыныстар немесе кендердің сынықтарын айнала түзілгенде, байқауға болады, олар жарықшақтың ішін жартылай толтырады. Сынықтарды айналған сақиналар саны кейде 10-12 жетеді. Осылай кокардық немесе сақиналы бітім қалыптасады. Крустификациялық жолақшаларда орайлы, гипидиоморфтытүйірлік және сирек аллотриоморфты түйірлік құрылымдар дамиды.
Егер сынықтардың аралары минералды керішпен толтырылса, онда кенқұраушы минералдардың заңды таралғаны байқалмайды, сонда брекчиялық, немесе керіштік бітім қалыптасады. Практикада жиі бірінші атауы қолданады.
Уатылған таужыныстар немесе кендерде ашық жарықшақтарды минералдармен толтыру желішектердің пайда болуына әкеледі, кейде ажырап кейде торлама немесе шарбақты минерадардың бірігіп ӛскендер
түрімен, бір-бірімен қиылысады. Егер желішектер параллел жарықшақтар топтамасын толтырса, онда жолақша бітімді кендер қалыптасады. Желішекті бітім ең әдеттегідей болады және желішектердің кеңістіктегі пішініне, ӛлшемдеріне және орналасуына байланысты, түрін ӛзгертеді. Толтыру желішектері параллель қабырғаларымен сипатталады. Бірақ жарықшақтардың қабырғалары мүлде cәйкес келуі ылғи байқалмайды, ол олардың айырылым жазықтығында жылжуымен байланысты.
Қалындығы 2 см-ден аз жарықшақтарда, толтыратын минералдар әдетте ретсіз орналасқан және жастық ӛзара қарым-қатынастары қиын анықталады. Кейде ұсақ желішектер сегменттік құрылысты, онысы желі құраушы минералдар бір-бірімен алмасуымен айқындалады. Осылай, мысалы, қалындығы 0,3-0,5 мм кварц-энаргитті желішектер, кварц және
энаргитпен кезектесіп толтырылған. Сегменттерді құрайтын
минералдардың шекаралары анық және олар желішектер қабырғаларына нормал бойынша орналасқан. Сегменттік желішектер, сірә, ұсақ жарықшақтарды екі немесе одан кӛп минералдармен толтырғанда қалыптасады, олардың түйірлері бір -бірімен түйіскенше, ерітінділерден бір уақытта кристалданған. Ӛте жұқа жарықшактарды бойлай дендриттер деп аталатын жалпақ және бұтақтасқан түйірлі минералды агрегаттар түзілген.
Сеппелі және таңдақты бітімдер кеуектердің кеңістігін, толық немесе кенқұраушы минералдардың ұсақ қуыстарын толтыруында қалыптасады. Егер қуыстар жақсы қалыптасқан кристалдардың щетке пішініндегі минералды агрегаттармен жартылай толтырылса, онда осындай құрылыс друзалық бітім деп аталады. Доңгелек немесе ұзартылған қуыстарды шетінен орталығына қарай минералдардың

61


қабықтарымен жартылай толтырылса, жеодалық және тасшемендік бітімдер қалыптасады.
Қуыстарда кристалданған балқымалар мен ерітінділерден бӛлінген минералды агрегаттарда түйірлік және коррозиялық бітімдер байқалады. Кейде кристалдануында түзілген минералды агрегаттарда, метатүйірлік құрылымдар байқалады, олар ерте минералдардың
кристалды түйірлерін қалдықты ерітінділер орынбасуында қалыптасады. Осы топтағы метатүйірлік құрылымдар қосымша маңызды болады.
Қуыстарда коллоидты заттар түзілгенде минералдардың белгілі бӛліну ретін анықтауға болмайды. Мұндай кендерден, минералдар сфералық және сауысты пішіндер қалыптастырып, бір уақытта және ретсіз түзіледі. Коллоидты түзілімдер оолиттік, бүйрек тәрізді,
тасберіштік, колломорфтық, қабықтық, сауысты-қабықшалық, сталактиттік және сталагмиттік бітімдермен сипатталады, олар біртіндеп болмашы қашықтықта бір-біріне ӛтеді. Коллоидты минералды агрегаттардың құрылымдарынан гелдік, жасырын кристалдық, концентрлік-белдемдік және перлиттік дамыған.

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау