Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық Әдістері


Құрылымдардың морфогенетикалық топтары және морфологиялық түрлері



жүктеу 1,49 Mb.
бет36/83
Дата22.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34618
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83
dyusembaeva paidaly umk kz 2012

Құрылымдардың морфогенетикалық топтары және морфологиялық түрлері
Құрылымдарды зерттеу әдістері
Әрбір минералды агрегаттың құрылымын зерттеу макроскопиялық және микроскоп арқылы ӛтеді. Ірі түйірлік таскертпелерде, керндарда және жылтырлатқан үлгітастарда құрылымдарын кӛзбен анықтайды. Жылтырлатқан және мӛлдір тастілімдерде орта және ұсақ түйірлі агрегаттардың құрылымдары тек микроскоппен анықталады.
Микроскоп арқылы кен құрастыратын минералдардың пішіні және құрылысы үйектелген, шағылған жарықта (күшті анизотропты мӛлдір емес минералдар үшін), ӛтетін жарықта (мӛлдір минералдар үшін), сонымен бірге қышқылдармен құрылымдық әрекет ету (мӛлдір емес изотроптық және әлсіз анизотропты минералдар үшін).
Оптикалық және химиялық қасиеттері жақын кенді минералдарды анықтау үшін, мысалы, теллуридтерді, қышқылдармен құрылымдық әрекет ету әдісі ӛте маңызды,
Коллоидты заттардың бӛлшектер пішінін, ӛлшемін және құрылысын 40-200 мың есе үлкейтетін электронды микроскоппен зерттейді. Аморфты және
кристалды бӛлшектер рентгенқұрылымдық талдаудың кӛмегімен ӛзгешеленеді.
Минерал түйірлерінің пішіні және ішкі құрылысы
Минерал түйірлері пішіні және ішкі құрылысы бойынша келесі морфогенетикалық топтарға бӛлінеді: кристалды түйірлер, коррозиялы түйірлер, метасоматитті түйірлер, кристаллобласты және класты түйірлер.
Алаптарда және қуыстарда балқымалардың, ерітінділердің және газдардың еркін кристалдану процесінде кристалды түйірлер ӛседі; коррозиялы түйірлер – қаңқалар және жұрнақтар әртеректі минералдарды, қалдықты ерітінділерден бӛлініп шыққан кешірек минералдар кеміруінен пайда болады. Кристалдардың қаңқа пішіндері қысылу жағдайда ӛсуінде, сонымен бірге минералдардың тұтқыр ерітінділерден түзілу процесінде, метасоматиттік орынбасуларында немесе қатты қалпында қайта кристалдануында пайда болады.
Осы жағдайларда кӛректенуі әркелкі болуының себебінде қаңқалы кристалдарда ең басты тӛбелері мен қабырғалары ӛседі.
Таужыныстарды, кендерді және минералдарды ерітінділер және газдар метасоматиттік орынбасуында метасоматті түйірлер пайда болады. Минералды заттардың қатты қалпында қайта кристалдану және
кристалдануында, және қатты ерітінділердің ыдырап кетуінен кристалобластар қалыптасады. Минералды агрегаттардың уату және жапыру процесінде кластық түйірлер (түйірлер мен аморфты заттардың сынықтары мен жарықтары) пайда болады.

46

Пішіндері бойынша минералды түйірлер идиоморфты, гипидиоморфты және аллотриоморфты боп бӛлінеді. Кристалды жақтармен шектелген табиғи кристалдарды Идиоморфты деп атайды. Гипидиоморфты түйірлерге шала дамыған пішіндер тән, олар кристаллографиялық жақтармен жартылай шектелген. Бұрыс пішінді түйірлер, ӛз кристаллографиялық әлпетсіз, аллотриоморфты немесе ксеноморфты деп аталады. Порфир бӛліктері немесе сеппелері деп, басқа кен құрастырушы минералдардың ұсақ түйірлі немесе жасырын кристалды массасында орналасқан ірі идиоморфты, гипидиоморфты және қаңқалы түйірлердіатайды.


Түйірлердің ӛлшемін фотосуретте масштаб арқылы немесе үлгітастарда немесе тастілімдерде тұра анықтайды. текше әлпетті түйірлер үшін бір кӛрсеткішін ӛлшейді, ал қадалы, призмалы, пластинкалы, талшықты және т.б. минералдардың әрбір түйірінің үлкен және ең кіші ӛлшемін анықтайды.
Минералды түйірлерін сипаттайтын ерекшелігі ішкі құрылысы, ол түйірлердің ӛсу жағдайының куәсі болады. Ішкі құрылысы бойынша минералды түйірлер екі топқа бӛлінеді: біртекті және әртекті құрылысымен. Соңғы топта түйірлерді белдемді, секторлы және егіздікті ішкі құрылысымен ерекшелейді. Құрылысы біртекті түйірлердің жақтарын қышқылдармен әсер етіп байқағанда бір түске боялады және оларүйектелген жарықта бір уақытта сӛнеді. Қышқылдармен құрылымдық әсер еткенде, әртекті құрылысты минералдарда белдемдер, табақшалар және әр түрлі пішінді учаскелері үйектелген жарықта және тек кӛзбен кӛрінеді. Кейде магнетит, пирит, куприт және басқа минералдардың кристалдарында және метакристалдардың белдемді жарықшақтары бойынша кешірек минералдардың орынбасу белдемдігі айқындалады.
Түйірде ӛсу белдемдері түсті, жарықсыну және қышқылдармен әсер етілген белдемдігі түрінде кӛрінеді. Оларда әр түрлі химиялық құрамы, құрылысы болады, сондықтан әр уақытта пайда болған белдемдердің қасиеттері әр түрлі. Түйірлердің белдемді құрылысы, олардың ӛсу жағдайының кезендік ӛзгеруінің куәсі (мысалы, белдемдік түйірлер кристалданған ерітінділер құрамының ӛзгеруін, немесе кристалдар ӛсуінің үзілісін кӛрсетеді). Белдемдік бӛтен минералдардың кірінділерімен немесе әр түрлі кеуектердің мӛлшерімен белгіленуі мүмкін.
Белдемдіктін екі түрін айырып таниды. Белдемдіктің бірінші түрі – кристалдардың шеттеріндегі тұрпайы белдемдік – химиялық құрамы тербелуімен байланысты. Белдемдіктін екінші түрі – барлық түйірлер бойынша біркелкі тараған жұқа сызықтар, олар метакристалдардың қабатты ӛсуінің тетігін сипаттайды. Кӛптеген минералдарға белдемді құрылыс тән, ал осы құрылыс ерекшелігі кейбіреулеріне, мысалы, шмальтин, герсдорфит, касситерит, арсенопирит, пиритке және т. б., тұрақты және анықтау белгісі боп пайдалануы мүмкін болады.
Түйірлердің егіздік құрылысы бастапқы болуы мүмкін – ӛсу егіздіктері, және туынды – айналу және қысым егіздігі. Кӛптеген кенді және бейкенді

47


минералдар үшін ӛсу егіздігі тән, мысалы, кварц, гипс, дала шпаттар, магнетит антимонит, сфалерит, халькопириттерге және т.б. Кенді минералдардың қышқылдармен әсер еткен жылтыр бетінде, еңсіз және қалын табақшалар түрінде, дӛнестер пайда болады. Ӛсу егіздігі әркелкі тараған. Олар мономинералды агрегаттың бір түйірінде дамуы және сол агрегаттың басқа түйірлерінде жоқ болуы мүмкін.
Айналу егіздіктерінің пішіндері табақша және ұршық тәрізді болады, және олар жиі айқасады. Олар жоғарғы температуралы халькопирит, кубанит, пирротин және басқа минералдарда кездеседі. Қысымның полисинтетикалық егіздігі түйірлерде динамометаморфизм кезінде пайда болады. Сонымен бірге егіздіктердің ені бірдей жұқа табақшалары құрастырылады, жиі олар уатылу жарықшақтар бойынша жаншылған немесе
деформацияланған. Жарықшақтар бойынша минералдардың қайта кристалданғаны байқалады. Серіктес минералдарда динамометаморфизм іздері байқалады. Егіздік құрылыс сфалерит, халькопирит, пирротин, антимонит және басқа минералдар үшін ең маңызды анықтау белгісі болады.
Түйірлердің әртекті құрылысы тек ӛсу белдемдері, ӛсу пирамидалары, егіздіктерімен ғана емес, сонымен қатар қатты кірінділерімен байланысты болуы мүмкін.
Бір минералдардың ірі кристалдары кейде басқа минералдардың ұсақ түйірлерінің кӛптеген ретсіз кірінділерімен сипатталады, олар ерітінділердің кристалдану немесе қатты күйіндегі заттың қайта кристалдануында иеленіп алынған. Мұндай құрылыс пойкилиттік деп аталады. Тастілімде микроскоппен байқалатын метакристалдар және метатүйірлердегі қатты кірінділер, ӛздерімен қоршаған минералдардың қалдықтарын кӛрсетеді. Қалдықтар (кірінділер) метакристалдар және метатүйірлердің жылтырлатқан беттеріне қосымша кеуекті немесе елеуіш тәрізді құрылыс береді.
Түйірлердегі эмульсия тәрізді кірінділер, сонымен бірге табақша және шарбақша пішінді кірінділер, қатты ерітінділердің ыдырау нәтижесінде құрастырылуы мүмкін болады. Осындай бірігіп ӛскен пішіндер «қатты ерітінділердің ыдырау құрылымдары», деп аталады.
Кейде бір минералдардың коллоидты агрегаттарында эмульсия тәрізді басқа минералдар бӛлшектерінің кірінділері байқалады, олар аралас гелдердің кристалдануынан қалыптасқан. Минералды түйірлеріндегі кешірек кірінділер, олардың орыны басылуынан пайда болады.
Сонымен, қатты кірмелер оларды енгізген минералдармен салыстырғанда, ертерек немесе сол жастағы, немесе кешірек пайда болуы мүмкін; сондықтан кірмелердің жасын анықтау, мұқиятты бақылауларды тілейді.

48





жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау