Коррозиялық құрылымдар
Коррозиалық құрылымдар минералды агрегатта ертерек бӛлініп шыққан минералдардың кристалдар түйірлерін минералжаралу процесінде, ӛзінің
49
химиялық құрамын, температурасын және қысымын ӛзгерткен қалдықты ерітінділермен кемірілуі нәтижесінде қалыптасады. Коррозия процесінде ертерек бӛлініп шыққан минералдардың әлпеті ӛзгереді. Осылай, мысалы, идиоморфты және гипидиоморфты кристалдардың болмашы кемірілуінен қанқалы пішіндер қалыптасады, ал теренірек кемірілгенде кристалдардан тек жұрнақтар қалады. Қалдықтардың орналасуы бойынша кейде бастапқы түйірлердің ӛлшемдері мен пішіндерін елестетуге болады. Мономинералды аллотриоморфтытүйірлік бӛліктерінің орны басылғанда, орны басылған минералда кемірілу шекарасын бойлай кӛптеген жұрнақтар орналасқаны байқалады. Әдеттегідей, бұрыс пішінді түйірлермен салыстырғанда идиоморфты түйірлер орынбасуға қиындау кӛнеді. Кристалдардың ішкі бӛлімдері, кристалдық жақтарымен салыстырғанда жеңіл орынбасылады. Кейбір жағдайда кристалдың жеке ішкі белдемдерінде таңдаулы орынбасу байқалады.
Кешірек бӛлініп шыққан минералдар, қаңқалы және жұрнақты пішінді түйірлердің жарықшақтарын және кемірілу қуыстарын толтырады, ал сонымен бірге оларды керіштейді.
Деффузиялық орынбасу процесінде қалыптасқан кешірек минералдардың метасоматиттік түйірлері, кейде орны басылатын минералдың ішкі құрылысын (белдемдігін, егіздіктіктерін, жіктілік жарықшақтарын және дербестелмелерін) мұра етеді.
Коррозиялық құрылымдардың осы ассоциациясының ертерек және кешірек минералдар арасын тістік шекара сипаттайтын белгісі болады, ол кемірулік құрылымды бӛлуінін негізі болды.
Коррозиялық құрылымдардың тобында келесі морфологиялық түрлер бірігеді: қаң қа лық , бе лдем дік , жұ рн ақт ық жән е кем ір у лік .
Парагенетикалық ассоциацияларда коррозиялық құрылымдар, минералдардың бӛлініп шығуының ретін анықтауында үлкен рӛл ойнайды. Олардың кристалды агрегатта таралуы түйірлік құрылымдарға қарағанда тәуелді болады.
Коррозиялық бітімдер және құрылымдар ұксас морфологиялық түрлерді иеленеді, сондықтан, зерттеушіге морфологиялық бірліктің (минералды агрегат немесе минералды түйір) бірігіп ӛсуінің типын дәл анықтауын қажет етеді. Морфологиялық бірліктердің пішіні бірдей болған жағдайда, коррозиялық бітімдер және құрылымдардың морфологиялық түрлеріне бірдей аттар қолданады. Коррозиялық бітімдер және құрылымдардың морфологиялық түрлерін анықтағанда гипогенді және гипергенді минералдар (бітім) агрегаттарының ӛзара бірігіп ӛскендерін немесе ерте және кешірек ассоциация минералдарының (бітім), ӛзара бірігіп ӛскендерін, бір парагенетикалық ассоциациядағы (құрылым) минералдардың және олардың түйірлерінің ӛзара бірігіп ӛскендерінен айырып алуды білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |