Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет22/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 45-беті 
 
45 
 
2 БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ  
 
2.1  БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫ  БАКАЛАВР  БАҒЫТЫ  БОЙЫНША  ОҚУҒА 
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1. 
Осы 
«Білім 
алушыларды 
бакалавр 
бағыты 
бойынша 
оқуға 
қабылдау 
ережелері»(бұдан  əрі  –  Ережелер)  «Жоғары  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске 
асыратын  білім  беру  ұйымдарына оқуға  қабылдаудың  үлгілік  қағидаларына»,  Қазақстан 
Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  4-бабының 25)  тармақшасына  сəйкес  əзірленген 
жəне  азаматтарды  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университеті  (бұдан  əрі  - 
Университет) бакалавр бағыты бойынша оқуға қабылдаудың тəртібін айқындайды.       
2. Бакалавр бағыты бойынша оқуға  жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік (бастауыш 
жəне  орта  кəсіптік,  орта  білімнен  кейінгі)  жəне  жоғары  (жоғары  кəсіптік)  білімі  бар 
адамдар қабылданады. 
3.  Университеткеоқуға  түсуші  тұлғаларды  қабылдау  мемлекеттік  білім  беру 
тапсырысын  (білім  беру  грантын)  орналастыру,  сондай-ақ  азаматтардың  өз  қаражаты  мен 
басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады. 
4. Университетке оқу түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан 
əрі  -  ҰБТ)  немесе кешенді  тестілеудің  нəтижелері  бойынша берілген сертификаттағы 
балдарға сəйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. 
5.  Кешенді  тестілеу  өткен  жылдардағы  жалпы  орта  (орта  жалпы)  білім  беру 
ұйымдарының  бітірушілері,  техникалық  жəне  кəсіптік  (бастауыш  жəне  орта  кəсіптік,  орта 
білімнен  кейінгі)  білім  беру  ұйымдарының  бітірушілері,  халықаралық  оқушылар  алмасу 
желісі  бойынша  шетелде  оқыған  жалпы  білім  беретін  мектеп  бітірушілері,  ҰБТ-ға 
қатыспаған  жалпы  білім  беретін  мектептердің  бітірушілері,  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде 
оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-
интернаттарының  бітірушілері,  сондай-ақ  оқу  орнын  шетелде  бітірген  тұлғалар  үшін 
өткізіледі. 
5.1 Қайта кешенді тестілеу университетке ақылы негізде қабылдау мақсатында тестілеу 
нəтижесі  бойынша  50  балдан  кем,  оның  ішінде  бейінді  пəннен  7  балдан  кем  жəне  қалған 
пəндерден  4  балдан  кем  сертификаты  бар  ҰБТ  жəне  кешенді  тестілеу  қатысушылары  үшін, 
сондай-ақ ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған тұлғалар үшін өткізіледі. 
5.2  Қосымша  кешенді  тестілеу  университетке  ақылы  негізде  қабылдау  мақсатында 
қайта  кешенді  тестілеу  нəтижесі  бойынша  50  балдан  кем,  оның  ішінде  бейінді  пəннен  7 
балдан кем жəне қалған пəндер бойынша 4 балдан кем сертификаты бар шартты қабылданған 
тыңдаушылар үшін өткізіледі. 
6.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындарына  түсуші  тұлғаларды  ақылы 
негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады. 
Техникалық  жəне  кəсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білімі  бар  (колледж)  тұлғаларды 
жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға 
оқуға қабылдау кешенді тестілеу нəтижелері бойынша жүзеге асырылады. 
Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
Жоғары  білімі  бар  тұлғаларды  жоғары  оқу  орындарына  ақылы  негізде  қысқартылған 
мерзімге  оқуға  қабылдауды  жоғары  оқу  орындарының  қабылдау  комиссиялары  жүзеге 
асырады. 
7.Шетел  азаматтарын  ақылы  негізде  оқуға  қабылдау  Университеттіңқабылдау 
комиссиясы өткізетін əңгімелесу түрінде жүзеге асырылады. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 46-беті 
 
46 
 
8.Университетке  оқуға  қабылдау  кезінде  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
шешімімен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы белгіленеді. 
Ауылдық  білім  беру  ұйымдарын  бітірген  адамдар  үшін  Қазақстан  Республикасының 
жоғары 
оқу 
орындарына 
қабылдау 
квотасы 
белгіленген 
жоғары 
білім 
мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
9.Педагогикалық  мамандықтарға,  арнайы  немесе  шығармашылық  даярлауды  талап 
ететін  мамандықтарға  қабылдау  арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандар  нəтижесін 
есепке  ала  отырып  жүзеге  асырылады.  Мамандықтар  тізбесі  жəне  арнайы  немесе 
шығармашылық емтихандарды өткізу тəртібі осы Ережелердің 1.1 бөлімімен белгіленеді. 
10.Шығармашылық  даярлықты  талап  ететін  мамандықтарға  түсушілер  университет 
қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандар тапсырады. 
Педагогикалық  мамандықтарға 
түсушілер  Университеттіңқабылдау  комиссиясы 
өткізетін арнайы емтихан тапсырады. 
11.Мамандықтар  тізбесі  жəне  арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандарды  өткізу 
тəртібі 
11.1.  Шығармашылық  мамандықтар  бойынша  университетке  оқуға  түсу  кезінде 
өтініштерді қабылдау университетте жүзеге асырылады. 
11.2.  Педагогикалық  мамандықтарға  түсу  кезіндегі  арнайы  емтихан  талапкерлердің 
педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған. 
11.3. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің жəне 
шығармашылық  бағыттағы  кəсіптерді  меңгерудегі  тұлғалық  алғышарттарының  болуын 
анықтауға бағытталған. 
11.4. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы емтиханның саны – біреу. 
11.5. Шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихандардың 
саны – екеу. 
11.6.Талапкерлерден  педагогикалық  мамандықтарға  арнайы  емтихан  тапсыру  үшін 
өтініштер қабылдау университетте 20 маусым мен 4 шілде аралығында жүзеге асырылады. 
Арнайы емтихан 5-14 шілде аралығында өткізіледі. 
11.7.  Талапкерлерден  шығармашылық  емтихандар  тапсыру  үшін  өтініштер  қабылдау 
университет  орналасқан  мекенжай  бойынша  20  маусым  мен  1  шілде  аралығында  жүзеге 
асырылады. 
Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі. 
11.8. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны «Жоғары білімнің 
білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарына оқуға  қабылдаудың 
үлгілік қағидаларының» талаптарына сəйкес бекітіледі. 
11.9.  Арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандарды  ұйымдастыру  жəне  өткізу  үшін 
құрамы ректордың бұйрығымен бекітілетін пəндік комиссиялар құрылады. 
11.10.  Арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандардың  кестесін  (пəннің  атауы,  күні, 
уақыты  жəне  өткізілетін  орны,  консультациялар,  нəтижелерді  жариялау  күні)  қабылдау 
комиссиясының  төрағасы  бекітеді  жəне  құжаттарды  қабылдау  басталғаннан  кешіктірілмей 
талапкерлердің назарына жеткізіледі. 
11.11.  Шығармашылық  емтихандар  25  балдық  жүйе  бойынша  бағаланады,  арнайы 
емтихан – «өтті» / «өтпеді». 
11.12.  Шығармашылық  емтихан  бойынша  10  балдан  төмен  алған  немесе  емтиханға 
келмеген  тұлғалар  осы  мамандыққа  түсу  үшін  кешенді  тестілеуге  ағымдағы  жылы 
жіберілмейді. 
11.13.  Арнайы  жəне  шығармашылық  емтихандар  өткізу  кезінде  осы  Ережелерді 
сақтауды  қабылдау  комиссиясының  жауапты  хатшысы  жəне  оның  орынбасары, 
емтихандарды  өткізуге  тартылған  арнайы  кезекшілер,  техникалық  хатшылар  қамтамасыз 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау