Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет30/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 61-беті 
 
61 
 
2.Ұлттық  білім  берудің  білім  беру  бағдарламаларын  халықаралық  тану,  білім  беру 
ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-
ақ  білім  беру  сапасын  арттыру  жəне  білім  берудің  барлық  деңгейлерінің  сабақтастығын 
қамтамасыз ету үшін университетте бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады. 
3.Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің 
біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы,  білім  алушының  пəндерді 
таңдауы жəне реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады. 
4.Кредиттік  оқыту  технологиясы  кезінде  оқу  жұмысының  еңбек  сыйымдылығының 
есебі  кредит  арқылы  өлшенетін  оқытылатын  материалдың  көлемі  бойынша  жүзеге 
асырылады. 
5.Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша  бұрын 
меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады. 
6. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 
1)  академиялық  еркіндік  -  білім  беру  үрдісінің  субъектілеріне  оларды  таңдау  бойынша 
жиынтық  пəндерден,  оқытудың  қосымша  түрлерінен  білім  мазмұнын  дербес  анықтау  үшін 
жəне  білім  алушылардың,  оқытушылардың  шығармашылық  дамуына  жəне  оқытудың 
инновациялық технологиялары мен əдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру 
қызметін  ұйымдастыру  үшін  ұсынылатын  білім  беру  процесі  субъектілерінің  өкілеттіктер 
жиынтығы; 
2)  академиялық  кезең  (Теrm)  -  үш  нысанның  біреуін  таңдайтын  өз  білім  беру 
ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан; 
3)  академиялық  күнтізбе  (Асаdеmіс  Саlеndar)  -  оқу  жылы  бойына  демалыс  күндерін 
(каникулдар  мен  мерекелерді)  көрсете  отырып,  оқу  жəне  бақылау  іс-шараларын,  кəсіби 
практикаларды өткізу күнтізбесі; 
4) академиялық мобильдік - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі 
бір  академиялық  кезеңге:  семестр  немесе  оқу  жылына  өзге  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде 
немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде 
тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер 
жүргізу үшін ауыстыру; 
5)  академиялық  сағаткесте  бойынша оқу  сабақтардың  (аудиториялық  жұмыс)  барлық 
түрлері немесе жеке бекітілген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс 
жұмысының уақыты; 
6)  белсенді  үлестірмелі  материалдар  (КҮМ)  (Hand-оuts) -  білім  алушының  тақырыпты 
шығармашылықпен  табысты  меңгеру  үшін  оқу  сабақтарында  таратылатын  көрнекі 
безендірілген материалдар (дəріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз 
бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар); 
7) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде 
бір пəннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру 
сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рəсім; 
8)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  (Qualification  Eхamination)  -  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  қарастырылған  оқу  пəндерінің  игеру  дəрежесін 
немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рəсім; 
9)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістігі  -  білім  алушылардың  оқу  үдерісінде  алатын 
жəне  жеке  тұлғаның  қол  жеткізген  даму  деңгейін  көрсететін  білімі,  іскерліктері  мен 
дағдылары, құзыреті; 
10)  білім  алушылардың оқудағы  жетістіктерін  бақылау  - жоғары оқу  орындары  дербес 
анықтайтын  бақылау  мен  аттестаттаудың  əртүрлі  нысандары  арқылы  (ағымдық,  межелік, 
қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру; 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 62-беті 
 
62 
 
11)  білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  əрі  -  БӨЖ)  -  өз  бетінше  оқуға 
берілген,  оқу-əдістемелік  əдебиеттермен  жəне  ұсынымдармен  қамтамасыз  етілген,  тест, 
бақылау  жұмыстары,  коллоквиумдар,  рефераттар,  шығармалар  мен  есеп  берулер  түрінде 
ақыланатын  тақырыптардың  нақты  тізбесі  бойынша  жасалатын  жұмыс;  білім  алушының 
санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан əрі  - СӨЖ), магистранттың өзіндік 
жұмыстары  (бұдан  əрі  -  МӨЖ)  жəне  докторанттың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  əрі  -  ДӨЖ) 
болып  бөлінеді;  БӨЖ-дің  барлық  көлемі  білім  алушылардан  күнсайын  өзіндік  жұмыстарды 
талап ететін тапсырмалармен расталады; 
12)  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  -  академиялық  кезең  ішінде, 
оқытушымен  өткізілетін  аудиториялық  жəне  аудиториялардан  тыс  сабақтарда  білім 
алушылардың білімін оқу бағдарламасына сəйкес жүйелі түрде тексеру; 
13)  білім  алушының  академиялық  рейтингі  (Rating)  -  аралық  аттестаттау  нəтижелері 
бойынша  жасалатын  білім  алушының  оқу  бағдарлама  пəнін  игеру  деңгейінің  сандық 
көрсеткіші; 
14)  білім  беру  бағдарламаларын  модульдік  негізде  құрастыру  -  білім  беру 
бағдарламасының  мазмұны  мен  құрылымын  оқытудың  мақсатына  сай  білім  алушының 
кəсіби  құзыреттілігінің  жиынтығы  болатын  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  тұжырымдамасы 
негізінде кəсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы; 
15)  екі  дипломдық  білім  –  екі  тең  бағалы  диплом  немесе  бір  негізгі  жəне  екінші 
қосымша диплом алу мақсатында білім беру бағдарламалары жəне оқу жоспарлары бойынша 
параллель оқу мүмкіндігі; 
16Еуропалық трансферт (аударым) жəне несиелік жинақтау жүйесі (ECTS)білім беру 
траекториясы,  оқу  орны  жəне  оқыту  елі  ауысқан  жағдайда  білім  алушылардың  игерген  оқу 
пəндерін  (кредит  мен  бағаларын  қоса  алғанда)  салыстыру  жəне  қайта  сынақтан  өткізуде 
пайдаланылатын  білім  беру  бағдарламалары  компоненттеріне  сынақ  бірліктерін  (несие) 
белгілеу əдісі; 
17)  жеке  оқу  жоспары  (бұдан  əрі  -  ЖОЖ)  -  білім  алушымен  ҮОЖ  жəне  элективті 
пəндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен əрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу 
жоспары; 
18)  кредит  (Credit,  Credit-hour)  -  білім  алушының/оқытушының  оқу  жұмысы  көлемін 
өлшейтін сəйкестендірілген бірлігі; 
19)  кредиттік  оқыту  технологиясы  -  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу  жұмысы 
көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану  арқылы, білім алушының 
пəндерді таңдауы жəне реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту; 
20)  қорытынды  бақылау  -  емтихан  түріндегі  аралық  аттестаттау  кезеңінде  жүргізілген 
оқу  пəні  бағдарламасын  бағалау  сапасының  мақсатын  игеру,  білім  алушылардың  оқудағы 
жетістігін  бақылау;  егер  бірнеше  академиялық  кезеңдер  барысында  пəндер  оқытылатын 
болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пəндерге бөлімдер бойынша, қорытынды 
бақылау жүргізіледі; 
21)  межелік  бақылау  -  бір  оқу  пəнінің  ірі  бөлімін  (модулін)  аяқтағанда  білім 
алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; 
22)  модуль  –  білім  алушылардың  білімі,  білігі,  дағдысы  жəне  құзыреттілігі  бағалау 
критерийлеріне  сəйкес  келетін  нақты  тұжырымдалған,  дербес,  білім  беру  нəтижелері 
тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі; 
23)  модульдік  білім  беру  бағдарламасы  -  білім  алушылардың  қандай  да  бір  дəреже 
жəне/немесе  біліктілік  алуы  үшін  қажетті  негізгі  құзыреттіліктерді  меңгеруіне  бағытталған 
оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы; 
24)  модульдік  оқыту  -  білім  беру  бағдарламаларын,  оқу  жоспары  мен  оқу  пəндерін 
модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тəсілі; 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау