Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет19/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 39-беті 
 
39 
 
- Ақырғы мəтінді даярлау. 
- Кейстің түсаукесері, талқылауды ұйымдастыру. 
 
3.5 Кейс технологиясының нəтижесі 
-дағды - өзін-өзі талдау, сараптамалық, практикалық, бейімділік, шеберлік, əлеуметтік; 
-  жеке  тұлғалық  даму  -  қабілеттілік,  қызығушылық,  мақсаткерлік,  көшбасшылық, 
бейімділік, ұстамдылық; 
-  шеберлік  -  кəсібилік,  жылдам  шешім  қабылдау,  шешімді  тез  іске  асыру;  алғырлық, 
нақты жағдайға баға берушілік, танымдық қасиеттерін жетілдіру. 
 
3.6 Кейс технологиясының дидактикалық құралдары 
Білім  алушыларды  қашықтықтан  оқыту  оқу-əдістемелік  материалдарымен  қамтамасыз 
ету үшін, білім беру бағдарламалық пəндері бойынша электрондық оқу-əдістемелік кешендер 
болуы керек.Электронды оқыту-əдістемелік кешендер білім алушылардың бекітілген жұмыс 
оқу  бағдарламасы  бойынша  жəне  типтік  оқу  бағдарламасымен  сəйкес  əзірленуі 
керек.Электрондық  оқу-əдістемелік  кешен  міндетті  жəне  қосымша  комплектілерден  тұруы 
тиіс. 
Міндетті комплекті мыналардан тұрады: 
- типтік оқу бағдарламасы; 
-  пəннің  мазмұны;  күнтізбелік-тақырыптық  жоспар,  қолданылатын  əдебиеттер  (негізгі 
жəне  қосымша)  тізімі,  модульдерге  бөлінген  курс  мазмұны;  қашықтан  өткізілетін  кеңестер 
кестесі енгізілген жұмыс оқу бағдарламасы; 
- лекцияның электрондық конспектісі; 
- практикалық жəне семинар сабақтарының материалдары; 
- зертханалық практикум (тапсырмалар, мысалдар, əдістемелік нұсқаулар); 
-  білім  алушылардың  өзіндік  жұмысына  тапсырмалар  жəне  білім  алушылардың 
оқытушы жетекшілігімен ұйымдастырылатын өзіндік жұмысына тапсырмалар; 
-  аралық  бақылау  ұйымдастыруға  материалдар  (бақылау  жұмыстары,  тестілеу 
тапсырмалары, дара тапсырмалар жəне басқалар); 
қорытынды  бақылау  ұйымдастыруға  материалдар  (тестілеу  емтихандық  тапсырмалар, 
емтихан сұрақтары, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары). 
-  қосымша  комплекті  курстық  жұмыстарды  дайындауға  арналған  əдістемелік 
кешендерден,  үйрету  сипатындағы  компьютерлік  бағдарламалардан,  тренажерлардан, 
репетитордан,  мультимедиалық  анықтамалық-əдістемелік  кұралдардан  жəне  пəннің  оқу 
материалдарын  игеруге  көмектесетін  басқа  материалдардан  тұрады.  Оқу-əдістемелік 
қамтамасыздандыру  жеке  жəне  жүйелі  өздігінше  жұмыс  жасауға,  білім  алушылардың 
аттестаттауға дайындығына жеткіліктіболуы керек. 
Электрондық  оқу-əдістемелік  кешеннің  қызметі  мемлекеттік  жалпыға  міндетгі  білім 
беру  стандартына  сəйкес  болуы  тиіс.Университетте  қашықгықтан  оқуды  жүзеге  асырушы 
білім  беру  ұйымы  ретінде  оқу  материалдарын,  телекоммуникациялық  жəне  спутниктік 
байланыс  арналарынан  берілуге  арналған  материалдарды,  мемлекетгік  атгестаттаудың 
қорытынды,  аралық  жəне  ағымдық  материалдарын  дайындайды,  көбейтеді  жəне  олармен 
əрбір білім алушыны қамтамасыз етеді. 
 
3.7Кейспен  жұмыс  істеуді  ұйымдастыру:  Нұсқалары  өте  көп,  бұл  оқытушының 
шығармашылығы  үшін  мүмкіндік.  Біз  жұмыс  ұйымдастыруға  болатын,  максималды 
жалпыланған сабақ үлгісін ұсынылады.  
Сабақты ұйымдастыру сатылары 
Бірлескен іс-əрекетке жұмылу сапасы: 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 40-беті 
 
40 
 
Бұл  сатының  негізгі  міндеті:  бірлескен  іс-əрекетке  дəлелдеме  құру,  талқылауға 
қатысушылардың  бастамаларының  айқындалуы.  Бұл  сатыда  келесі  жұмыс  шкалары  болуы 
мүмкін: 

кейс-стади 
мəтіні 
студенттерге 
өз 
бетімен 
зерделеу 
жəне 
сұрақтарға 
жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуімүмкін. 
-  сабақ  басында  тыңдаушылардын  кейс-стади  материалдарын  білуі  жəне  талқылауға 
қызығушылығы анықталады. 
-  кейс-стади  негізінде  жатқан  басты  мəселе  анықталады,  жəне  ол  курстың  сəйкес 
бөлімімен үйлестіріледі. 
Біріккен іс-əрекетті ұйымдастыру сатысы: 
Бұл  сатыныц  негізгі  міндетімəселелені  шешуге  арналған  іс-əрекетті  ұйымдастыру.  Іс-
əрекет  кішігірім  топтарға  біріктірілуі  жəне  жеке  болуы  мүмкін.  Тыңдаушылар  оқытушы 
берген  қандай  да  бір  анықталған  уақыт  көлемінде  сұраққа  ұжымдық  жауап  дайындау 
үшінуақытша  кішігірім  топтарға  бөлінеді.  Əрбір  кішігірім  топтарда  (басқа  топтардан 
тəуелсіз)  жауаптарды  салыстырулар,  оларды  өңдеу,  тұсаукесер  үшін  рəсімделетін  жеке  бір 
көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Əрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады 
немесе  тағайындалады.  Егер  кейс  сауатты  құрылған  болса,  онда  топтардың  шешімдері 
сəйкес  келмеуі  керек.  Спикерлер  топтардың  шешімін  таныстырады  жəне  сұрақтарға  жауап 
береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады жəне бағыттайды. 
Талдау  жəне  біріккен  іс-əрекеттің  рефлексиясы  сатысы:  Бұл  сатының  негізгі  міндеті  - 
кейспен жұмыстың нəтижелерімен білімдік жəне оқытулық нəтижелерін айқындау. Сонымен 
қатар,  бұл  сатыда  сабақтың  ұйымдастырылуының  тиімділігі  талданады,  біріккен  іс-əрекетті 
ұйымдастырудың  түйінді  мəселелері  анықталады,  ары  қарай  жұмыс  жасау  үшін  міндеттер 
қойылады.  Оқытушы  əрекеттері  келесідей  болуы  мүмкін:  оқытушы  кейс-стадиді  талқылау 
үрдісін  жəне  барлық  топтардың жұмысын талдай  отырып  пікірталасты  аяқтайды, оқиғаның 
шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады. 
 
 
      
 
1.12  ҚАШЫҚТЫҚТАН  БІЛІМ  БЕРУ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ  БОЙЫНША  ОҚУ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1. Осы Қашықтықтан білім  беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру 
ережесі  (бұдан  əрі  –  Ереже)  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27 
шілдедегі  Заңының  4-бабының 29)  тармақшасына,  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне 
ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан 
білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына» (бұдан əрі – 
Қағида)  сəйкес  əзірленген  жəне  қашықтықтан  білім  беру  технологиялары  бойынша 
университеттің оқу процесін ұйымдастыру тəртібін айқындайды. 
2.Қашықтықтан  білім  беру  технологияларын  (бұдан  əрі  -  ҚБТ)  іске  асыру  мынадай 
түрлер  бойынша  жүзеге  асырылады:  ТВ-технология,  желілік  технология  мен  кейс-
технология. 
3.Қашықтықтан  білім  беру  технологияларының  субъектілері  білім  алушылар, 
педагогикалық қызметкерлер жəне қосымша білім беруді оқып үйрену бағдарламаларын іске 
асырушы ұйымдар болып табылады. 
4.ҚБТ-ны білім беру ұйымдары өз бетінше іске асырады. 
5.Осы Ережедегі терминдер мен анықтамалар Қағидадағы 5-бапқа сəйкес анықталады.  
2.Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тəртібі 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау