Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 51-беті
51
Бұл ретте оған білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін
көрсету шартында белгіленген жəне азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын
соманы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады. Бірақ ол банктен анықтама алған сəттен бастап
төрт аптаға жарамды.
40.Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды
куəландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғалар оқуға
қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тəртіппен
нострификациялау рəсімінен өтеді.
41.Университет білім беру саласындағы уəкілетті органға белгіленген нысан бойынша
жəне белгіленген мерзімде ақпарат ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін он күндік мерзімде
қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау
туралы бұйрықтардың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері
куəліктерінің түпнұсқасын жəне университетке келмеген тұлғалардың мəліметтерін (Т.А.Ə.,
мамандығы) ұсынады.
42.«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында» регламенттелмеген мəселелерді
университет қабылдау комиссиясыдербес түрде шешеді.
2.2 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ МАГИСТРАТУРА БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҚУҒА
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 Жалпы ережелер
1.Осы
Білім
алушыларды
магистратура
бағыты
бойынша
оқуға
қабылдау
ережелері(бұдан əрі - Ережелер) «Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына», "Білім туралы"
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сəйкес əзірленді жəне
азаматтарды Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті (бұдан əрі университет)
магистратурасынақабылдаудың тəртібін айқындайды.
2.Университет
магистранттарының
контингентін
қалыптастыру
ғылыми
жəне
педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру,
сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты жəне басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі
арқылы жүзеге асырылады.
Егер азамат білім беру деңгейлерінің əрқайсысында бірінші рет білім алатын болса,
Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік білім беру тапсырысына сəйкес
конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы
деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді
мемлекеттік білім беру тапсырысына сəйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сəйкес конкурстық негізде тегін
жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарымен айқындалады.
3.Университет
магистратурасына
азаматтарды
қабылдау
түсу
емтихандардың
қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4.Магистратураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау күніне дейін он бес күнтізбелік күннен
кешіктірілмей жарияланады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 52-беті
52
5.Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша
оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттарды даярлауды жүзеге
асыратын базалық ЖОО-да (бұдан əрі - базалық ЖОО) жүзеге асырылады.
6.Университет магистратурасына оқуға түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден
30 шілдеге дейін жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25
тамызға дейін жүргізіледі.
2 Білім алушыларды магистратура бағыты бойынша оқуға қабылдау тəртібі
Магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тəртібі
7.Магистратураға, резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген
азаматтар қабылданады.
8.Университетте құжаттарды қабылдау жəне түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру
үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы университет
ректоры болып табылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы университет ректоры бұйрығымен бекітіледі.
9.Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар
университет магистратурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне жəне даярлау бейініне
сəйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рəсімінен өтулері
қажет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан
Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде танылады.
10.Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) университет ректорының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) осы Ережелердің 12-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест
тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы жəне еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек
өтілі бар тұлғалар үшін);
5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7) жеке куəлігінің көшірмесі;
8) ғылыми жəне ғылыми-əдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
Сонымен қатар, осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері жəне салыстыру
үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар
қайтарылады.
Түсу емтихандарын өткізу тəртібі
11.Магистратураға түсуші тұлғалар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс, араб тілін білу талап
етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
2) мамандық бойынша тапсырады;
12.Мынадай емтихандар бойынша:
- ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm
(TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing
Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл -
кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде
6.0);
- неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1
деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
Достарыңызбен бөлісу: |