Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 47-беті
47
етеді. Арнайы жəне шығармашылық емтихандарды ұйымдастыруды жəне өткізуді
университет жүзеге асырады.
11.14.Шығармашылық емтихандарды өткізу қорытындылары бағалау ведомостары-
мен, арнайы емтихан – жіберу ведомостымен, пəндік комиссияның еркін нысандағы
хаттамасымен ресімделеді жəне жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нəтижелерді
жариялау үшін беріледі. Пəндік комиссияның хаттамасына төраға жəне комиссияның
барлық мүшелері қол қояды.
11.15. Арнайы немесе шығармашылық емтихандардың нəтижелері емтихан өткеннен
кейін келесі күні ілінеді.
11.16. Талаптарды сақтауды жəне арнайы немесе шығармашылық емтихандарды бағалау
кезіндегі даулы мəселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнайы немесе шығармашылық
емтихандарды тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында
университетте апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық
комиссиялар
арнайы
немесе
шығармашылық
емтихандардың
нəтижелерімен
келіспейтін
тұлғалардың
өтінімдерін
қарастыру
үшін
құрылады.
Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы университет ректорының бұйрығымен
бекітіледі.
11.17. Апелляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына арнайы немесе
шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлға жеке береді. Өтініш арнайы немесе
шығармашылық емтихандар нəтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін
қабылданады жəне оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
11.18. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар нəтижелерімен келіспеу туралы
апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен
қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып
табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның жəне комиссия мүшелерінің
барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
11.19. Университет күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уəкілетті органға
арнайы немесе шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі
қорытынды есепті, сондай-ақ арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсыру туралы
бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
2 Университетке оқуға қабылдау тəртібі
Кешенді тестілеу өткізу
12. Кешенді тестілеу тізбесі білім беру саласындағы уəкілетті органның бұйрығымен
бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары)
өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу тұлғаның
таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.
13. Жергілікті жерде ұйымдастыру жəне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
жəне тəртіпті сақтау үшін білім беру саласындағы уəкілетті органның шешімі бойынша
жоғары оқу орындарынына түсетін тұлғаларға кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу
жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан əрі - мемлекеттік комиссия) құрылады.
14. Кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру
үшін базалық жоғары оқу орындарына білім беру саласындағы уəкілетті органның өкілдері
жіберіледі.
15. Кешенді тестілеуге қатысу үшін университет қабылдау комиссиясына белгіленген
үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат
немесе техникалық жəне кəсіптік (бастауыш немесе орта кəсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу
орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 48-беті
48
түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама,
сондай-ақ жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
16.1. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін университет қабылдау комиссиясына
белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені
туралы аттестат немесе техникалық жəне кəсіптік (бастауыш немесе орта кəсіптік, орта
білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы
төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық
анықтама, жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді
тестілеу тапсырғаны туралы сертификатын тапсырады.
16.2. Қосымша кешенді тестілеуге қатысу үшін шартты қабылданған тыңдаушы
университет қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, тестілеуді өткізу
үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, жеке басын
куəландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде
аралығында, қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін - 1-8 тамыз, шартты қабылданған
тыңдаушылардың қосымша кешенді тестілеуге қатысуы үшін - 5-12 қаңтар аралығында
университет қабылдау комиссиясы жүргізеді.
18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында, қайта кешенді тестілеу – 19-24 тамыз,
шартты қабылданған тыңдаушылар үшін қосымша кешенді тестілеу – 20-24 қаңтар
аралығында өткізіледі.
19. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта
білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пəн: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу
тілі), Қазақстан тарихы, математика жəне таңдау пəні бойынша өткізіледі.
Таңдау пəндері жəне ҰБТ мен кешенді тестілеудің бейінді пəндері көрсетілген
мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
20. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.
21. Кешенді тестілеу өткізу кезінде бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға,
емтихан материалдарын алмастыруға, көшіріп жазуға, оқулықтар мен басқа да əдістемелік
əдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге жол
берілмейді.
22.Түсуші осы Ережелердің 21-тармағын бұзған жағдайда білім беру саласындағы
уəкілетті органның өкілі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сəйкес нысан бойынша тыйым
салынған затты тəркілеу жəне үміткерді шығару актісін жасайды жəне тестілеу нəтижелерін
жою туралы шешім қабылдайды.
23.Кешенді
тестілеуге
берілген
уақыт
аяқталғаннан
кейін
түсуші
емтихан
материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда білім беру саласындағы уəкілетті органның
өкілі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сəйкес нысан бойынша акт
жасайды. Бұл ретте аталған тұлғаның емтихан материалдарының нəтижелері өңделмейді.
24.Əрбір пəн бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Əрбір тест тапсырмасының
дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
25.Кешенді тестілеу нəтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу
орнында өткізіледі.
26.Дұрыс жауаптар коды тестілеу нəтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді.
27.Кешенді тестілеу нəтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні
жариялайды.
28.Кешенді тестілеу нəтижелері бойынша əрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген
үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі
күнтізбелік үш күн ішінде береді.
Достарыңызбен бөлісу: |