Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 49-беті
49
29.Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды жəне даулы
мəселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау
мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия
(бұдан əрі – Республикалық апелляциялық комиссия) жəне əрбір базалық жоғары оқу
орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия кешенді тестілеудің нəтижелерімен жəне/немесе тест
тапсырмаларының мазмұнымен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру
саласындағы уəкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
30.Апелляциялық комиссияның төрағасы оның мүшелерінің арасынан білім беру
саласындағы уəкілетті органның бұйрығымен бекітіледі, ал оның құрамын кешенді тестілеуді
ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітеді.
31.Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының
мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды жəне қарайды,
Республикалық апелляциялық комиссияға тұлғаға балдар қосу туралы ұсыныс енгізеді жəне
оны апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.
32.Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия
төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер
бойынша өтініштер кешенді тестілеу нəтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-
ге дейін қабылданады жəне апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш
берушінің өзімен бірге оның жеке басын куəландыратын құжаты, тестілеуге жіберу
рұқсаттамасы болуы керек.
Апелляциялық комиссия əр тұлғамен жеке тəртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық
комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық
комиссияның
жұмысын
апелляциялық
комиссияның
төрағасы
басқарады.
33.Тестілеудің нəтижесімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия
мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған
жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Апелляциялық
комиссияның жұмысы төрағаның жəне комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған
хаттамамен ресімделеді.
34. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның тұлғаға балдар
қосу туралы ұсынысының негіздемесін қарайды жəне шешім қабылдайды.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы
санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауысы
шешуші болып табылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төраға жəне барлық комиссия
мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Жоғары оқу орындарына қабылдау
35.Студенттер қатарына қабылдауды университет қабылдау комиссиясы 10-28 тамыз
аралығында өткізеді.
Оқуға түсушілер университет қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен
бірге жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік (бастауыш жəне орта кəсіптік, орта білімнен
кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін,
086-Унысанындағы медициналық
анықтаманы,
ҰБТ
немесе
кешенді
тестілеу
сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куəлікті (бар болса) қоса
береді.
Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 50-беті
50
жəне мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар келесі құжаттардың
бірін:
1) еңбек кітапшасын;
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса)
қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мəліметтер тізбесі);
3) жұмысшының еңбек қызметі туралы мəліметтерді қамтитын мұрағаттық
анықтаманы қоса береді.
Егер жалпы орта немесе техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы
құжаттары бартұлғалар кешенді тестілеу, сондай-ақ қайта кешенді тестілеу нəтижесі
бойынша 50 балдан кем, оның ішінде бейінді пəннен 7 балдан кем жəне қалған пəндерден 4
балдан кем алған жағдайда күндізгі оқу нысаны бойынша бірінші академиялық кезең
аяқталғанға дейін ақылы негізде шартты тыңдаушы ретінде қабылданады.
Шартты қабылдауға тыңдаушы ретінде үміткер тұлғалар университет қабылдау
комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта немесе техникалық жəне
кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (түпнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6
фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, кешенді тестілеу немесе
қайта кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.
Қосымша кешенді тестілеу нəтижесі бойынша белгіленген шекті балды алған
жағдайда шартты қабылданған тыңдаушылар университет ректорының атына ақылы
негізде университетке оқуға қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке қосымша кешенді
тестілеу сертификаты мен уəкілетті тұлғаның қолы қойылған жəне мөрмен расталған
транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
36.Білім беру грантын тағайындау туралы куəлік алған тұлғалар куəлікте көрсетілген
жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді жəне жоғары оқу орны ректорының
бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куəлік
иегерлері өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына
қабылданады.
37.Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нəтижелері бойынша
мынадай пəндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы,
математика жəне таңдау пəнінен кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы
ғылымдары» жəне «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл,
басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
кемінде 65 балл, оның ішінде бейінді пəннен кемінде 7 балл (əрбір шығармашылық емтихан
бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пəндерден кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен
жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге
қатысушылар қабылданады.
38.ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пəндердің біреуінен 4 балдан
кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын
тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.
Оқуға қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар
бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнайы емтиханның нəтижелерін есепке ала
отырып жүргізіледі
39.Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдесе, ол
құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ұсынған
жағдайда университеттің студенті қатарына қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |