2018 жылдың І тоқсанында атқарылған шаралар
Қазіргі уақытта ауданымызда барлығы 109 спорттық нысан бар. Жаңадан салынып жатқан спорттық нысандар есебінен аудандық спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында соңғы 2 жылда «Абай» саябағына және Жангельдин көшесіндегі №38, №38/1 бес қабатты тұрғын үйдің ауласына «Workaut Street» спорт көше жаттығу алаңы, аудан бюджетінен Зайсан қаласында құны 58 млн теңге болатын «Жекпе-жек» күрес залы, Қаратал, Үлкен Қаратал және Қарабұлақ ауылдарында әрқайсысының құны 38 млн теңге болатын спорт модульдері салынды.
Қазіргі таңда аталмыш нысандарда дзю-до күресінен, бокстан, қол күрестен, гір көтеру, қазақ күресі, еркін күрес, волейбол үйірмелері үздіксіз жұмыс істеуде. Аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін тек жабық жүзу бассейнінен басқа жоғарыда аталған барлық спорттық нысандар ақысыз түрде қызмет көрсетеді. Жабық жүзу бассейні ересектерге ақылы түрде, оқушыларға тегін қызмет көрсетсе, 29 жасқа дейінгі жастарға 50 пайыз жеңілдік жасалынып отыр.
Бөлімге қарасты Зайсан ауданы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде барлығы 30 жаттықтырушы 752 баланы тәрбиелеуде.
Аудан бойынша ауыл округтарының балалары да спортпен шұғылданудан тыс қалып отырған жоқ. Ауылдық округтерде спорт мектебінің оқулық топтары жұмыс істейді. Айнабұлақ ауылында – волейбол мен футбол топтары, Қараталда – футбол, жеңіл атлетика, Үлкен Қаратал ауылында – қазақ күресі, Дайыр ауылында – еркін күрес, Қарабұлақта – футбол, қазақ күресі, Біржан ауылында – еркін күрес, Шілікті ауылында – волейбол, қазақ күресі, Сартерек ауылында – бокс, Кеңсай ауылында – волейбол топтары жұмыс істейді. Футбол бөлімінде 166 оқушымен 7 жаттықтырушы, волейбол бөлімінде 240 оқушылармен 9 жаттықтырушы, еркін күрес бөлімінде 170 оқушымен 6, қазақ күресі бөлімінде 84 баламен 4, бокс бөлімінде 42 оқушымен 2 жаттықтырушы және жеңіл атлетика бөлімінде 50 оқушымен 2 жаттықтырушы жұмыс істеуде. Аталмыш жаттықтырушылардың 13 штатта, аудан бойынша жасөспірімдерді қамту мақсатында ауылдық жерлерде толық емес сағатпен қосымша 17 жаттықтырушы жұмыс істеуде.
Ал, аудандық балалар-жасөспірімдер «Сайхан» спорт клубында спорттың 11 түрінен 18 жаттықтырушы, оның ішінде дзю- до, қазақ күресі, дойбы, волейбол үйірмелері бойынша Қаратал, Қарабұлақ және Айнабұлақ ауылдарында 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда, «Сайхан» спорт клубында 18 үйірме бойынша 751 бала, атап айтқанда, дзю-до күресінен 239 бала, қазақ күресінен 46 бала, үстел теннисінен 27 бала, жеңіл атлетикадан 37 бала, гір спортынан 57, волейболдан 99 бала, бокстан 40, қол күресінен 33 бала, дойбыдан 67 бала, шахматтан 32 бала, жабық жүзу бассейнінде 74 бала жаттығуда.
Бұқаралық спортты дамыту барысында жыл басынан бері аудандық, облыстық деңгейде 22 спорттық шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, волейболдан Жұлдыз Абышеваны еске алуға арналған облыстық турнирі, Самбо күресінің шебері З.Есіркегеновті еске алуға арналған дзю-до күресінен жасөспірімдер арасында Зайсан ауданының ашық турнирі, «Ауған соғысы» ардагерлерінің құрметіне арналған қазақ күресінен аудандық ашық турнирі, қазақ күресінен «Зайсан барысы» турнирі және т.б. Аталмыш шараларға барлығы 1700 спортшылар қатысты.
Аудан спортшылары жыл басынан бері 25 облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жекелей және командалық есепте 17 - бірінші орын, 15 - екінші орын, 22 - үшінші орындарды иеленді.
Аудан көлемінде бұқаралық спортты дамытуда алдымызға қойған басты міндеттеріміз болып, салауатты өмір салтын насихаттау ақпараттық жұмыстарын жүргізу арқылы дені сау ұлт бейнесін қалыптастыру, халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына, спорттық кешендерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт ұйымдары мен спорттық клубтардың қарқынды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жаңадан салынып жатқан спорттық нысандар есебінен аудандық спорттық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Сол үшін барлық спорт саласының қызметкерлері өз жұмыстарын жүйелі түрде бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды.
Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |