Сабақ жоспары
Өткізілу мерзімі: 15.01. 2015ж.
Пән: өзін-өзі тану
Сынып: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам-әлем бөлшегі
Сабақтың мақсаты: «Адамның әлемдегі маңыздылығы», «тіршіліктегі байланыс» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтын міндеттері:
- Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы ,әлемге рөлі туралы түсінік беру;
- Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге,жаңашылдыққа, ізденпаздыққа тә рбиелеу.
-
Ресурстар: дәптер, оқулық, нақыл сөздер «Адам-ғалам, ғажайып, жеке-дара, жан құмары ізденген мәңгі сана», дәйексөз, ақ қағаздар, тақырыпқа байланысты видео-ролик, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. №1.Нұрға бөлену (баяу музыка)
Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқанү Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе үсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.
Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен кө зі ашуға б
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
«Елге дешген махаббат» мәнерлеп оқу .Сұрақ-жауап әдісі арқылы жүргізіледі.
ІІІ. Дәйексөз.
Адам-ғалам, ғажайып, жеке-дара,
жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді өзің танысан істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Ақжан әл-Машани
IV. Әңгімелесу (сұхбат).
Мұғалім оқушылардың (Адамның әлемдегі рөлі) ұғымдарын турала ойларын тыңдап, мәнін ашу адамның қажеттілігін ұғындыру мақсатында төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізеді.
- Адам әлем бөлшегі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Әлемдегі тіршіліктің байланысы қалай дәлелдей аласыңдар ?
Бейне-көрініс көрсету. «Әлемнің жеті кереметі» (қысқаша талдау)
V. Мәтінмен жұмыс.
Сабақ тақырыбының мәнін «Қақтығыста»(«Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді) халық даналығы түсіндіру үшін өсиет әңгімені айтып беремін және оқушыларға сұрақ қойып, олардың жауаптарын тыңдаймын. Немесе оқушылардың өздеріне кезекпен мәнерлеп оқытуына да болады.
- Түнгі әлем көрінісі Әбішке қалай әсер етті?
- Ай сәулесінің жұмбақ кейпін аңғарған сәттерің болды ма?
VІ. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
2- топпен жұмыс. Әр топқа үш форматты қағаз беріледі, фломастер. ТАПСЫРМА (адам мен әлемнің байланысын суреттеу , қорғау-дәлелдеу).
VII. Топпен жұмбақ шешу.
Жұмбақ
Алты арқар, жеті қаз, төрт бөдене,
Кейде толы, кейде орта-бір тегене.
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу шыға келді құсқа төре.
(Аспан әлемі, жұлдыздар)
« Бақытты адам» серпініс минуты.
Үйге тапсырма:
Шығармашылық тапсырма: «Жұлдыздар қүпиясы». Қызықты мәлімет әкелу.
Соңғы тыныштық сәті. №3 (Орманға саяхат )
Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, оның табиғатпен байланысын сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылуы мүмкін. ( Баяу музыка ойнап тұрады)
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |