Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
110
Елімізде 4 мыңнан астам тоған мен су қоймалары бар.
Тоған мен су қоймаларындағы суларды жер суаруға, электр
энергиясына өндіруге сондай-ақ, өндірісте, т.б. пайдаланады.
245-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестеріне,
мағынасы жақын сөздерді табыңыздар.
Суы бұзылды _____________
Адамзат__________________
Себеп__________________
Ластану ________________
246-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерге өз ойларыңызды
білдіріңіздер.
Сулы жер – нулы жер.
Бұлақты жер – тұрақты жер.
Су тағдыры – ел тағдыры.
Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген,
Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген.
247-тапсырма. «Су – тілсіз жау» тақырыбына шағын
әңгіме құрастырыңыздар.
248-тапсырма. Төмендегі мәтіннен судың құпиясын
сипаттайтын сөз тіркестерін теріп жазыңыздар. Мәтінді қандай
сөйлеммен қорытындылауға болады?
Судың құпиясы
Су – Жер шарындағы ерекше, әрі құпиялы зат. Оның
табиғаты әлі толық ашылған жоқ. Сырттай қарағанда, су
қарапайым ол ұзақ уақыт бойы бөлінбейтін элемент ретінде
саналады. Тек 1766 жылы Г. Кавендиш (Англия) пен А.
Лавуазье (Франция) кейінірек 1783 жылы судың қарапайым
химиялық элемент еместігін, оның оттегі мен сутегінің
қосылысы екендігін дәлелдеді. Осы жаңалықтан кейін «Н» деп
Қазақ тілі
111
белгіленетін химиялық элемент «сутегі» « су тудырушы» деген
ат алды. Судың маңызды ерекшеліктері:
1. Су – адам организмінің 2/3 бөлігін құрайды. Меншікті
жылу сыйымдылығының минимумы 37
0
С болғандықтан, адам
денесінің температурасы 36 – 38
0
С аралығында сақталады.
2. Судың жылу сыйымдылығы жоғары. Судың белгілі
мөлшерін 1
0
С -қа қыздыруға, табиғаттағы басқа сұйықтықтарға
қарағанда көп жылу керек.
3. Суды мұзға айналдыру, сондай-ақ мұзды еріту біршама
қиынырақ. Соның арқасында Жер шарында қалыпты климат
сақталады.
249-тапсырма. Табиғат пен қоғамның өзара әсеріне
сипаттама беріңіздер.
Табиғат пен қоғамның өзара әсері
Адамзат өз өміріне қажет материалдық байлықты табиғаттан
алады. Қоғамның дамуы, ондағы табиғат ресурстарының қорына
байланысты. Сондықтан, адамзат болашақта күйзеліске ұшырамас
үшін табиғат пен толық үйлесімде болып, оның байлығын үнемді
және қалдықсыз пайдалануға тиіс.
Адамның өндірістік іс-әрекеті – қоғамдық формация
өндірісі неғұрлым жылдам дамыған сайын, оның табиғатқа кері
әсері де, солғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы, қоршаған
орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.
Табиғат ресурстарын пайдаланып, оны қайта жаңғырту
арқылы адамдар белгілі мөлшерде табиғатқа өзгеріс енгізіп,
зиян келтіреді. Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы, қоғамның
материалдық және мәдени байлығын көтерумен қатар, қоршаған
ортаның ластануына, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына
әкеп
соғады.
Сондықтан,
қазіргі
экономикалық
өсу
жағдайындағы табиғат пен қоғамның үйлесімділік жолын
іздестіру еліміздің негізгі қарастыратын басты мәселелердің
бірі. Бұл өз кезегінде «экономикалық ұтымдылық» ұғымын
«экологиялық
ұтымдылық»
ұғымымен
алмастыруды,
ірі
өнеркәсіптерде табиғи ресурстарды сақтап, экологиялық
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
112
жағынан
тиімді
технологияларды
қолдануды,
қоғамның
экологиялық мәдениетін көтеруді көздейді.
Қоршаған орта – бұл адамның шаруашылық іс-әрекеті және
оның әсерінен өзгеріске ұшырап отырған табиғат пен табиғи
орта. Қоршаған ортаға – өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік
магистральдары, қалалар мен ауылды жерлердегі елді мекендер,
әлеуметтік орта кіреді. Адамның бірқалыпты өмір сүруіне таза
ауа, ауыз су қажет болса, шаруашылықта пайдаланатын су мен
табиғат кешендерін қорғаудың да маңызы зор.
Табиғат пен қоғамның өзара әсері
Шаруашылықтың
түрлі
салалары
қоршаған
ортаны
ластаудың және оны тасымалдаудың негізгі көзі болып
есептеледі. Өнеркәсіп – еліміздің экономикалық тұрақтылығын
қамтып қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны көп
ластаушы. Өнеркәсіптің түрлі салаларын қоршаған ортаға әсер
Қазақ тілі
113
ету бағытына қарай: өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары
деп екі топқа бөлуге болады.
Адамның
биосфераға
антропогендік
іс-әрекеті
жер
шарындағы көптеген аймақтардың климатын өзгеріске ұшыратуда.
Қазіргі кезеңде атмосферада метанның, көмірқышқыл газының,
азот, күкірт және бірнеше ауыр металдардың жинақталуы көбейіп
отыр. Бұл адамдардың денсаулығына, ауыл шаруашылығына кері
әсерін тигізеді.
Қышқылды жаңбырлар орман, су, жануарлар дүниесіне
зиянын тигізіп қана қоймай, басқа да құндылықтарды жоюда.
Мұның барлығы адамның қоғамдық іс-әрекетінің табиғатқа
тигізетін әсерінің күшею салдары. Өндіріс ауқымының көбеюі
қалдық заттардың жинақталу көлемін ұлғайтып қана қоймай,
табиғи процестерге де кері әсер етеді. Яғни, табиғаттағы тепе-
теңдіктің бұзылуына әкеп соқтыруда.
Қоршаған ортаға өнеркәсіптің әсері
Достарыңызбен бөлісу: |