Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
104
234-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Жасушалар мен ағзаларда суды қоспай, тұтас алғанда
бейағзалық заттардың мөлшері шамамен 1% болады. Құрамында
20–22% тұз болатын сүйек ұлпасының, жасушалардың ғана
ерекшелігі білінеді.
Су. Жасушаның барлық бейорганикалық заттарының
ішінде су бірінші орын алады. Өйткені ағзада орта есеппен, дене
массасының 80% -ға жуығы су болады. Сүйек ұлпасының 10% -
ға жуығы, мидың сұр затының 80% -ға жуығы, сондай-ақ адам
мен жануарлар эмбрионы (ұрығы) жасушаларының құрамының
90% -дан астамы судан тұрады.
Ағза жасушаларындағы судың рөлі өте зор. Көптеген
бейорганикалық және ағзалық заттар суда жақсы ериді. Оларды
гидрофильділер – (латынша: суды ұнататындар, сулана алатындар)
дейді.
Ерімейтіндері
гидрофобтылар
(латынша:
судан
қорқатындар, сулана алмайтындар) дейді. Су кейбір ферменттер
әрекетінен гидролиз реакциясына түседі, яғни Н
+
және ОН
-
иондары, еріген заттардың молекулаларына қосылып, жаңа заттар
түзеді. Еріген заттар осының нәтижесінде тез химиялық реакцияға
түседі. Су заттардың жасушаға еніп, тіршілік әрекеті өнімдерінің
бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Бұған қоса, ол су өсімдіктерге,
көбінесе бактерияларға фотосинтезді жүзеге асыру үшін қажет.
Судың жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі өте
жоғары. Судың бұл қасиеті жасуша ішіндегі температураны,
тіпті сыртқы ортадағы температура өзгерсе де, сақтап қалуға
көмектеседі.
235-тапсырма. Мәтіндегі негізгі мәселеге байланысты
дөңгелек үстел ұйымдастырыңыздар.
236-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді
қойыңыздар.
Бейорганикалық заттардың ішінде ... бірінші орын алады.
Сүйек ... 10% -ға жуығы, мидың сұр ... 80% -ға жуығы, адам мен
жануарлар эмбрионы ... 90% -дан астамы судан тұрады. Ағза ...
судың рөлі өте зор. Судың жылу ... мен жылу ... жоғары. Су
заттардың ... енуіне жәрдемдеседі.
Қазақ тілі
105
237-тапсырма. Судағы заттардың ерігіштігі мен ерімеуін
қалай атаймыз? Айырмашылықтарын анықтаңыздар.
238-тапсырма. Судың қандай қасиеттері бар? Төмендегі
бағанды толтырыңыздар.
Судың қасиеттері:
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
239-тапырма. Берілген нақыл сөздердің мағынасына мән
беріңіздер. Осы сөздерді басшылыққа ала отырып, жазбаша
түйіндеме жасаңыздар.
Егер естілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте,
болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айына бір рет өзіңнен өзің
есеп ал! Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің
екен? Өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса,
қалай өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
Абай Құнанбаев
Нені тез орындау көзделсе, қандай жағдайлар кездеспесін,
орындайтын бол.
Атқаратын ісіңді жақсылап орында.
Ұмытып қалғандарыңды ешуақытта да кітаптан іздеме, оны
өз есіңе түсіруге тырыс.
Ақыл-ойыңды, барлық күш-жігеріңді тек іске жұмсай біл.
Л. Н. Толстой
Өзіңді-өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге
кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі
атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік-қайраттың
бірінші қайнар бұлағы.
В. А. Сухомлинский
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
106
Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі
әділдік сотына тарта білуің керек.
Н. А. Островский
Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бойұсынып
үйренуге тиіс.
Цицерон
Адамның өзін-өзі тексеруі – оның жан тұрмысының
өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт.
Мағжан Жұмабаев
240-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
Мамандық сыры
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы
дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа,
дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір
мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін,
адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне
«Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай
өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кемде-кем.
Қазіргі заманда мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау
жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді
болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға үлесін
қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс
таңдаған адам жетістікке жетеді. Адам өз еңбегінен ләззат ала
білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта
түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне
жеткізетін қанат.
Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы
керек деп ойлайсыздар?
Адам бірнеше мамандықты меңгерген маманның өмірі
қандай болады деп ойлайсыздар?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?