Қазақ тілі
135
Қытайдағы Аспан храмы – бірнеше сәулет ескерткіштерінің
басын қосып тұрған бірегей кешен. Сонау 1406 жылы
құрылысты Юнлз деген император бастапты. Храмның оңтүстік
бөлігі тіктөртбұрыш түрінде салынған. Ал өр жақтағы
ғимараттары жартылай шеңбер түрінде бой көтерген. Кезінде
қытайлықтар жер – төртбұрыш, ал аспан − дөңгелек деп
түсініпті. Храм құрылысы сол түсінік бойынша жүргізілген.
Аспан храмына келіп, императорлар көк тәңірімен
тілдесетін. Олар жаңбыр, астық сұрайтын болған. Екі ғимаратта
императордың аспанмен сөйлесетін орны сақталған.
Храмның жоғары өрлейтін баспалдақтарының тоғыз-
тоғыздан басқышы бар. Дөңгелек алаңқайдағы тастар да
тоғыздан қиыстырылып төселген. Храмның жоғары жағында
уық міндетін атқаратын ағаш айдарлар да тоғыз-тоғыздан
тырмысып барады. Бұл қытайлықтардың тоғыз санын кие
тұтатынын танытады.
298-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
автобетон араластырғышы – автобетоносмеситель
автоерітінді тасушы – авторастворовоз
автоцемент тасушы – автоцементовоз
цементтің белсенділігі – активность цемента
темірбетон құрылымдарының арматурасы – арматура
железобетонных конструкций
сәулет объектісі – архитектурный объект
топырақ балансы – баланс грунта
мұнара – башня
бетонтөсегіш – бетоноукладчик
құрылысты-технологиялық блок – строительно-технологический
блок
299-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып
беріңіздер.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
136
Қолөнер – мол өнер
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі
қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты
шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде осы
қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай
салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің
тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында
орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат
та құра біледі. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай
түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық
тарихымен, күн көріс кәсібімен тығыз байланысты екенін
көреміз.
«Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар,
аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-
жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегін, ағаш керует, кебеже,
сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, түрлі бау-басқұрлар тоқып,
арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп,
өрім өріп, қолдан әралуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік
және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз
қолдарымен жасап түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды.
Қолөнерінде
көңілге
қонымды
мәнерлер
мен
ондағы
қолданылған әдістер сәулет өнерінде кеңінен қолданылып
келеді.
Ежелден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен
ескірткіштердегі, діні әртүрлі құрылыстардың қабырғалары мен
мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан
қашалып жасалған діңгектер − халық қолөнерінің асқан тамаша
туындылары.
Саз балшықты күйдіріп, ағашты майлап кептіру шақпаққа
қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т.с.с.
салуда
қолданылған
балшықты
қыл,
жүн,
шөп-шалам
араластырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену
талабынан, қоғам дамуы үрдісінен туған айла-тәсілдер.
Батырлық пен саяхатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта
мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың
Қазақ тілі
137
тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген
жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс-салтын, кәсібіне
байланысты туғандығы сөзсіз.
(Тәтіғұлов Ә. Ш ., Тәтіғұлов Ә. Ә ., Тәтіғұлов А. Ә.
Архитектура мен жобалау негіздері. Қазақстанның
сәулет өнері. – Алматы:Рауан, 2 т, 2000. −460 б.
300-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.
301-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен сөз
тіркестерін қойыңыздар.
Қазақ халқының қолөнері деп .... жиі қолданылатын....., ....,
........, ......., ......, ........, сияқты шығармашылық өнер жиынтығын
айтады. Қолөнер түрлерінің әрқайсысының .... тарихы бар.
Казақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті .... салуды, ….
тігуді, .... өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі еткен. Бұдан біз
халық шығармашылығының қандай түрі болса да ..... , сол
халықтың қоғамдық…., күн көріс…. тығыз байланысты екенін
көреміз. Көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар
.........жасап, түрлі ........әшекейлейтін болды. Қолөнерінде
көңілге қонымды .......мен ондағы ...... сәулет өнерінде кеңінен
қолданылып келеді.
302-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
балшық жабынқышы – глиняная черепица
балшық тектес қабат − глинобитый слой
балшық-ғаныш ерітіндісі − глино-гипсовый раствор
балшық-топырақ – глинозем
балшық қоспа − глинистая примесь
балшық құмтас − глинистый песчанник
балшық топырақ − глинистый грунт
балшық еріткіш – глинорасворитель
балшықты негіз − глинистое основание
303-тапсырма. Мәтіннен көмектес септігінде тұрған
сөздерді тауып, астын сызыңыздар.