Қазақ тілі
117
256-тапсырма. Берілген сөздерге қажетті сын есімдерді
теріп жазыңыздар.
Үй - қазыналық, ...
Пәтер екі бөлмелі, ...
257-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап алыңыздар.
Сәулет − үнсіз музыка
И. Гете
Өнер сыры − өрнекте
Ғ. Мүсірепов
Архитектура әндер мен аңыздар үнсіз калып, жер бетінен
жойылған халық туралы ештеңе де айтпайтын
кездерде де тарих
шежіресін жырлап тұрады.
Н.В. Гоголь
Ғимарат салғанда адамның тұруына ыңғайлығын әдемілікке
ұштастыра білген суретші − мақтауға
тұратын сәулетші.
Д. Бернини
258-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып
беріңіздер.
Ғимараттар мен имараттар түрлері
Сәулетшілер мен құрылыс-
шылардың жасампаз жұмысы-
ның нәтижесі дайын ғимараттар
мен имараттар болып табылады.
Кең мағынадағы «имарат» деген
ұғымға «ғимарат» ұғымы да енеді.
Бөлмелері бар және адамдар
тұруға қандай да тұрмыстық, мәдени-қоғамдық, өндірістік немесе
шаруашылық қызметтерді орындауға арналған құрылыстар
ғимараттарға жатады.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
118
Инженерлік имарат – әртүрлі өндірістік процестерді
орындауға,
материалды
сақтауға
арналған
және
өзге
(суқабылдағыш имарат, сұйықты сақтауға арналған резервуар,
құбыр, түтін мұржасы, газгольдер, канализациялық таза-лағыш
имарат және т.с.с.) арнайы қызметтік құрылыстар.
Ғимараттар мен имараттардың қызметтеріне байланысты
құрылыс - өнеркәсіптік, азаматтық (тұрғын, қоғамдық, және
коммуналдық-шаруашылық
ғимараттар
мен
имараттар),
гидротехникалық (теңіз және өзен), темір жол, автомобиль
жолы, көпірлер және тоннельдер, ауыл шаруашылық, шахталық,
құбырлардың сыртқы тораптары, энергетика және байланыс
тораптары, қорғаныстың түрлері бойынша бөлінеді.
Ғимаратгар мен имараттардың жіктелуі оларды жобалау
кезінде экономикалық орынды шешімдер қабылдауға мүмкіндік
жасау мақсатын көздейді. Жіктеудің негізіне ғимараттар мен
имараттарды, олардың қызметі мен мәнділігіне байланысты
сыныптарға бөлу алынған.
Ғимараттар өзінің қызметтеріне қарай – тұрғын, қоғамдық,
өнеркәсіптік
кәсіпорындар
және
ауыл
шаруашылық
ғимараттары болып бөлінеді.
Тұрғын ғимараттарға қарттарға және орындық-арбаларда
жылжитын мүгедектері бар отбасыларына арналған пәтерлік
үйлер, биіктігіне 25 қабат кіретін жатақханалар, шаруашылық-
тұрмыстық және шағын кәсіпкерліктің өзге құрылыстары қоса
кіретін жеке тұрғын үйлер, қонақ үйлер, мүгедек және қарттарға
арналған интернат үйлер жатады.
Қоғамдық ғимараттарға – қоғамдык ғимараттар, кешендер
және имараттар топтары тізіміне сәйкес жеке тұрған ғимараттар
мен имараттар, ғимараттар кұрамдарына енгізілген қоғамдық
қызметтік бөлмелер кіреді.
(Сәулеттік жобалау.− Алматы: KAZCOR.
Жобалау академиясының Баспа орталығы.
3 том, 2005. − 418 б. (1 басылым))
259-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Құрылысшылар
жұмысының
нәтижесі
не
болып
табылады?
Қазақ тілі
119
2) Қандай құрылыстар ғимараттарға жатады?
3) Инженерлік ғимарат дегеніміз не?
260-тапсырма. Термин сөздердің қайда қолданылатынын
айтып, жаттап алыңыздар.
ғимарат − здание
имарат − сооружение
тұрғын ғимарат − жилое здание
тұрғын кешені − жилой комплекс
имаратты пайдалану − эксплуатация сооружения
суқабылдағыш − водоприемник
суықтай созылған құбыр − холоднотянутая труба
түтін құбыры − дымовая труба
қорғаныс аймағы − защитная зона
261-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап алыңыздар.
Үй салам десең – көршіңді сайла.
***
Адам болу – ең қиын мамандық.
***
Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен
орын алады.
Әл-Фараби
Әр адамның бойында құрылысшының құдіретті күші бар,
сол күш жер бетін тағы да үлкен ғажайыптармен байыту үшін,
оның дамуына, гүлденуіне ерік беру керек.
М. Горький
262-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, оның тақырыбы
мен негізгі ойын анықтаңыздар. Мәтінге ат қойыңыздар. Мәтін
арқылы ғалым қандай ой білдіргенін айтыңыздар.
Сөзден құрастырып әңгіме шығару үшін жұмсайтын зат –
сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан
құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасағаны
сияқты, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі
болып шығуы – балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан