Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет36/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



107 

Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу 

керек? 

Жақсы маман болу үшін адам нені біліп,  үйренуі қажет? 



Өз 

отбасы 


мүшелеріңіздің 

қандай 


кәсіппен 

айналысатындығын  естеріңізге  түсіріп,  «Отбасылық  кәсіп» 

шежіресін жасаңыздар. 

      


 

                                                   

 

241-тапсырма.  Мәтіндегі  негізгі  ойды  білдіретін  тірек 

сөздерді теріп жазыңыздар. 



 

Су ресурстарының проблемалары 

 

Су  –  тірі  организмдердің  маңызды  материалдық  негізі. 

Биосферадағы  заттар  мен  энергия  алмасу,  судың  қатысуы 

арқылы  жүреді.  БҰҰ  -ның  мәліметтері  бойынша,  Жер 

шарындағы  халықтардың    жартысынан  астамы  ауыз  судың 

жетіспеушілігінен 

жапа 

шегуде. 


Осыған 

байланысты 

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы,  халықты  ауыз  сумен 

қамтамасыз  ету  шараларын  жүргізіп  келеді.  2000  жылы  Жер 

шары  өзендерінің  суын  пайдалану  14%  -ды  құрады.  Оның  көп 

бөлігі ауыл шаруашылығына пайдаланылады.  

Қазіргі  кезде  құрлық  пен  мұхит  суының  ластануы,  бүкіл 

адамзат  қауымын  алаңдатуда,  ол    бірнеше  факторларға 

байланысты туындап отыр.  

Біріншіден,  атмосфералық  жауын-шашын  жердің  беткі 

қабатына  келіп  түскен  өнеркәсіп  қалдықтарын  шайып,  құрлық 

және    Дүниежүзілік  мұхит  суына  барып  құяды.  Мысалы,  Ертіс 

су  алабы  Өскемен  қорғасын-мырыш  комбинаты,  Риддер 

қорғасын  зауыты,  Зырян  өндіріс  орындарының  сарқынды 

суымен ластануда. Судың құрамында қорғасын, мырыш, сынап, 

т.б.  ауыр  металдардың  шектеулі  мөлшерден  асып  кетуі 

байқалады. 

Іле – Балқаш су алабын ауыр металдар,  мұнай өнімдері мен 

фенолдар  ластауда.  Оған  «Балқашмыс»  өндірістік  бірлестігі, 

«Балқаш  балық  өнеркәсібі»,  «Сарышаған  ұшқыр  полигондар», 

т.б.  кен  байыту  комбинаттары  Балқаш  көліне  мыңдаған  тонна 

зиянды заттар төгуде. 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

108 



Екіншіден, 

су 


ресурстары 

ауыл 


шаруашылық 

тыңайтқыштары  мен  пестицидтерді    көп  мөлшерде  қолдануға 

байланысты  ластанады.  Мысалы,  Ақдала,  Шарын,  Шеңгелді 

массивтерін  күріш  алқаптары  үшін  игеруге  байланысты 

минералды  тыңайтқыштар  мен  химиялық  препараттар  өте  көп 

қолданылып  келеді.  Соның  әсерінен  Іле  өзенінің  сапалық 

құрамы  төмендеуде.  Ал  Арыс,  Келес  өзендері  күріш  пен  мақта 

өсіргенде  жиі  қолданылатын  пестицидтермен  ластануда. 

Сырдария, 

Шу, 


Талас 

өзендері 

ауыл 

шаруашылығын 



химияландыру нәтижесінде дренаж суымен ластануда.  

Үшіншіден,  адамның  белсенді  іс-әркетінің  нәтижесінде 

дүниежүзілік  мұхит  суының  ластану  процесін  жылдамдата 

түсуде.  Мұхит  суының  мұнай  қалдықтарымен  ластануы 

ғаламдық  экологиялық  апат  болып  отыр.  Мысалы,  Каспий 

теңізінің  экологиялық  жағдайын  сипаттайтын  болсақ,  теңіз 

деңгейінің табиғи көтерілуінің салдарынан,  көптеген мұнай-газ 

қоймалары судың астында қалды. Сөйтіп, теңізге көп мөлшерде 

мұнай өнімдері,  зиянды заттар мен ауыр металдар тарады. 

Сонымен  қатар,  Еділ  мен  Жайық  өзендерінің  ластанған 

суы,  теңізді  уландыра  түсуде.  Каспий  теңізінің  экологиялық 

жағдайының 

нашарлауы 

ондағы 


тірі 

организмдердің 

жойылуына,  мәселен    қара  уылдырық  беретін  бекіре  тұқымдас 

балықтардың  азайып  кетуіне,  түлендер  мен  құстардың  өлуіне 

әкеп  соқты.  Соңғы  жылдары  шетелдік  инвесторларды  Каспий 

теңізінің  Қазақстандық  бөлігіндегі  мұнай-газ  қорлары  қатты 

қызықтыруда.  Өнеркәсіп  иелері  мұнай-газды  өндірумен  қоса, 

Каспий  теңізі  суының  сапасына,  тазалығына,  экологиялық 

нормаларын  сақтауға  көңіл  бөліп  отыруға  тиіс,  сонда  ғана 

табиғат  пен  қоғамның  үйлесімділігі  сақталып,  болашақ  ұрпаққа 

жететін болады.  

 

Оспанова Г. С., Бозшатаева Г. Т. Экология.   

                   − Алматы: Экономика, 2002. – 402 б. 

 

242-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.  

 

Сіздер  су  –  тірі  организмдердің  маңызды  тіршілік  көзі 



дегенге –қосыласыздар ма? Ойларыңызды білдіріңіздер. 


Қазақ тілі 

 

 



109 

Жергілікті  жердегі  су  ресурстарының  ластану  себептерін 

түсіндіріп, мысалдар келтіріңіздер.  

Құрлық  пен  мұхит  суының  ластануының  адамзатқа 

тигізетін әсері қандай? 

 

243-тапсырма. 

Мәтін 


негізінде 

су 


ресурстарының 

ластануын, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.  

           

 

 



 

Су ресурстарының ластануы 

 

                     



 

 

244-тапсырма.    Мәтінді  аударыңыздар.  Мәтіндегі  негізгі 

ойды анықтап, қысқаша жазыңыздар.  



 

Су ресурстары 

 

Қазақстан  су  ресурсына  онша  бай  емес,  әрі  олар  біркелкі 

таралмаған.  Жалпы  климаттық  ерекшеліктерге  байланысты  су 

қоры  өзгеріп  отырады.  Климат  жағдайының  құрғақтығына 

байланысты  егістікті  суландыруда,    өзен  суының  маңызы  зор. 

Республикада  су  ауыл  шаруашылығында  егістік  суаруға, 

өндірістік  және  коммуналдық  қажеттіліктерге  пайдаланылады. 

Елімізде ішкі су ресурсы 115,3 млрд м

3

-ты құрайды. Оның 60,4 



млрд м

су қоры республика аумағында, ал 54,9 млрд м



су қоры 


көршілес  аумақтардан  келеді.  Су  қорының  жиналуы,  еліміздің 

географиялық  жағдайымен  тығыз  байланысты.  Қазақстан 

аумағындағы  ішкі  су  қорының  62%  -ы  оңтүстік  Қазақстанға, 

30% -ы солтүстік Қазақстанға, ал қалғаны басқа аймақтарға тиесілі.  

Қазақстанда жалпы саны 85 мыңға жуық өзен мен 48 мыңнан 

астам  көлдер  бар.  Көптеген  өзендер  сортаң  жерлер  мен  құмдарға 

сіңіп, ізін жоғалтады. Көлдердің жалпы ауданы – 45 мың км

2

, оның 



94%-ның  ауданы  1  км

-ден  аспайды.  Балқаш,  Зайсан,  Алакөл, 



Теңіз,  Сілеті,  Сасықкөл,  Құсмұрын,  Марқакөл,  т.б.  ірі  көлдерге 

жатады.  




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау