Қазақ тілі
101
225-тапсырма. «Су ресурстарының маңызы» туралы
шағын әңгіме құрастырыңыздар.
226-тапсырма. Берілген мамандыққа байланысты терминдерді
жаттап алыңыздар.
Су қорлары – водные ресурсы
Жемір су – вода агрессивная
Тоспа су – стоячая вода
Өзеннің сулылығы – водность реки
Су иірімі – водоворот
Суқойма – водоем
Теңіз маңы су қоймалары – приморские водоемы
Су алмасуы – водообмен
Су тазарту – водоочистка
Су көтергіш – водоподъемник
227-тапсырма. Мәтінді оқып, ойды анықтайтын сөздерді
теріп жазыңыздар.
Су ресурстарын қорғау
Жалпы планетааралық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға
жатады. Өйткені, оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит,
атмосфера және құрлықта үнемі жүріп отыратын су айналымы
нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8%
бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% әлемдік мұхиттың
үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі қар мен мұздықтар түрінде.
Жерасты суларының еншісіне тұщы су қорларының 23 % тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен
пестицидтер, химикаттар, мұнай және мұнай өнімдерімен
ластануы, негізгі мәселе болып отыр.
Өнеркәсіп өркендеген елдерде су айдындары мен су
қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Төмендегі
кестеде өнеркәсіп суларындағы кейбір органикалық заттардың
мөлшері көрсетілген.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
102
Өнеркәсіптік ағын суларды ластаушы заттардың мөлшері
Ластаушы заттар
Әлемдік масштабта
(жылына млн/т)
Мұнай өнімдері
26,563
Фенолдар
0,460
Синтетикалық талшықтар
өндірісіндегі қалдықтар
5,500
Барлығы
33,273
Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне кері әсер
ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы
синтетикалық заттар. Мұнда улы заттар өнеркәсіп орындарында,
транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен
қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5–
15 мг/л-ді құрайды.
228-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
229-тапсырма. Су ресурстарын қорғауды қалай түсінесіздер.
Сіздер су ресурстарын қорғауға қандай үлес қосар едіңіздер?
230-тапырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың
анықтамасын тауып, дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
А) сарқылмайтын су
Ә) су айналымы
Б) қалдық
В) улы синтетикалық зат
Г) өнім
Ғ) ластаушы зат
231-тапсырма. Мәтіннен тәуелді зат есімдерді тауып,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
232-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Суат – водопой
Су пайдалану – водопользование
Қазақ тілі
103
Су тұтыну – водопотребление
Су қабылдағыш – водоприемник
Су құбыры– водопровод
Су айрық – водораздел
Су үлестірім – водораспределение
Су қашыртқы – водосброс
Су ағар – водослив
Сумен жабдықтау – водоснабжение
233-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыздар. Арал теңізі
суының тартылу себептері не деп ойлайсыздар? Осы мәселе
жөнінде ойталқы жасаңыздар.
Бүкіл әлем назарын аударған Қазақстанның ең шиеленіскен
экологиялық проблемасы –
Арал теңізінің проблемасы. Мақта
және күріш егістігіне Сырдария және Әмудария өзендерінің
суын мейірсіз пайдалану, осы апаттың негізі болып отыр.
Адамның бей-берекет іс-әрекетінің нәтижесінде Арал теңізіне
аталған өзендердің суы, өте аз мөлшерде жетті. Бұл теңізге
келетін су көздері болмағандықтан, Арал теңізі 30 жылға жуық
өз суының жартысынан айырылды, сөйтіп іс жүзінде екі көлге –
қазақстандық және өзбекстандық болып бөлінді. Соның
нәтижесінде, бұрынғы теңіз түбінде орасан үлкен тұзды аумақ
түзілді. Милиондаған тонна шаң мен тұзды жел көтеріп, едәуір
қашықтыққа үрлеп жеткізді де, өте үлкен аумақты тұз басады.
Сөйтіп бұл апаттың зардабын Азияның барлық республикалары
көрді. Орта Азия республикаларының үкіметі Аралды құтқару
жөнінде бірқатар пәрменді шараларға келісті. Бірінші кезекте,
Арал теңізіне құятын өзендер ағысын ұлғайту жөнінде шаралар
қабылданатын болды. Сондай-ақ, құмды бекіту үшін бұрынғы
теңіздің орнына ағаш отырғызу жұмысы кеңінен талқыланды.
Арал прблемасымен шұғылданатын сарапшылар, тіпті
теңізді бұрынғы ернеуіне жеткізіп, қалпына келтіре алмағанның
өзінде, су деңгейін көтеру толық іске асатын жұмыс екеніне
сенімді болды. Зоологтар байқағандай, Арал маңының
солтүстігінде кейбір құстардың ұя салуға оралуы да мұндағы
бұрынғы
экожүйені
қалпына
келтіру
мүмкін
екендігін
айқындағандай.