Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
120
болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны – тілдің
дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман
болса, кірпіш жақсы болмайды. Кірпіш жақсы болмаса, үй
жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да,
қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты
дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды
болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы
жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды.
(А. Байтұрсынов)
263-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар, негізгі бөлектерге
бөліп, ат қойыңыздар.
Бетон және темір бетон
Бетоннан – өте берік жасанды тастан ежелгі римдіктер де
ғимараттар салған. Оны жасанды деп бекер айтпаған, өйткені
табиғаттан дайын бетонды таба алмайсың. Ең алдымен зауытта
арнаулы ұнтақты – цементті дайындау керек. Цементті құммен
араластырады, содан кейін цемент қоймалжыңына ұсақталған
тас қосады. Осыларды араластырғанда дайын бетон шығады.
Бетонның бір ғажап қасиеті бар: жыл өткен сайын,
қатайып, бұрынғыдан да беріктене түседі. Ол аязға төзімді,
судан «қорықпайды», оған әртүрлі пішін беруге де, тұтас
шомбал етіп қоюға да, әр алуан түске бояуға да болады. Алайда,
оның кемшілігі бар: ол морт сынғыш. Бетон кесегін қатты
ұрсаңдар оның күл талқаны шығады. Қазір темір бетон барлық
жерде қолданылады. Одан бөгет, қабырға, төбелік тақта және үй
төбесі, көпір, мұнара, бағана, стадион сәкілері және көптеген
басқа заттар жасайды.
264-тапсырма. Төмендегі мәтінді мұқият оқып, түсінген-
деріңізді өз көзқарастарыңызбен толықтырып, баяндаңыздар.
Қазақ тілі
121
Сәулеттік құрылыс жүйелері
Сәндік қолданбалы өнер орта
ғасырдың дамыған кезінде өркендей
бастады.
Ол
көбінесе
металдан
жасалған ыдысты өрнектеу ісінде
және ғимараттарды сәндеп жасаудан
көрінеді. Үйлерді безендіру құрылыс
материалдары мен оның сәулеттік
жүйесіне тікелей байланысты. Сәндік
қолданбалы өнер туындылары жасалып
жатқан құрылыстың өз материалдары-
мен де орындалады. Сары топырақты балшық пен ғаныш
қолданбалы өнердің құрылыс материалдары болған. Ғимарат
қабырғаларының қалай қалануы оның
жобасын жасайтын шеберге тікелей
байланысты
болған.
Құрылысты
жасаушылар сол көрсетілген жоба
бойынша қалап шығады. Мәселен,
шеберлер кірпішті қырынан немесе
көлденеңінен, тігінен қалау арқылы
белгілі бір суреттер жасап, безендіріп
отырған. Қабырғаны осылай сәндеу қолданбалы өнердің бір
тәсіліне жатады. XI ғасырдан бастап, cәндік қолданбалы өнерде
оюлы және жылтырлаған кірпіштер кеңінен пайдаланылған.
Керамикаға оюлап жануарлардың бейнелерін салу да орын
ала бастаған. Қызылөзен қаласының орнын қазғанда арыстан
бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған. Сәндік
қолданбалы өнер кейінгі орта ғасырдағы қазақ халқының
құрылыс, сәулет өнерінде айқын орын алғандығын байқауға
болады. Мәселен, кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы
немесе түскиіздер мен текеметтегі оюлар қолданбалы өнердің
дамығандығын көрсетеді. X – XII ғасырларда сәулетті ірі
құрылыстар салына бастаған. Мұндай құрылыс жүйелерінің
салынуына Қазақстандағы ислам дінінің нығая бастауы себеп
болды. Сәулеттік құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі
Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Әсіресе, діни
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
122
кешендер салу ісі ерекше дамыды. Діни кешендер орталық
алаңдарға салынып, басқа ғимараттардан ерекше оқшауланып
тұрған. Бұл кездегі ғимараттарға мешіттерді, кесенелерді,
мазарларды, моншаларды жатқызуға болады.
Мешіт − мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
орындалатын қасиетті ғимарат. Мешіт, мұнара салдыру билік
басындағылардың ислам дініне адалдығының нышанын білдірген.
X ғасырдың араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан
мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы
айтылған. Олардың кейбіреулері осы күнге дейін сақталған.
Мысалы, бір кезде ірі мешіт болған Боран мұнарасы − осының
айғағы. Мұнараның жанында төбесі күмбезделіп жасалған
кесенелер болған. Олардың ішкі жағы қызғылт-күрең түске
боялған оюлы ғаныш сылақпен безендірілген. Өзінің алғашқы
құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер − Бабаджа-қатын мен
Айша-бибі кесенелері. Бұл кесенелер күйдірілген кірпіштен
шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат.
Төрт жағында − қабырғалардың
ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу
аркалы қуыстары бар. Орта ғасырдың
дамыған кезінде құрылыстық сәнділігі
ерекше көзге түсетіні монша құрылысы
болып табылады. Археологиялық қазба
жұмыстары
барысында
көптеген
қалалардан
шығыс
моншаларының
орындары белгілі болды. Ғылыми
пікірлерге қарағанда, кейбір үлкен қалаларда бірнеше монша
салынған. Тараз қаласынан да екі монша аршылған. Көлемі
13,4*12,4 м болатын бірнеше моншаның әртүрлі мақсаттарға
пайдалануға арналған жеті бөлмесі болған. Табылған қалдықтар:
сәкілер, су құятын астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық
әшекейлер − Тараз моншасының іші бай безендірілгенін
дәлелдейді.
Осы іспеттес шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында
ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін жұмыс істеген. Монша Қожа
Ахмет Йассауи кесенесінің жанында. Ол қазір мұражайға
айналдырылды. Алматы қаласында шығыс моншасының
Достарыңызбен бөлісу: |