Қазақ тілі
89
өзен, көл, жерасты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал
кіреді. Су адам мен жануарлар организміне еніп, онда болатын
зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген
процестер тек сулы ортада ғана жүреді. Белок суда пайда болған
және осы ортада дами алады және тірі клетканың негізі болып
саналады.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай, жер бетіндегі тұщы
судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры,
гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық
бетінің әртүрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әртүрлі.
Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 млн м
3
, Жаңа Зеландияда 100 мың
м
3
, бұрынғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м
3
, ал Қазақстан тұщы
су қоры тапшы мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақстанда
1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы
мөлшері 38 км
3
-ге жетті.
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл
сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары
шаруашылықта мардымсыз болса да пайдаланылып жүр. Біздің
республикамызда су тұшытқыш станция Ақтау қаласында ғана
бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12 – 18
л су пайдаланса, ХХ ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның
шамасы орта есеппен 200 – 400 литрге жеткен.
Су ресурсының «мұхит-атмосфера-жер-мұхит» жүйесіндегі
айналым процестерінің тамаша бір қасиеті – өздігінен қайта
қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса
маңызды міндеттерінің бірі – табиғи сулардың осы қасиетін
сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық
факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және
араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км
3
шамасындай жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл
шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың
төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 т бидай өсіру үшін
барлық вегетациялық кезеңде 7000 т мақтаға 10 000 т су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар
топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында
түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді), топырақтан суға
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
90
түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп
мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары
сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі. Нәтижесінде судағы
органикалық
заттардың
массасы артып,
суда
оттегінің
жетіспеушілігі туындайды. Соның салдарынан, су тіршілікке
жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым келеді.
199-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
.
Сұрақтар:
Жауаптар:
Судың маңызы қандай?
Су қорларына нелер жатады?
Суды шаруашылықтың қай
саласы көбірек пайдаланады?
«Су қоры – халық байлығы» –
деп неге айтамыз?
200-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, қай
шақта тұрғанын анықтаңыздар.
201-тапсырма. Төменде берілген өлең шумақтарының
мағынасына мән бере отырып, судың маңызы жайында
пікірлеріңізді толықтырыңыздар.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
202-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.
1. Судың, аз, жер, қоры, бетіндегі, тұщы, өте. 2. Пайдаланылуы,
планетамыздағы, жыл, өсіп, тұщы, сайын, келеді, суды, адамзаттың.
3. Қаласында, су тұщытқыш, Ақтау, республикамызда, ғана, біздің,
бар, станциясы. 4. Ауыл шаруашылығы, ең, суды, пайдаланады, көп.
203-тапсырма. Суға қатысты ең, өте, тым, аса сияқты
күшейтпелі шырайларды қатыстыра отырып, шағын мәтін
құрастырыңыздар.
Қазақ тілі
91
204-тапсырма. Абай өлеңдерінен берілген үзінділерді
оқып, толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін табыңыздар.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа, ғылым сүйсеңіз.
***
Ақыл бітсе дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.
***
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек.
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
***
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
***
Жаман тату қазады өзіне ор,
Оған сенсең, бір күні боларсың қор.
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады ығы да зор.
205-тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың
анықтамасын беріп, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
А) су қоры _____________________
Ә) табиғат _____________________
Б) атмосфера ___________________
В) ауыл шаруашылығы ___________
Г) ластаушы зат_________________
Ғ) тіршілік_____________________
206-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасына
қарай жағдаят құрастырыңыздар.