Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
92
Су жүрген жер шүлен.
Көліне қарай қазы, жеріне қарай сазы.
Ағын су арам болмас, ит жалдап жанаса да,
Жақсы адам жаман болмас, жасы жетіп қарыса да.
Суатсыз жерден суға түспе,
Буынсыз жерден пышақ ұрма.
207-тапсырма. Берілген терминдерді жаттап алыңыздар.
Суды химиялық талдау – химический анализ воды
Гидроморфологиялық талдау – гидроморфологический анализ
Қауымдық – ассоциация
Тектес ғимараттар атласы – атлас типовых сооружений
Абляция – абляция
Сәуле өлшеу – актинометрия
Су жеткізгіш – водовод
Қойнау – заводь
208-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды қысқаша
түйіндеп жазыңыздар.
Елімізде өндірілетін электр энергиясының 8% -ы су электр
стансаларына тиесілі. Мұндай стансалар, әсіресе республиканың
таулы аудандарындағы өзендердің құлап ағуы үшін пайдалануға
бағытталған. Қазақстанның су энергетикалық ресурстары жылына
160 млрд кВт * сағ электр энергиясын алуға мүмкіндігі бар.
Қазақстан су электр энергиясын өндіруде Ресей мен
Тәжікстаннан кейінгі үшінші орында тұр. Су ресурстары әркелкі
таралған, оның басымы Қазақстанның Шығысы мен Оңтүстік-
шығысында. Су электр стансасын өндіру, отын ресурсына жақын
орналасқан жағдайда тиімді. Бірақ су электр стансаларының
құрылысы ұзақ мерзімге созылып, технологиялық жабдықтарды
көп қажет етеді. Мұндай стансылар дер кезінде тез іске қосылады,
әрі сенімді. Негізгі жұмысын жаз мезгілінде істейтін су электр
стансаларының өндірген энергиясының өзіндік құны төмен
болады.
Су электр стансалары Ертіс өзені мен оның салаларында
салынған. Мұнда Ертіс, Бұқтырма, Өскемен және ең қуатты
Қазақ тілі
93
1,3 млн кВт Шүлбі су электр стансасы жұмыс істеуде. Кенді
Алтайдың таулы өзендерінде Үлбі, Хайрюзовск, Тургусунск,
Тишинск шағын су электр стансалары бар.
Іле өзенінде Қапшағай, ал Сырдарияда Шардара су электр
стансалары орналасқан. Алматы жанындағы Үлкен және Кіші
Алматы өзендерінде бірнеше шағын су электр стансыларының
каскадтары жұмыс істейді.
Қазақстанның ұсақ өзендерінде кейінгі жылдары 100 шақты
шағын су электр стансалары салынған. Мұндай стансаларға
қуаты
30
кВт-тан
100
кВт-қа
дейінгілер
жатады.
Шаруашылықты дамыту мақсатында ұсақ өзендерде шағын су
электр стансалары салынуда. Мұндай су электр стансаларының
салынуы еліміз үшін өте қажет және тиімді. Алматы облысының
Шарын өзенінде (қуаты 300 мың МВт) Мойнақ су электр
стансасының құрылысы аяқталуға жақын.
209-тапсырма. Өздеріңіз тұратын аймақта су қоймасы бар
ма?
Су қоймасының тиімділігі қандай дәрежеде? Оны жақсарта
түсу үшін не істеу керек? Оның шаруашылыққа, қоршаған
ортаға, халықтың өміріне жағымды және жағымсыз әсері?
Мысал келтіріңіздер.
210-тапсырма. Мәтін бойынша түсінгендеріңізді өз
көзқарасыңызбен толықтырып баяндаңыздар.
Ағызынды суларды тазарту
Ағызынды суларды, оларды ластаушы заттардан тазарту
күрделі
процесс.
Олар
механикалық,
химиялық
және
биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық әдіс – суды тұндыру және сүзу арқылы
ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әртүрлі
бөлшектер мөлшеріне қарай түрлі конструкциялық торлармен,
су беттілік қоспалар – май, қара май, мұнай ұстағыштар арқылы
сүзіледі. Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық
реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар
қолданылады.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
94
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластаудан тазартып,
оны қауіпсіздендіреді. Бірақ, соңғы кезде белгілі болғандай,
хлорланған ауыз суы ғалымдардың пайымдауынша бауыр, қуық,
асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туғызады. Хлор біздің
ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер
етеді. Жазғы маусымда, микроорганизмдер жылдам, қарқынды
көбейетін шақта су көбірек хлорланады. Осы кезде адам
денсаулығына қауіп күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі
– су тазартқышты (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса,
онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып
кетеді.
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп
қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының
әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін
магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық
өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен
толтырады да, төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді.
Оттек (ауамен үрлегенде) пен органикалық заттардың көп
мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп-өніп,
органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін
ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Сөйтіп, органикалық
заттардың минералдану процесі жүреді.
Органикалық
заттардың
мол
қорымен
қоректенген
бактериялар жедел түрде көбейіп, олардың массалары да ұлғая
түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп су
түбіне шөгіп, су тазара береді. Биологиялық тазалауға
қатысатын
организмдерге
әртүрлі
бактериялардан
басқа
балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер,
құрттар, т.б. жатады. Солардың бірқатарына тоқталамыз.
Жамбас құрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік.
Бұл оның уақытша қоғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбас
құрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы
жәндіктер.
Олар
түрлі
организмдердің
қалдықтарымен
қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен рөл атқарады.
Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың
негізгі қорегінің 60% -ы маса личинкалары екен. Арнайы