Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет32/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



95 

жүргізілген тәжірибелерде, бір ғана қоңыздың тәулігіне 65 – 70 

маса личинкасын жоятыны  дәлелденді.  

Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері 

көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік 

етеді.  Олардың  негізгі  қорегі  –  маса,  сона  мен  басқа  да  су 

жәндіктері.  Лаборатория  жағдайында  су  шаяндары  тәулігіне 

масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.  

Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің  орны 

ерекше.  Барлығы  дерліктей  жыртқыштар.  Тіршілік  ету 

ерекшеліктеріне  байланысты  инеліктерді  су  жәндіктерінің  «қос 

мекенділері»  деп  атауға  болады.  Өйткені  инеліктердің 

личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су 

жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып 

жүріп  ұстайды.  Олардың  өткір  тырнағына  көбінесе  маса, 

шыбын, соналар, т.б. зиянды жәндіктер ілінеді.  

Су  жүйелерін  тазалайтын  балықтар  да  бар  екен.  Арықтар 

бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс 

жасап, канал бойларына ақ амур, дөңмаңдай сияқты балықтарды 

қолдан  жерсіндірді.  Ақ  амур  ересектерінің  дене  тұрқы  120  см, 

салмағы  32  кг-ға  дейін  жететін  ірі  балық.  Денесі  ірі  бұл 

балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей.  

Арық  пен  канал  бойындағы  өсімдіктерден  құтылу  үшін 

қолданылып 

жүрген 

механикалық 



әдістерді 

шөппен 


қоректенетін  балықтармен  алмастыру,  экономикалық  жағынан 

өте  тиімді.  Сондай-ақ,    бұл  балықтар  басқа  да  маңызды 

қызметтер    атқарады.  Жағасында  қамыс  өскен  су  төңірегінде 

орналасқан ауыл тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні 

белгілі.  Ондай  кезде  ақ  амур  суда  өскен  қамыс  құрақты  азық 

етіп,  масалардың  ұрық  салатын  орнын  құртады.  Сондықтан,  су 

жүйелерін  тазалайтын  бұл  балықтарды  келешекте  канал,  арық 

суларында өсіруді қолға алған жөн.  



 

А.Ж. Ақбасова., Г.Ә. Самнова. Экология.  

                             −  Алматы: Бастау. 2003. – 292 б. 

 

211-тапсырма.  Ағызынды  суларды  тазарту  ерекшеліктеріне 

жергілікті жерден мысалдар келтіру арқылы сипаттама беріңіздер.  

 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

96 



212-тапсырма.  Жұптасып  жұмыс  істей  отырып,  мына 

сұрақтарды талдап,  әрқайсысына жауап жазыңыздар.  

 

Ағызынды суларды тазарту мәселесіне көзқарасыңыз? 



Су тұтынуда қолданылатын тиімді әдісті атаңыздар? 

Суды тазалау әдістерінің маңыздылығына тоқталыңыздар. 

Ағызынды суларды тазартудың қандай жолдары бар? 

 

213-тапсырма.  Сөйлемдердің  мәтін  мазмұнына  сәйкес 

келетінін белгілеңіздер.  

 

Студент атанды __________________ 



Мемлекет тағдыры_______________ 

Өркениетті ел ___________________ 

Су қоры _______________________ 

Ағызынды су___________________ 

Су байлығымыз__________________ 

Келісімге келу___________________ 

Қаржы көздері ___________________ 

 

214-тапсырма. Сөз тіркестерін мәтіннен тауып оқыңыздар.  

 

Ластаушы зат 



Хлорланған ауыз су 

Хлордан құтылу 

Ауа ағынымен 

Минералдану процесі 

Механикалық қоспа 

Қауіп күшейеді 

Балықтармен алмастыру 

 

215-тапырма. Мәтінді аударыңыздар.  



 

Өлкеміздегі су қорларының жағдайы 

 

Өз  өлкеміздің  су  қорларына  келетін  болсақ,  Жамбыл 

облысының  барлық  өзендері  Арал  теңізі  алабына  жатады. 

Қырғызстан  жерінен  бастау  алатын  Шу,  Талас  өзендері 

облыстың негізгі өзендері болып табылады.  



Қазақ тілі 

 

 



97 

Облыс  көлеміндегі  жерүсті  суларының  сапасын  зертхана-

лық  талдауда  өткен  жылмен  салыстырғанда,  2006  жылы  Шу, 

Талас өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.  

Жалпы,  облыс  бойынша  ластағыш  заттар  төгінділері 

«Шолақтау»  тау-кен  өндіру  комбинаты,  Шатыркөл  руднигі, 

Ақбақай  тау-кен  металлургиялық  комбинаты,  «Монолит»  ашық 

акционерлік 

қоғамы 

сияқты 


кәсіпорындардан 

болып 


отырғандығы расталып отыр.  

Су  –  өмірдің  нәрі,  ол  –  өмірдің  өзі,  оны  аялау,  көзіміздің 

қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық 

борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, 

оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның  саналы, экологиялық 

мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.  

 

216-тапсырма.  Мәтіннен  бірнеше  зат  есімдерді  теріп, 

көптік жалғауын жалғау арқылы сөйлем құрастырыңыздар.  



 

217-тапсырма.  «Таза  су  –  жанға  шипа»  деген  тақырыпта 

хабарлама дайындаңыздар.  



 

218-тапсырма.  Берілген  мақал-мәтелдерді  оқып,  мағынасын 

түсіндіріңіздер.  

 

Сусыз жердің шөбі аясыз, ұлсыз ердің малы аясыз. 



Тамшыдан тама берсе дария болар.  

Толықсып аққан дария, мейірбанды қария. 

Шөлдегі шұғанақ суға тоймас.  

Сәуірдегі жауын – сауып тұрған сауын.  

 

219-тапсырма.  Мәтінді  негізгі  бөліктерге  бөліп,  тақырып 

қойыңыздар.  



 

Су ресурстарының маңызы 

 

Су  физикалық,  химиялық  тұрғыдан  қарағанда  ең  күрделі 

заттың  біріне  жатады.  Оны  таза  күйінде  алу  өте  қиын.  Таза  су 

барлық  уақытта  жеңіл  судан  (Н

2

О),  ал  аз  мөлшерде  ауыр  және 



аса ауыр судан тұрады.  


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау