Қазақ тілі
83
ресурстарының көлемі жағынан да, сапасы жағынан да
жетіспеушілігі.
Әсіресе, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас пен Тобыл
өзендерінің трансшекаралас алаптарында сын көтермейтін
жағдай қалыптасқан. Көршілес мемлекеттер аумақтарындағы
осы өзендердің бастауларындағы көбейіп жатқан бүкіл су
алаптары, олардың төменгі ағыстарында дағдарыс жағдайын
туғызады.
Болашақта
Қазақстан
Республикасының
экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес төмендегідей шараларды
жүзеге асыруы керек:
Бірінші кезекте, 2007 жылға дейін су пайдалану көлемінің
ұлғая беруіне жол бермеу, су сапасын жақсарту, судың
ластануын азайтып, оның мөлшерін тұрақтандыру;
Екінші кезекте, 2010 жылға дейін су көздерінің ластану
дәрежесін 50%-ға дейін қысқарту;
Үшінші кезекте, 2015 жылға дейін су көздеріндегі су
сапасы нормалық талаптарға сай болуы тиіс.
Болашақта
Қазақстан
Республикасының
экономика
салалары суға деген сұранысты одан әрі қамтамасыз етуге
шамасы келмейді, әрі өзендер бассейніндегі табиғи кешендерді
қанағаттанарлықтай жағдайда сақтай алмайды. Сондықтан
алдын ала мынадай қажетті шараларын жасау керек.
Сондықтан тоған шаруашылығын дамытып, экономиканың
суды көп қажет етпейтін салаларын дамытқан тиімді. Мұндай
міндетті алдағы 5–10 жылға (2010 –2015 ж.ж.) қою қажет. Олай
етпеген жағдайда трансшекаралас өзендер арқылы судың
келуінің тоқтау қаупі жылдамдайды (көршілес мемлекеттердегі
экономика салаларының жедел қарқынмен дамуына байланысты).
179-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
Су ресурстарының көлемі қандай?
Қазақстан аумағы қанша су шаруашылықтарына бөлінген?
Су шаруашылықтарының ортақ мәселесін атаңыздар?
Болашақта су сапасын жақсарту мәселесі қалай?
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
84
180-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөйлем
құрастырыңыздар.
181-тапсырма. Топ болып, Қазақстандағы су ресурстарының
шешілу жолдары жайында ой бөлісіңіздер.
182-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің
мағыналарын түсіндіріңіздер.
Қамтамасыз ету, жетіспеушілік, дағдарыс, үздіксіз қысқару,
ұлғая беру, жол бермеу, тұрақтандыру, қанағаттанарлық жағдай,
тоқтау қаупі, жедел қарқын.
183-тапсырма. Мәтіндегі мына сөздердің синонимдерін
табыңыздар.
Мәселе Қаупі
Кезекте Жедел
Сапасы Үздіксіз
Ластану Көлемі
Тоқтау Бақылау
184-тапсырма. Өздеріңіз туып-өскен аймақтарыңызда
өзен, көлдер бар ма, суының тазалығы мен сапасы туралы пікір
алмасыңыздар.
185-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
Жаман өзен өткел бермес.
Жаман суға ащы бұта бітеді,
Көл бұрқанса, жар құлайды.
Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
Су – тілсіз жау.
Су аққан жерінен ағады, шөп шыққан жерінен шығады.
186-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем
құрастырыңыздар.
Су жиналатын шұңқыр – водосборная колонка
Қазақ тілі
85
Су бетінен булану – испарение с водной поверхности
Су кадастры – водный кадастр
Су электр станциясы (СЭС) – гидроэлектростанция (ГЭС)
Қуаңшылыққа төзімділік – засухоустойчивость
Төмен қысымды аймақ – область пониженного давления
Аэроәдістер – аэрометоды
Ағысты жүйек – проточная
Ауалану – аэрация
Мұз жағдайының абрисі – абрис ледовой обстановки
187-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бірнеше бөлімге
бөліп, тақырыпша қойыңыздар.
Су – тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы
Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосфера, литосферамен
қатар, жеке қабат – гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы
ретінде ерекше қасиеттерімен сипатталады.
Судың қасиеттері:
1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны.
Жердегі барлық ресурстар жойылып, не шашырайтын болса, ал
су әртүрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне
байланысты, ол мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай
қасиетке ие болатын бірден-бір ресурс.
2. Су қатқан кезде көлемі артып, сұйыққа айналғанда
көлемі кішірейеді.
3. Оның ең жоғарғы тығыздығы +4
0
С -да байқалады.
Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттері
осыған байланысты. Мысалы, су қоймаларының терең қатпауы.
4. Жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
5. Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ
тәріздес күйге өтуге қабілеттілігі. Төменгі температурада қатты
күйден (мұз, қар) бірден бу тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс
сублимация деп аталады.
6. Булану, еру кезінде жылу сіңіріледі де, ал будан
конденсациялану мен қату кезінде жылу бөлініп шығады.