Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
76
155-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестерін тауып,
сөйлемді оқыңыздар.
Тасымалдаушы өзендердің
Су ресурстарының
Өзендік алаптардың
Болжамдық ресурстар
Толық пайдалану
Жалпы ауданы
Өзендік ағыстың
Максималды шығындары
156-тапсырма. Оң жақтағы етістіктермен, сол жақтағы
керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Айналаны жоғарылайды (несі?)
Аудандары тудырады (несін?)
Тапшылығы бөлінген (нелері?)
Суларын пайдалану (нелерін?)
Қысқа уақытта реттелу (қандай?)
Шығынын қамтамасыз ету (нені?)
157-тапсырма. Мәтін бойынша тірек сөздерді теріп
жазыңыздар.
158-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
1. Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
2. Су басынан тұнады,
Балық басынан шіриді.
3. Су анасы – бұлақ,
Сөз иесі – құлақ.
4. Ағын суда арам жоқ.
5. Ағын су бал татыр, ақ шабағы май татыр.
Қазақ тілі
77
159-тапсырма. Өсімдіктерге қатысты берілген атаулардың
атын толықтырып жазыңыздар.
160-тапсырма. Берілген терминдерді жаттап алыңыздар.
Теңдестік – баланс
Арка – доға
Агрегат дождевальный – жаңбырлатқыш
Су жиналу алабы – водосборный бассейн
Суасты аңғарлары – подводные долины
Ылғал тартқыштық – гигроскопичность
Судың қайтуы – отлив
Абляция лединка – мұздық абляциясы
Судың лайлылығы – мутность воды
161-тапсырма. Мәтінді оқыған соң, оны негізгі бөліктерге
бөліп, тақырып қойыңыздар.
Қазақстан Республикасындағы мұздықтар мен көлдер
Қазақстан
халқының
өмірі
мен
тіршілігінде
көлдер
экологиялық маңызды рөл атқарады. Г.Г. Муравлев атап өткендей,
«әрбір көл және олардың біртекті тобы – бұл ерекше географиялық
кешен, онда қазан шұңқырдың сипаттамасы мен құрылысы, көлге
келетін жер беті және жерасты
ағынсыз судың үнемі болуы».
Құрғақшылықтың
солтүстіктен
оңтүстікке қарай ауысуына байла-
нысты көлдер саны мен көл суының
минералдылығы артады. Қазақстан
территориясында 48 мыңнан астам
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
78
көлдер бар, олардың 45 мыңы ауданы 1 км
2
-тан аз, кіші көлдерге
жатады. Ірі көлдердің ауданы 10 км
2
-нан артық, ал 296 олардың
жалпы ауданы 11,6 мың км
2
жерді алып жатыр.
Мұздықтар Қазақстандағы өзендердің негізгі қоректену
көзі болып саналады. Қазақстанның мұздықтары өзіне тән,
төмендегі температурада болады. Қыста олардың қабаттары
қатты қатады. Жаз мезгілінде мұздық беттің қабаты 0
0
С -ға
дейін жылжиды. Мониторингті жүргізу нәтижесінде, Іле-
Алатауының мұздану жағдайында 35 жыл ішінде мұздықтардың
көлемі мен алаңы 25 % -ға қысқарады.
Қазақстанда су шаруашылық кешені жұмыстарын қайта
қалпына келтіруге көңіл бөлінуде. Көптеген қалалар мен
ауылдық елді мекендердің тұрғындары «ауыз су» МЕСТ
талаптарына сәйкес емес пайдаланады. Көптеген өнеркәсіптік
өндірістер мен тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйелерінің
техникасы тозған. Су шаруашылық мамандарының пікірінше,
қазір әлеуметтік және экологиялық себептер ескерусіз қалуда.
162-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға «иә» немесе
«жоқ» деп жауап беріңіздер.
Мәтінде не туралы айтылған?
1. Қаржы туралы
2. Жұмыс туралы
3. Сүйіспеншілік туралы
4. Мұздықтар туралы
5. Уақыт туралы
6. Экономика туралы
163-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді мәтін бойынша
дұрыс орналастырыңыздар.
Құрамын білдіреді
болып табылады
жүйені көрсетеді
суды пайдаланады
жүйелер қалыптасқан
рөл атқарады
режимді иеленеді
Қазақ тілі
79
себептерді ескермейді
жүйесін бұзады
164-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.
1. Мұздықтар Қазақстан өзендерінің негізгі .... көздері
болып саналады.
2. Су тау .... қоректенуіне қатысады.
3. Су ... кешендері қатерлі жағдайда тұр.
4. Көл суының ... артады.
5. Өзендердің ..... құмдарға сіңеді.
165-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен
сөйлем құрастырыңыздар.
Көлдер саны, тұз балансы, қоректену көзі, мұздықтардың
көлемі, суды пайдалану, экономикалық жүйе.
166-тапсырма. Мәтіннен етістіктен жасалған тіркестерді
теріп жазыңыздар.
167-тапсырма. Мәтіндегі етістік сөздердің шақтарын
ажыратыңыздар.
168-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасына
қарай жағдаят құрастырыңыздар.
Бұлағы болмаса, өзен де сарқылар.
Еділ басынан лайланады, сағасынан тұнады.
Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген,
Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген.
Жаман көлдің суы ащы.
Жаман өзен сайға құлай ағады.
169-тапсырма. Мәтінмен танысып, еліміздегі таза су
мәселесінің шешілуі жайында пікір алмасыңыздар.
Су ресурстарының экологиялық жағдайлары
Су қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығының, өнеркәсіп,
энергетика және экономиканың басқа салаларымен қоршаған
Достарыңызбен бөлісу: |