«Бекітемін»
Шалқар ауданының білім бөлімі ММ-сі
07 ақпан 2015 ж.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттама
«Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-сі
білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс
Конкурсты ұйымдастырушы:
Шалқар ауданының білім бөлімі ММ-сі 031200, Шалқар қаласы, Есет Котібарұлы84
ИИК KZ32070102KSN1000
БСН 060240010381
БИК KKMFKZ2A, Кбе 12
сайт: http://shalkar-bilim.kz/
1. Жалпы ережелер
Конкурс Шалқар ауданының білім бөлімі ММ-сі тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі жабдықтаушыны таңдау мақсатында өткізіледі.
Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 4782 білім алушыны құрайды, оның ішінде1-4 класс аралығында- 3488, аз қамтылған отбасы 1142 оқушы, 152 интернат баласы.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 56 186 700 – 00 теңгені құрайды.
Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінішті;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінішпен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінішті қамтамасыз етуді:
1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында
БИН 060240010381
РНН 061700211469
ИИК KZ040705034644902001
ГУ Комитет Казначейства МФ РК
БИК KKMFKZ2A
(конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)
орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7- қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.
2. Әлеуетті өтініш берушілерді конкурс туралы хабардар ету
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өтініш берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.
6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
Көшірмесін алган жабдыктаушыларға конкурстық құжаттардың ережесін тусіндіру
1. Конкурсқа қатысушы жабдықтаушы конкурстық құжаттарға қатысты сауалдарын жазбаша түрде 2015 жылдың 27 ақпанда сағат 10.00-ден кешіктірмей жіберуі тиіс, жабдықтаушы өз сауалдарын сатып алуды ұйымдастырушының мына реквизиттеріне жіберулері тиіс; Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы 84, 9 кабинет. Есеп бөлімі.
2. Мемлекеттік сатып алушы құжаттарға қатысты сауалдарды алғаннан кейін, үш жұмыс күн ішінде оған жауап беруге тиісті.
А) Конкурстық құжаттарды алғаны туралы журналға тіркелген адамға конкурстық құжаттардың ережесін жібереді.
Ә) Өзінің веб-сайтында конкурстық құжаттардың ережесін түсіндірген мәліметті жариялау.
3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу
9. Конкурсқа қатысуға өтініш:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өтініш берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінішті;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
Жабдықтаушы конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішін конвертке салып, оның бет жағына өзінің толық мекен-жайын (уақыттан кешіккен жағдайда конвертті ашпай қайтару мақсатында), толық аты-жөнін, мекенөжайын, конкурстың тақырыбын жазады
4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 031200, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы 84.
Конкурсқа қабылдау және құжатты тіркеуге жауапты – Әлбаева А.Ж.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 17-00ге дейін,
27 ақпан 2015 жыл, сағат 18-00 дейін 9(кабинет) бөлмеде аяқталады.
телефон 8(71335)21-3-31,
11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақыт пен орында конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.
Конкурс бір ғана өтініш түскен кездің өзінде, ол өтініш жазылған конверт ашылады
Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген конвертті ашуға қатысқан жабдықтаушының өкілетті өкілдері өздерінің өкілеттілікткерін растайтын құжаттарды көрсетіп,жабдықтаушы тіркелетін журналда тіркелуі тиіс; Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы 84 2015 жыл 9 ақпан сағат 13:00 ден бастап құжат қабылдау басталады.
Жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдері конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу туралы өтініш білдірген конверттерді ашу кезінде бейнежазу мен бейнетүсірілім жасайтын техникалық құралдарды пайдаланатынарын хабарлайды.
Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген хатты ашқанда конкурстық комиссия отырысына қатысушылардың иесіне, конкурстық комиссия хатшысының жұмысына жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдерінің араласуына, қол сұғуына тиым салынады.
15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.
17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
6. Конкурстық өтінімдерді қарау
19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.
21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.
25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.
Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.
27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасы конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.
30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 5-қосымшасына сәйкесресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.
31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінішті қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді. Конкурстық комиссия конкурсқа бөлінген соманың бір ғана пайызы төленсе, конкурстық талаптарға сай өтініш деп қабылдайды.
33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.
34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.
37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.
39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
7. Конкурс қортындысы бойынша мелекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шарт
Конкурста жеңімпаз болған
40. Жабдықтаушы веб-порталда конкурс қорытындысының хаттамасы жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартқа қол қоймастан бұрын мердігерге жабдықтаушының біліктілік талаптарына сай келетіндігін растайтын көшірмені жібереді.
41. Электронды конкурс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылған бес күн ішінде мердігер жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алу тауарларының келісім-шарт жобасын, жұмыс көлемін, «ҚР Мемлекттік сатып алу туралы» заңына бұдан кейін заң ға сәйкес атқарылатын қызмет көрсету аясына, типтік келісім-шарт негізінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарының түрлеріне қол қойып, жабдықтаушыға жібереді.
42. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін бес күн ішінде мемлекеттік сатып алу жөнінде келісім-шартта көрсетілген талаптарды орындауга қамтамасыз етуі тиіс.
43. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартты орындауды қамтамасыз етудің кепілдемесі жабдықтаушы өз уақытында, толықтай мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартта айтылғандарды орындау болып есептелінеді.
43. Келісім-шартты қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы келісім-шартта көрсетілген жалпы соманың үш пайызы көлемінде еңгізеді.
45. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартты орындауда қамтамасыз етудің мына бір түрін таңдайды:
1) Мердігердің банктегі есепшотына немесе ҚР бюджет заңдылықтарыңда қарастырылған мемлекеттік ұйымның немесе мемлекеттік мекеменің есепшотына кепілдемеге ақша аударса
2) Ереженің 9-қосымшасына сәйкес банкттік кепілдеме.
46. Келісім-шартта көрсетілген міндеттер толық орындалмайынша жабдықтаушы тараптарынан үшінші бір адамның кепілдеме ақшаны толықтай не бір бөлігін талап етуіне жол берілмейді.
47. Мердігер жабдықтаушының кепілдемеге салған ақшасы Заңды қарастырылмаған мақсатқа жұмсауга құқы жоқ.
48. Мердігер жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алу келісім-шартының орындалуы өз уакытында немесе бес жұмыс күні ішінде атқарылса, онда оның жұмсаған ақшасын қайтарады.
49. Егер жабдықтаушы келісім-шартта айтылған міндеттерді, жұмыс көлемін орындамаса, тауарларды өз уақытында әкелмесе, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шарт бұзылса, онда мердігер келісім-шартты қамтамасыз ететін қаржыны қайтармайды.
50. Заңның 3-бабының 6,7,8 тармақшаларында көрсетіленгендей, келісім-шарт ережесі бір жылға жасалады.
51. Келісім-шартта мемлекеттік сатып алу жөніндегі өзгерістердің еңгізілуі қарастырылуы керек.
52. Отандық тауар өндірушілерімен және отандық жабдықтаушылыарымен жасасқан келісім-шартта жұмыс, қызмет көрсету салаларына алдын ала ақы төлеу немесе толық төлеу ережеге сай, келісім-шарттағы міндетті орындауға кіріскен күннен есептегенде 30-күннен аспауы тиіс
53.Егер жабдықтаушы Заңды көрсетілген мерзімде мердігерге мемлекеттік сатып алу жөніндегі қол қойылған келісім-шарттын жасасып, бірақ конкурстық құжаттардағы айтылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етпесе, онда мұндай жабдықтықтаушы мемлекеттік сатып алу келісім-шартына отырудын жалтарған болып есептеледі.
54. Егер жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу келісім-шартына отырудан жалтарса онда мердігер;
1) электронды конкурсқа қатысу үшін төлеген қаржысы ұсталады да, ол туралы мәләметтерді өкілетті органдарға ұсынады, мұндай жабдықтаушының мемлекеттік сатып алу жөніндегі жауапкершілігі төмен екендігі туралы сотка арыз береді.
2) Қажет жағдайда мұндай жабдықтаушыны сот арқылы мемлекеттік сатып алу келісім-шартына отыруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу келісім-шартынан жалтарғандағы зияның орнына толтыруға мәжбүрлейді.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының
тізбесі
Шалқар ауданының білім бөлімі ММ-сі
білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс
№
|
Конкурсты ұйымдастырушының атауы
|
Білім беру ұйымын
дағы көрсетілетін қызметті алушылар
дың жалпы саны
|
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру
мен қамтамасыз етілетін білім алушылар
|
Қызметті көрсету мерзімдері
|
Қызметті көрсету орны
|
Білім алушыларды тегін тамақтанды
руды қамтамасыз етуге
бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Шалқар ауданының білім бөлімі ММ-сі
|
4782
|
4782
|
01.04.2015
25.05.2015
|
Шалқар ауданы мектептер тізімі қосымша жалғанды
|
56186700 - 00
|
Бөлім басшысының м.у.а: Басмаганбетова Р.К
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |