Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»



жүктеу 6,23 Mb.
бет77/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

э
Сурет 10.5. Жону автоматының кӛпсүмбілі кинематикалық сұлбасы:
1 — айналдырық бӛлігінің бұрылу механизмі; 2 кӛлденең құралкүймешегі; 3 таратушы білік; 4 — үйлестірмелі қозғалтқыш; 5 — басты қозғалтқыш; 6 — ӛтпелі құралкүймешегі; 7 — айналдырық бӛлігі; 8 — жоңқа тасушы
Әмбебап автоматтар ӛнімділік жағынан бӛлек жұмысшы және бос жүрістерді ӛзара біріктіретін қағидатын қолданумен автоматтандырылмаған станоктарды бірнеше есеге басып озады. Сонымен, жоғарыда кӛрсетілген кӛп сүмбілі жону автоматында түрлі жағдайдағы ӛңдеудің барлық операциялары біруақытта орындалады және сонысымен ӛзара байланыса бірігеді.
Нәтижесінде жонушы кӛп айналдырықты автоматтар қолмен басқарылатын станоктарға қарағанда 20 есеге ӛнімділікті. Алайда бұл бір бұйымды ӛңдеу барысында қайта үйлестіру болмаған жағдайда орындалады, себебі автоматтар мен жартылай автоматтар мобильділігі автоматтандырылмаған станоктарға қарағанда біршама тӛмен. Сонымен, жонушы автоматтың қайта үйлесуі (10.5-суреттен қара) бірнеше сағат уақытты алады және бағдарлама тасушыны қайта үйлестіруді — жұдырықшалар және кӛшірмелер ауыстыруды, сонымен бірге, тартпалы беріліс жүйелерін реттеуді; кинематикалық қайта баптау — ауыспалы тегершіктерді ауыстыру; құралдар және технологиялық жарақтандыруларды ауыстыру; механизм және құрылғыларды реттеу — құралкүймешегін, қысушы механизмдер және т.б. реттеуді талап етеді.
Сондықтан да әмбебап автоматтар ӛңдеу нысандары жылдам ауыстырылатын ірі топтамалы және жаппай ӛнідіріске тән, олар машина жасау және аспап жасаудың түрлі салаларында кеңінен қолданылады.
Тұрақты ӛнімнің жаппай ӛндірісі барысында құрылғыны қайта үйлестіру қажеттілігі жойылады. Оған қоса, ережеге сай, шығару ауқымы да кеңейтілген, сәйкесінше, технологиялық құрылғы ӛнімділігіне деген талаптардың кеңеюінен машиналардың үшінші тобы — мамандандырылған және арнайы автоматтар және жартылай автоматтар пайда болды.
Мамандандырылған жұмысшы машинасы деп бір типті аз кӛлемді топта шығарылатын бұйым ӛңделуіне қайта үйлестірілетін машиналарды айтады. Арнайы станоктар, автоматтар, жартылай автоматтар және автоматты желілер нақты бір бұйым шығаруда есептеліп жобаланады.
Кез-келген арнайы құрылғы белгілі бір деңгейде бірегей болып табылады, бұл әр құрастырылым кезінде жасау және жеткізуіне біраз уақыт жұмсалатын жаңа түпнұсқалы құрастырылым және құрама шешімдерін табуға мәжбүрлейді. Сондықтан мамандандырылған және арнайы автоматтар мен жартылай автоматтардың кемшіліктері олардың құндарының жоғарылығы және жеткіліксіз сенімділіктері ғана емес, сонымен бірге, жаңа машинаның жеткізілуі. Жаңа түпнұсқалы машиналарды жобалау, дайындау, кейінге қалдыру және игеруге ережеге сай, ӛндіріс нысаны ескіруге ұшырауы мүмкін кӛптеген жылдар қажет.
Ӛңделетін бұйымдарды ауыстыру барысында арнайы құралдардың кӛбісі жарамыз болып және жойылуға немесе қайта
жарақтандырылуға жатады.
Құралдың ӛнімділігі және мобильділігіне деген талаптың артуы арасындағы қайшылықтарды жоюды қысқа уақытта жобаланып және игерілетін, кеңейтілген технологиялық мүмкіндіктермен жоғары ӛнімділігі үйлестірілген машина жасап шығарумен шешуге болады. Бұл егер жаңа арнайы автоматтар және жартылай автоматтар жыл сайын жаңадан жобаланбай, бекіткіш бұйымдар, мойынтірек, электр қозғалтқыштар сәйкестендірілгендері сияқты, тек типтік механизмдер мен құрылғылар негізінде сәйкестендіріле жарақтандырылатын болса ғана қолжетімді болады.
ХХ ғасырдың 30 жылдары сәйкестендірілген қызметтік түйіндерден арнайы машиналар жобалануы басталып, олардың кӛбісі қазіргі кезде автоматтар жасаудың түрлі саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың біршама кӛлемі ӛңдеу барысында қозғалмайтын жабынды және басқа да бұйымдарды ӛңдеу үшін жасалған. Бұндай автоматтар және жартылай автоматтар — тӛртінші топты құрап — агрегатты станктар деген атауға ие болды.
Агрегаттық станоктар түрлі сәйкестендірілген механизмдер мен түпнұсқалық құрастырмалы элементтердің минималды кӛлемі қамтылған түйіндерден құралады. Олар әдетте бұрғылау, жону операцияларына; ойықтағы бұранданы кесуге; жазық беткейлерді, саңылауларды және шығыңқыларды фрезерлеуге арналады. Кӛп жағдайлы агрегаттық жартылай автоматты станок келесідей негізгі қызметтерді қамтиды: күштік үстелдер, ӛздігінен әрекет етпейтін күштік бастиектер, сүмбі қораптары, бұрылғыш жетекті бұрылу үстелі, бүйір жақтаулары, тік тіреулер, орталық табан.
Сәйкестендіру нақты ӛңделетін бұйымға байланысты емес, оның қызметтік қолднылуына қарай мүмкін болады. Онымен, күштік үстелдер беріліс механизмі сияқты кез-келген ӛңдеу барысында жасаудың бір айналымын иеленеді: жылдап ынғайландыру — баяу жұмыстық беріліс — жылдам кері алу — ағымдағы қалпында тоқтату. Сондықтан да күштік үстелдер типтік ӛлшемдер шамасы ретінде сәйкестендірілген болып табылады.
Сол сияқты, күштік үстелде жӛнделіп және бір шығыңқы айналдырыққа ие ӛздігінен әрекет етпейтін күштік бастиектерді де сәйкестендіреді. Айналдырық қораптары арнайы түйіндер болып табылады және кесуші құралдардан тұратын жұмыс істеуші айналдырықтың ӛзара орналасуы мен санын анықтайтын нақты ӛңделетін бұйымға сай жобаланады. Ӛңделетін бұйымды бекітуге арналған қосалық бӛліктерді де баламалы түрде жобалау қажет.
Түрлі станоктардың бұрылмалы станоктары бірдей қызмет кӛрсетуге арналған — кезеңді бұрылыс және тіркелген жағдайында тоқтауы — және тек үлкен кӛлемдері мен жағдайлар саны арқылы ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан да бұрылмалы үстелдер үстел диаметрі мен жағдайлар саны бойынша ерекшеленетін типтік ӛлшемі бойынша сәйкестендірілген. Үстелді айналу механизмімен
бірге және бүйір жақтаулар мен күштік түйіндер (үстелдер, бастиектер) жӛнделетін тіреулерге арналған ұштаса байланысатын беткейлі орталық (дӛңгелек) табан арқылы сәйкестендіреді.
Дайындалған технологиялық үрдіс бойынша агрегаттық станоктарды жобалау нәтижесінде айналдырық қорап және қосалық бӛлік жобалануына сәйкестендіріледі. Қалған түйіндерді қолжетімді тізімдер арасынан типтік ӛлшемдеріне сай таңдап және 10.6 -суретте кӛрсетілгендейқұрамдайды.
Агрегаттық станоктар ең алдымен жаппай ӛндіріс мәселесін шешеді, себебі, ережеге сай, олар басқа бұйымдарға қайта үйлестірілмейді.
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бері кеңінен қолданыс тауып келе жатқан автоматтандырылған құрылғының жаңа үдемелі түрі, топтамалық бұйым шығару мәселесінің шешімі болып сандық


Сурет 10.6. кӛпжағдайлы агрегаттық станоктың құрамдалу сұлбасы:


1 — ӛңделетін бұйымдарға қосалқылану; 2 бағыттаушы; 3 — айналдырық қорапшалы күштік бастиек; 4 — орталық баған; 5 — бүйір жақтау; 6 — орталық табаны; 7 — бұрылмалы үстел


бағдарламаланған басқарулы станоктар табылады.
Бағдарлама тасушылары тіреулер мен жұдырықшалар болып табылатын жартылай автоматтар мен автоматтарға қарағанда сандық бағдарламалық басқару жүйесі бар станоктарда бағдарлама оны тасушыларда код түріндегі электрондық жүйе арқылы оқылатын және ӛзгертілетін ақпарат (мысалы, перфо таспада), кӛмегімен беріледі.
10.7-суретте сандық басқару бағдарламасы бар және құралы автоматты ауыстырылатын кӛп операциялық станок келтірілген. Станок берілген бағдарлама бойынша арқалықта құралдың ауыстырылуы автоматты жүргізілуі үшін қажетті құралдар топтамаы орналастырылған дүкенді иеленеді. Бұл бір рет қондырғы орнату барысында ең күрделі бұйымдарды ӛңдеуде жасалуға қажетті фрезерлеу, жону, бұрғылау, сүргілеу, бұранда кесу және т.б. ӛңдеу айналымдарының операцияларын орындауды қамтиды. Жылдамдық және беріліс қорапшалары бос жүріс уақыты кезінде автоматты қайта қосылуды қамтамасыз етеді, бұл барлық операциялар барыснда ӛңдеудің тиімді режимін қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқарылатын кӛп операциялық станоктар, ережеге сай, екі үстелден тұрады, бұл ӛңделген бұйымды ағытып алуды, бекітуді және ӛңдеудегі және дайын бұйымды салыстыра ӛлшеуге мүмкіндік береді.


Сурет 10.7. Бағдарламалық басқарылатын кӛпоперациялық станок:
1 — реттеуші үстел; 2 — тіреуіш; 3 — арқалық білдек басы; 4 — құралдар дүкені; 5 — басқару тетігі
Осылайша, СББ станоктары әмбебап станоктарға тән жоғары мобильділікпен жартылай автоматтар мен автоматтарда қолжетімді болатын жоғары ӛнімділікті игереді. Олардың жасалып және енгізілуі әлемдік автомат жасау дамуының жаңа сатысы болды.
Бірінші сатыдағы автоматтандырылған ӛндірістің жоғары пішіні болып негізгі технологиялық үрдістер автоматты жүзеге асырылып, ал станок аралық тасымал, бітемелер жиналуы, ӛңделген бұйымдардың апалық бақылануы, қалдақтардың тазартылуы қолмен жүргізілетін автоматтар және жартылай автоматтардан құралған автоматты желілер болып табылады. Жартылай автоматтандырылған автоматты желіде одан басқа, ӛңделетін бұйымдарды тиеу-түсіру операциялары да орындалады.



    1. жүктеу 6,23 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау