МОДУЛЬ 1: КІРІСПЕ
ФОТОШОП ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы
редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe
Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған.
Adobe
Photoshop-ты
кəәсіпқой
фотографтар,
цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб-
дизайнерлер
жəәне
қарапайым
қолданушылар
пайдаланады.
Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы
оны əәркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді
түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндік
береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар
бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəәне т.б.
Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор
объектілерді қолдайды.
2-сурет. Adobe Photoshop-тың жұмыс ортасы
РАСТР СУРЕТ
Растр сурет немесе «бит-форматындағы графикалық файл» (bitmap) -
цифрлық суреттер ұсынысының əәдісі болып саналады. Растр сурет
бірнеше форматта белгіленеді: .gif, .jpeg, .bmp. Растр сурет бейнені
биттік ақпаратты жүйелілік түрде көрсетіп, экранға пиксель ретінде
орналастырады. Бұл пиксельдер түс нүктелерін құрастырып, бүкіл
суретті тудырады.
ВЕКТОР СУРЕТ
Вектор суреттер – бөлек объектілер жиынтығы болып саналады.
Вектор сурет нүктелерден құрылып, сызықтармен жалғануы мүмкін
немесе түйіндер Безье қисықтарымен қосылады.
2-сурет. Растр сурет пен Вектор суреттің айырмашылығы
ПИКСЕЛЬ
Пиксель - растр суреттерде бір нүкте болып саналады. Пиксель - ең
кішкентай экран элементі, бақылай алатын суреттің ең кішкентай
өлшемі.
3-сурет. Пиксельге мысал
RESOLUTION
Resolution – бір дюймдағы пиксельдердің (нүкте) саны (ppi/dpi).
Resolution қаншалықты үлкен болса, сурет соншалықты көп
бөлшектерден құралады. Бұл дегеніміз, resolution қаншалықты үлкен
болса, сіздің суретіңіз соншалықты сапалы болады дегенді білдіреді.
ƏӘрине, онымен қоса файл мөлшері де үлкен болады. Мысалы, егер сіз
файлыңызды принтерден шығарғыңыз келсе, онда resolution 300 dpi
болу керек.
ТҮС ТƏӘРТІПТЕМЕЛЕРІ
Фотошоп мына түс тəәртіптемелерімен жұмыс істеуге рұқсат етеді:
RGB, CMYK, Lab, Greyscale, Bitmap, Indexed, Duatone. RGB жəәне
CMYK - түс тəәртіптемелерінің ең басты түрлері. RGB түс тəәртіптемесі -
экрандағы түстерді көрсетуге арналған. CMYK түс тəәртіптемесі -
суреттерді принтерден шығару үшін қолданылады.
RGB (Red, Green, Blue) - (Қызыл, Жасыл, Көк)
Фотошоптың RGB түс тəәртіптемесі - RGB моделін
қолданып, əәрбір пиксельдің 0-ден (қара) 255-ке (ақ) дейінгі
интенсивті мағынасын суреттегі əәрбір RGB компонентіне
иемдейді. Мысалы, ашық қызыл түсте R мағынасы - 246, G
мағынасы - 20, B мағынасы - 50 болады. Егер үш компоненттің
мағыналары бірдей болса, онда нəәтижесінде бейтарап, сұр түс шығады.
Ал, егер барлық компоненттің мағыналары 255-ке тең болса, онда
нəәтижесі таза ақ түс болады; 0-ге тең болса, нəәтижесі қара түс болып
шығады.
CMYK (Cyan, Magenta, Yellow, Key(Black))
CMYK – көгілдір, қарақошқыл, сары, кілт немесе
қара түсті белгілейді. Бояудың бұл төрт түсі «оффсетты
баспа» деген дəәстүрлі баспа əәдісінде қолданылады.
Алғашқы үш түске (көгілдір, қарақошқыл, сары) қараны
қосатын болсақ, нəәтижесінде пайда болатын спектрде түстерді
араластыра аламыз. CMYK түс араластыру жүйесі химиялық
пигменттерге тəәуелді бола отырып, қажетті түсті шығарады.
ИНТЕРФЕЙСТІ ТҮСІНДІРУ
Фотошоп – түйсікті-пайымдық интерфейске ие. Фотошопты жаңадан
ашқан қолданушы болса да, интерфейсті тез ұғып алады. Фотошоптың
интерфейсі мына элементтерден құралады: Меню, Жұмыс аймақтары,
Терезелер орналасымы, Құралдар, Сызғыш, Шолу мөлшері, Scroll bar
жəәне Палитра.
4-сурет. Фотошоп интерфейсі
Бұл элементтердің кейбіреуі өзгертіліп немесе қолданушыға
жақындау орналастырылуы мүмкін.
5-сурет. Орналастырылған элементтер
ФОТОШОП МҮМКІНДІКТЕРІ
1) Content-aware Fill - толықтай автоматтандырылған суреттерді
"Жамау" құралы. Қысқаша айтқанда, бұл құрал сізге суреттерді
өзгертуге немесе жаңа сурет тудыруға мүмкіндік береді.
6-сурет. Content-Aware Fill
2) Puppet warp құралы - қолданушылардың көптен күтіп жүрген
жаңалығы, ол Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді. Бұл
құрал қаңқа секілді пішін құрып, түйіндерді объектіге жалғап,
объектілерді бұруға, өзгертуге мүмкіндік береді.
7-сурет. Puppet Warp
3) Mixer Brush Tool. Төмендегі суреттің бірнеше секундта
жасалғанына сенесіз бе? Фотошоп жаққыштарының бірін таңдап, сары
жəәне қызыл түсті сызық сызып алыңыз. Жаққыштардың ішінен Mixer
Brush құралын таңдап, сызылған сызықтардың үстінен бірнеше рет
жүргізіп, екі түсті араластыруға кірісіңіз. Соңында үшінші суреттегідей
нəәтижеге жетесіз.
Бұл құрал цифрлық суретшілерге өте ыңғайлы жəәне олардың
жұмысын жеңілдетеді. Дəәстүрлі суретшілер өз суреттерін салу үшін,
май бояларды қолданып, еденді бүлдіріп алмау үшін жерге газет төсеуге
мəәжбүр. Ал Сізге керегі Фотошоп пен тінтуір немесе графикалық
планшет.
8-сурет. Mixer Brush Tool
4) 3D Объектілермен жұмыс істеу. Фотошоптың тағы бір
ерекшелігі - жобаларыңызда 3D объектілерін қолдану мүмкіндігі. Яғни,
сіз 3D пішіндерді сырттан импорт жасап аласыз немесе бағдарламаның
ішінде құрастырасыз. Конус, куб, цилиндр, пирамида, сфера, мəәтін жəәне
т.б. пішіндермен жұмыс істеуге болады.
9-сурет. 3D объектілерді қолдану
ҚОРЫТЫНДЫ
Adobe Photoshop дегеніміз не?
Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін
жасалған, Adobe Systems Inc. тарапынан өңделген жəәне таратылған.
Растр сурет
Растр сурет немесе «бит-форматындағы графикалық файл» (bitmap) -
цифрлық суреттер ұсынысының əәдісі болып саналады.
Вектор сурет
Вектор суреттер – бөлек объектілер жиынтығы.
Пиксель
Пиксель - растр суреттерде бір нүкте болып саналады.
Resolution
Бір дюймдағы пиксельдердің (нүкте) санын (ppi/dpi) resolution деп
атаймыз.
Түс тəәртіптемелері
Фотошоптың RGB түс тəәртіптемесі - RGB моделін қолданып, əәрбір
пиксельдің 0-ден (қара) 255-ке (ақ) дейінгі интенсивті мағынасын
суреттегі əәрбір RGB компонентіне иемдейді.
CMYK – көгілдір, қарақошқыл, сары немесе қара түсті белгілейді.
Бұл төрт түс «оффсетты баспа» деген дəәстүрлі баспа əәдісінде
қолданылады.
Content Aware Fill - толықтай автоматтандырылған суреттерді
"Жамау" құралы.
Puppet Warp құралы - қолданушылардың көптен күткен жаңалығы,
Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді.
Mixer Brush Tool
Бұл құрал цифрлық суретшілерге өте ыңғайлы жəәне олардың
жұмысын жеңілдетеді.
3D объектілермен жұмыс істеу
3D пішіндерді сырттан импорт жасап алуға немесе бағдарламаның
ішінде құрастыруға болады.
СҰРАҚТАР:
1) Төмендегі нұсқалардың қайсысы Photoshop арқылы
жасалынбайды?
A. Сурет салу
B. Суреттерді түзету
С. Аудионы өзгерту
D. Веб дизайн жасау
E. Анимация жасау
2) Графикалық файлды принтерден шығару үшін суреттің
resolution-ы қанша болу керек?
А. 72 dpi
B. 72.5 dpi
C. 100 dpi
D. 300 dpi
E. 96 dpi
3) Төмендегі нұсқалардың қайсысы түс тəәртіптемелеріне
жатпайды?
А. RGB
B. Lab
C. CMYK
D. Levels
E. Indexed
4) RGB тəәртіптемесіндегі пиксельдің интенсивті мағынасы
қандай?
А. 1-100
B. 0-254
C. 0-255
D. 1-99
E. 0-100
5) Төмендегі нұсқалардың қайсысы "Жамау" құралына сəәйкес
келеді?
A. Content Aware Move
B. Content Aware Fill
C. Patch Tool
D. Edit Filter
E. Ешқайсысы
Жауаптар:
1) С 2) D 3)D 4) C 5) B
Достарыңызбен бөлісу: |