Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»



жүктеу 6,23 Mb.
бет80/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Цилиндрдің сыртқы беттін ӛңдеу барысындағы ӛлшем және сапа дәлдігінің типтік кӛрсеткіштері



Ӛңдеу әдістері



Ӛлшем дәлдігінің топтары

Беттің
кедір-бұдырлығының топтары

Бастапқы жону

5-7

2-3

Таза жону

3-3а

4-6

Жан-жақты алмаздық жону

2-2а

7-8

Алдын-ала тегістеу

3

6-7

Таза тегістеу

2-2а

7-8

Жан-жақты тегістеу

1-2

7-8

Сүргілеу, тегістеу

1

8-10

Орау, алмаздық тегістеу

1-3а

7-11

Ӛңдеудің біріктірілмеген барлық операциялары үшін жағдайлар санын анықтай отырып, аталған бұйымдарды талап етілген дәлдікпен ӛңдеу үшін жұмысшы жағдайлардың жалпы минималды санына, яғни минималды технологиялық ӛңдеу бағытына қол жеткізеді. Жағдайлар санын кӛбейтуді бӛлек құрамды операцияларды дифференциалдау арқылы алуға болады (мысалы, ӛнімділікті арттыру үшін ӛңдеу ұзындығын бӛлу).
Қазіргі таңда машина жасау технологиясында дәлдіктің ұқсас кӛрсеткіштерін қамтамасыз ететін ӛңдеу түрлерінің кӛптеген түрлері бар.
Сонымен, жазық бетті ӛңдеуді сүргілеу, фрезерлеу, тарту және т.б. арқылы жүзеге асыруға болады. Әр түрдің шегінде ең алдымен, таңдалуы машинаның ӛнімділігімен қол жеткізілетін бірнеше әдістерді қолдануға болады.
Барлық кӛрсетілген жұмыс түрлері ӛзара тек сапалық қана емес, сонымен бірге андық ажыратылады. Әрбір бӛлек жағдайда құралдар және ӛңдеу режимі үшін түрлі жұмыстық жүрістер талап етіледі, түрлі күш салулар туындайды, соның нәтижесінде ӛңдеудің әрбір әдісіне арналған түрлі құрастырылымдағы станоктар және түрліше ӛнімділікті және қуатты автоматтар қолжетімді.
Сурет 10.9. Екінші дәлдік тобы бойынша жазық материалдағы ойықты ӛңдеудің типтік технологиялық бағыты

Автоматтар және желілердің жобалануын түсіндіретін сәйкес технологиялық үрдіті таңдау барысында бұл үйреншікті жағдай болып табылады. Алайда әрбір жеке жағдай үшін ӛңдеу тәсілін алдын-ала анықтайтын арнайы жағдайлар ескеріледі (мысалы, бұйымның тӛмен беріктігі).


Ӛңдеудің технологиялық әдістері және бағыттарын таңдау шығармашылықты, үздіксіз дамушы, үдемелі үрдіс болып табылады. Аталған сатыда белгілі бір жетістіктерді
қамтитын технологиялық үрдіс белгілі бір уақыт ӛткеннен кейін ескірген болып саналуы мүмкін және ӛнімнің сапасы, ӛнімділігі және үрдістің үнемділігі тұрғысында одан да жақсартылған түріне орын беруі керек, ол ӛз кезегінде, үдемелі технологияның келесі сатымен аралықтың пайда болуы саналады. Автоматтардағы және жартылай автоматтардағы мойынтірек сақинасының жонулық ӛңделуінің дамуын қарастырайық.
Даналық бұйым ретіндегі шар тәрізді мойынтіректің ішкі сақинасының жону арқылы ӛңделуінің (сыртқы жағының жонылуы) дәстүрлі әдісі 10.10.-суретте кӛрсетілген. I тиеуші жағдайда бұйым алдын ала ӛңделген ойық және бӛрене арқылы айналдырыққа орнатылады. Ӛңдеу реттілігі, кесуші құралдар тізімі жалпы ережелерге сай жасалған. Келтірілген ӛңдеу әдісі кең қолданысқа ие болды. Оның негізгі кемшілігі болып кӛпайналдырықты автоматтардың типтік ӛнімділігін арттыру қорының толығымен жойылуы. Соңғы кездері бұндай автоматтар ӛнімділігі олардың құрастырылымының жақсартылуын ескерумен ғана емес, кесуші құралдар сапасының артуы және осымен байланысты ӛңдеу режимдерінің кӛбеюінен артқан.

Сурет 10.10. Кӛп сүмбілі автоматтағы мойынтірек сақинасының жонулық ӛңделуінің технологиялық бағыты:


I — бұйым тиеу және ағыту жағдайы; II... VI — жұмыс жағдайлары
Сондықтан жоғары ӛнімділікті автоматтар және автоматтық желілер жасау үшін негіз ретінде тұрақты түрде ӛңдеудің жаңа үдемелі технологиялық әдістерін және бағыттарын іздеп және жасау қажет.
Бауман атындағы ММТУ «Станоктар және автоматтар» кафедрасы профессоры, техникалық ғылымдар докторы Г. А. Шаумянның басшылығымен жаңа жонулық ӛңдеу үрдісі табысты жасалған— жолай жону, оның негізінде жону станоктарының құрастырылымдары, оның ішінде үзіліссіз әрекет ететін кӛп айналдырықты жону автоматы жасалуда.
Үзіліссіз әрекет ететін кӛпайналдырықты автоматтың жұмыс істеуші айналдырық тұрақты түрде орталық білікпен айналып тұратын барабанда жӛнделеді. Кесуші құралдар (кескіштер) танок жақтауларына қозғалмайтындай бекітілген. Барабан айналуы барысында әрбір айналып тұратын айналдырық реттілікпен барлық кескіштер жанынан ӛткенде бұйымның ішкі қабатының толықтай ӛңделуін қамтамасыз етеді.

Сурет 10.11. Жолай жону әдісімен мойынтірек сақинасын ӛңдеу: а — сақина ӛңдеу сұлбалары: 1-20 — кескіштер нӛмірі; б — бұйымды түсіру сұлбасы

Бұйымдарды тиеу және ағытып алу автоматты жүргізіледі.


Шарлы мойынтірек сақинасының ішкі ӛңделуі үшін кесу сұлбасы (сурет 10.11, а) белдік, науа, бір бүйіржақтың және ішкі қырдың алдын-ала және соңғы ӛңделуін қарастырады. Бірдей пішінді қатты қорытпаның жонылмаған стандартты табақшаларын максималды пайдалану үшін әдіп ыңғайлы етіп орналастырылған (сурет 10.11, б). науаның соңғы ӛңделуі стандартты дӛңгелек табақшалармен жүзеге асырылады. Бүйіржақ сонымен қатар, ӛңдеу биіктігі бойынша
біртегіс таралумен бір типті кескіштермен ӛңделеді.
Бүйіржақтың соңғы тазартылуы бір кескішпен жүргізіледі.
Қарапайым жонулық ӛңдеумен салыстырғанда жаңа әдіс бойынша ӛңдеу дәлдігін және тазалығын арттыру станоктың жоғары қаттылығымен, кесуге аз күш түсірумен және кесу барысында жылуды жағымды тарату арқылы қолжетімді болады. Соңғысы жылудың кӛп бӛлігі (60-65 %) жоңқамен алынып тасталатындығымен түсіндіріледі, шамамен 25-30 % жылу қоршаған кеңістікке жоңқамен және салқындатқыш сұйықтықпен таралады. Әрбір кескіш кесуде ӛте аз уақыт қатысады (0,3-0,5 с), бұл құралдың осы тұрақтылығында жонылатын әдіптің қалыңдығы 1-1,2мм болған жағдайда кесудің жоғары режимдерін қолдануға мүмкіндік береді (v
= 200-250 м/мин, Укр = 1-1,1 мм/айн айналдырықтың).
Ӛңдеудің жаңа әдістерін қолдану ол электр қозғалтқыш қуатын пайдаланып және аз кӛлемді алаңқайды қамти отырып, бұрынғы реттілікпен әрекет ететін автоматтар құрастырылымына қарағанда ӛнімділігі 3-4 есе жоғары, үзіліссіз әрекет ететін кӛп айналдырықты автоматтар жасауға мүмкіндік берді.



    1. жүктеу 6,23 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау