Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»



жүктеу 6,23 Mb.
бет76/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Автомат машиналар


Ӛндірістік үрдістердің алғашқы автоматтандырылу сатысы болып машинаның жұмыс айналымының автоматтандырылуы, автоматты және жартылай автоатты машиналар жасау табылды. Осы сатыда негізгі құрастырмалы тапсырмасы бос жүрістер және жұмыс айналымын басқарудың ағымдағы механизмдерін автоматтандыру болып табылды.
Барлық шексіз түрлі құрастырмалар және заманауи жұмыс машиналарының құрастырылуын түрлі белгілеріне қарай топтастыруға болады, соның ішінде ерекше белгілері болып мыналар табылады:

  • Технологиялық қолданылуы — жонушы, тегістеуші, жинаушы, ораушы, тігуші, баспа, орамалаушы және т.с.с;

  • Әмбебаптық деңгейі — әмбебап, мамандандырылған және арнайы;

  • Автоматтандырылу деңгейі — қолмен басқарылатын машиналар, жартылай автоматтар және автоматтар.

Бірдей бұйымдарды ӛңдеу үшін, ережеге сай, бір бірінен автоматтандырылу деңгейі, әмбебаптылығы, жағдайлар саны, әрекет ету қағидасы және т.б. арқылы ерекшеленетін машинаның алуан түрлері жобаланып және қолданылуы мүмкін. Олар ӛзара салыстырылуынады, бағалау критерийі техникалық-экономикалық кӛрсеткіштермен айырмашылықтанады. Олардың негізгілері болып мыналар табылады: ӛнімдлік, жұмыста сенімділігі, құны, қызмет кӛрсететін жұмысшылар саны, пайдаланудың ӛзіндік құны.
Автоматтандырылудың дамуы осы кӛрсеткіштердің бірінің жақсаруымен байланысты, ең алдымен машинаның ӛнімділігінің артуы және қызмет кӛрсететін жұмысшылар санының азаюы, және басқаларының нашарлауымен: құнының жоғарылауы, жӛндеу күрделілігі, үйлестіру және қызмет кӛрсетудің қиындығымен байланысты.
Автоматтандырылу деңгейі бойынша тарихи алғашқы машиналар тобы болып қолмен басқарылатын әмбебап станоктар табылды. Оған қоса, «станок» термині тек метал кесуші технологиялық құрылғының ғана емес барлығына бірдей (икемдеу станогы, ораушы станок, тігін станогы, баспа станогы және т.б.) жалпылама атау болып саналды. Әмбебап станоктың ең басты ерекшелігі жұмыс жүрістер машинамен орындалып, ал бос жүрістер мен жұмыс айналымының реттілікті басқарылуы адам арқылы – тетікті, тұтқаны, тартпаны, дӛңгелек тұтқа, сермерді және т .б. басумен орындалатындығында. Бірнеше ғасырлардан бері қолданылып келе жатқан әмбебап станоктар тұрақты жақсару үстінде болған және қазіргі таңда қолмен жасалатын операцияларды жылдамдату және жеңілдету мақсатында механикаландыру және кіші автоматтандырылу құралдарымен жарақтандырылуда. Алайда бұл олардың негізгі сипаттамаларын ӛзгертпейді — адамның тұрақты қатысу және оның жұмыс айналымының орындалуындағы қатысуын ӛзгетпейді.
Әмбебап автоматтандырылмаған құрылғылар ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейін барлық саладағы қолданыстағы ең дамыған құрылғылар болып келді, кейіннен ӛндіріс ауқымын кеңейту қажеттілігі, бір бұйымның (сағат, автокӛлік, мойынтірек ӛндірісі) кӛп кӛлемде жасап шығарылуына сұраныстың артуы екінші топ машианаларының - әмбебап автомат және жартылай автоматтардың кеңінен қолданысқа енгізілуіне бастама болды. Олардың қолмен басқарылатын станоктар алдындағы ерекшелігі — жоғары ӛнімділігі және кӛп станокқа қызмет кӛрсетудің айтарлықтай мүмкіндіктернің болуы.
Ӛңделетін бұйымдар оларда айналдырық бӛлігінде жӛндеуден
ӛткен айналдырықтың қысқыш патрондарында бекітіледі. Ӛңдеу кӛлденең құралкүймешектерде (әр орналасу жағдайында) және айналдырық бӛлік тоқтаған жағдайдағы тіркелген түрінде орталық құралкүймешегінде жүргізіледі. Айналдырық бӛлігінің кезеңді бұрылысы ӛңделетін бұйымдардың барлық құралдарға реттілігімен үйлестірілуін және олардың ретті ӛңделуін қамтамасыз етеді: бастапқы жонудан кесуге дейінгі ретті ӛңделуін қамтамасыз етеді.
Айналдырық бӛлігі және құрал күймешегінің үстінде орнатылған таратушы білік бағдарлама тасымалдаушы болып саналады. Жұмысшы және бос жүрістердің әрбір мақсатты механизмі тартпалы жүйе арқылы таратушы білікте жӛндеуден ӛткен сәйкес жұдырықшамен бақарылады. Жұмыс айналымы таратушы біліктің бір айналымына және, сәйкесінше, негізгі механизмдердің бірінің (құралкүймешек, ӛңделетін материалдың берілуі және қысылуы, айналдырық бӛлігінің бұрылысы және айналдырықтың тіркелуі және т.б.) жұмыс атқаруына сәйкес келеді. Бір айналымда бір дайын ӛнім жасалып және ӛңделетін ӛнімнің жаңа орналасу жағдайы беріледі.
Кӛп сүмбілі жону автоматының кинематикалық сұлбасы 10.5- суретте келтірілген. Сұлбада кӛрсетілгендей, басты электр қозғалтқыш және негізгі электр механизмдері оң жақ бағанда орнатылған. Автомат екі кинематикалық тізбекке ие болады: электр қозғалтқыштан айналдырыққа жылжуы — басты қозғалыс тізбегі; электрқозғалтқыштан таратушы білікке жылжуы — беру тізбегі.
Басты қозғалыс ауыстырылатын тегершік гитарасы арқылы, ӛзегі автомат ӛзегімен сәйкес келетін орталық білік, және айнала бойынша орналасқан айналдырықтың барлық тегершіктерімен байланысқан орталық тегершік арқылы беріледі. Таратушы білік жетегі оның айналымының әрбір жұмыс айналымы барыснадғы қайта қосылатын екі жылдамдығын қамтамасыз етеді. Ауыспалы тегершік гитарасы арқылы таратушы біліктің жәй айналуы барысында барлық жұмыс жүрітері және ӛңдеудің технологиялық операциялары жүзеге асырылады. Таратушы біліктің келесі жылдам айналымы барысында құралкүймешектің жылдам берілуі мен кері алынуы, айналдырық бӛлігінің бұрылысы, материал берулуі мен қысылуы жүргізіледі.
Бұл аппаратта жону, егеу, пішіндеу, кесу, қысқарту, бұрғылау, бекіту, бұранданы кесу және т.б. кез-келген диаметрі сәйкес, бойлығымен айналатын бұйымды ӛңдеуде қажетті үрдістер кешені орындалады.
Алайда автоматтың әмбебап деген атауына қарамастан, бұның әмбебаптылығы жонушы станок әмбебаптылығынан тӛмен болып келеді.

202


3



жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау