Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме – бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері:
Кеңейтілген түсініктеме – деректің кеңейтіліп түсіндірілуі.
Маманның түсініктемесі – дерек маманмен, одан әрі құзыретті адаммен түсіндіріледі.
Полярлы түсініктеме – дәл осы саланың бірнеше мамандарымен деректің түсіндірілуі.
Синхронды түсініктеме – айту барысында тілші мәтінімен түсіндірілуі.
Нақты түсініктеме – ұсақ бөлшектеріне дейін деректерді түсіндіру.
Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкер және тағы басқалар болуы мүмкін.
Өнерін жұмбақ ғарышпен астастырып өткен қазақтың үлкен суреткері Сәкен Ғұмаровтың арамыздан кеткеніне 26 жылға аяқ басыпты. Бар-жоғы 58 жыл жасаған суретшінің артында тылсым сырға толы мол мұрасы қалды. Қайтыс болған соң, 1995 жылы Орал қаласында суретшінің көркем шеберханасында Сәкен Ғұмаровтың мұражайы пайда болды. Онда сұңғыла зергердің жеке коллекциясынан алынған 200-дей картинасымен қатар, жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары көрмеге қойылған.Талай рет суретшінің суреттеріне арқау болған асыл жары-Гүлсара Уәлиқызы музей меңгерушісі болып, жарының туындыларын жас ұрпаққа таныстырып өткен. Суретшінің картиналары топтастырылған «Сәкеннің ой-оралымдары» атты каталог шығарылды.Талантты суретшінің бүкіл творчествосын қамтыған “Сәкен Ғұмаровтың жұлдызды ырғағы” атты суретті альбом-кітап жарық көрді. Осы құнды дүниенің авторлары – Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі ғалым-профессорлар Виктор Киянский мен Аманжан Жамалов. Бір атап өтерлігі, авторларының бірі эколог, техника ғылымдарының докторы болса, екіншісі экономика ғылымдарының докторы. Сөйте тұрып, өнер құдіретіне ден қойып, айтулы суретшінің артына қалдырған мұрасына сергектік танытып, жақсы жұмысты діттеген межеге әдемі алып шыққан.Суретшінің достарының бірі, Мәжіліс депутаты Виктор Киянскийдің айтуынша, «Сәкен суреттерінің түркілік тамыры» атты жаңа сурет альбомы жарық көрмек. Жаңа кітапқа «Сәкен. Ой орамдары» атты кітаптағы 70 суреттен де екі есе көп шығармалар жинағы топтастырылатын болады.
2 –қазан күні тобымызбен бірге ,бұл өмірден елеусіз кеткен дарынды жерлесіміз, бітімі бөлек, айрықша өнер иесі Сәкен Ғұмаровтың шығармашылығымен танысуға барған болатынбыз.«Өзіме қатты әсер берген картиналарда адамдардың сыртқы бейнесін емес, олардың ішкі жан дүниесін көрсетуге тырысам. Оны жай көзбен көре алмайсың, яғни қайсымыздың болсын сыртқы келбетімізге қарап, бәріміз ақ, пәк, сұлу, тазамыз, ал ішкі дүниеміз әртүрлі. Біреулері – қу, біреу – қатыгез, біреуі мейірімді болып келеді» - деген суретші еңбектерінде бізге белгісіз белгілер мен хайуанаттар арқылы сол адамның қулығын, болмаса мейірімділігін немесе қоғамға зиян келтіретін қатыгездікті бейнелеген.
Ең әсерлі картина «Түн. Тышқандар биі» (1981 ж.) жұмысы осы бір сөзге дәлел болатындай. Жарқанат фонында бейнеленген жалаңаш адамдар, билеп жүрген тышқандар, осының бәрін құшағына алып тұрған белгісіз бір құбыжықтың қолдары мен ақсиған тістері – бұлардың барлығы қоғам үстіндегі түн, түсінбестік пен надандықтан болатын қараңғылық, осыдан шығып орын алатын жамандық атаулыны кескіндеген тәрізді.
Оның туындыларында терең философия жатыр. «Жаратқан» (1986 ж.) картинасын Тәураттағы мына бір: «Алла жерді және ондағы барлық құбылыстарды алты күн ішінде жаратқан. Астаң-кестең дүниеден өмір жарығы жылт етті. Жаратты және бояды. Бәрі де Құдаймен, бәрі де Құдай астында. Адамды да өзіне ұқсатып жаратқан» - деген жолдарды негізге ала отырып, суреттегі әр түрлі көріністер арқылы дүниедегі қай нәрсе де – адам болсын, жан-жануар болсын, жердің асты-үсті, аспан әлеміндегі денелер – барлығы да «Бір Жаратушының қолында» екендігін ұғындырып тұрғандай.
Талант иесі өз шығармасының эпиграфы ретінде мынадай жолдарды алады: «Әлем ана маған «Сен үш китті ауыздықтап ұста, содан айырылма,ол – бояулар айшығы, ұйқас және сұлулық». Яғни сурет өнері, ақындық, сұлулық, әдемілік – бұл қасиеттердің барлығы бірдей екінің біріне беріле бермейтіні анық. Қылқалам иесінің өз бойынан осынау қасиеттерді табуға болады. Өзінің терең білімін де жұмыстары арқылы көрсете білді. Томсонның, Радловтың, Затаевичтің кім екенін білмеген, Күлтегін тасының, Орхон-Енисей, ғұн жазуларынан бейхабар жанға, оның туындыларын түсіну мүмкін емес.
Ғұмаровтың көпшілік еңбегінің астарынан суретшінің қиын да түсінбеушілікке толы тағдырын ұғынуға болады. Солардың бірі – музей экспозициясынан орын алған, 1988 жылы жазылған «Құстар» картинасы. Сәкен аға бұл шығармасында өзін аңыздағы Феникс құсына ұқсатады. Картинада «Моя судьба велела мне как фениксу гореть в огне. Из пепла, словно, из гнезда он вылетает возрожденный» деген сөздер бар. Ұқсатады дейтінім, ол өзінің аты өлмейтініне, еңбегі еш болмайтынына, оны түсінетін болашақ ұрпақтың келетініне кәміл сенген.Керемет картиналардың авторы, суретші Сәкен Ғұмаровтың музейі тылсым мен абтракцияға толы. Бұл суретшінің бірқатар жұмысы жеке коллекционерлердің қолында, ғаламторда анда-санда осы суреттерді сататыны жайлы хабарлама шығып жатады. «Көне Орал» деп аталатын тағы бір музейде қала тарихы мен тыныс-тіршілігі жайлы сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Оның негізін қала тарихы үшін отбасылық жәдігерлерін аямайтын адамдар қалаған. ...
Орал қаласында Сәкен Ғұмаров суреттерінің алғашқы көрмелерінің бірі Батыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану мұражайында ұйымдастырылды. Мұражай өзінің қорына суретшінің 20-дан астам суреттерін сатып алды. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетіннің 2018 жылы басылымында «Батыс Қазақстан облысында белгілі қылқалам шебері Сәкен Ғұмаровқа (1937-1995) ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды. Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы мәдениет үйінің алаңында ескерткіштің бой көтеруіне «Казком» банкі БҚО филиалының төрағасы, С.Ғұмаров атындағы қордың тең төрағасы Мерғат Ахметов мұрындық болса, қаржылық жағын техника ғылымдарының докторы, академик Талан Оразғалиев көтерді. Ескерткіш салтанатпен ашылғаннан кейін Сәкен Ғұмаровқа арналған «Ғарыш мінезді адам» атты қысқа метражды фильм көрсетіліп, «С.Ғұмаровтың жұлдызды ырғағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткенін баяндайды.
Суретшінің туындылары өмірге деген сүйіспеншілікке,мейірімділікке үйретеді. Оның суреттері - дүниенің тұтастығын түсінудің кілті. Сәкен Ғұмаровты ұстаз деп санайды, себебі сурет салуға ағаның көрмесінен бастап өнерге қызығушылығы оянған. Суретшінің әр туындысы адамды ойлантады, емдейді, нұрландырады, жарық көрсетеді.Өз-өзіңізбен және бүкіл әлеммен сырласқандай күй кешесіз....
Достарыңызбен бөлісу: |