Автоматтық желі. Автоматтық желі деп технологиялық реттілікпен орналасқан және тасымалдау, басқару, алдын ала дайындамаларды жинау, қалдықтардан тазарту және т.б. жалпы құралдарымен біріктірілген автоматты әрекет етуші машина жүйесі.
Сурет 10.3. Автоматты желі механизмінің құрылымдық сұлбасы
-суретте дамыған атқарушылық механизді жақсартылған жұмыс машинасының автоматты және автоматты желілік құрылымдарының жалпыланған сипаттамасы берілетін автоматты желі механизмінің құрылымдық сұлбасы келтірілген. Желіге тізілген автоматтар бір автоматта орындалатын жұмыс жүрістері сияқты қажетті технологиялық үрдістердің ӛңдеу, бақылау, жинау, яғни бӛлек механизмдері орындалатын жұмысшы жүрістерінің құрастырмалы элементтер болып табылады. Желідегі бос жүрістер станок аралық тасымалдау, бейіндеудің ӛзгеруі, дайндамалардың жиналып қалуы және т.б. механизмдермен орындалады. Желіні басқару жүйесі бӛлек бір автоматтарға қарағанда күрделі жұмыстарды орныдайды — желінің жұмыс желісін орындаудағы тек бӛлек машина, механизм және қондырғылардыдың жұмысын реттеп қана қоймай, сонымен қатар, ӛзара тұйықтау, бұзылуларлы іздеу, белгі беру және т.б. орындайды.
Автоматтық цех. Автоматтық цех деп негізгі ӛндірістік үрдістер автоматтық желіде орындалатын цехті айтады. 10.4- суретте келтірілген механизмдер және автоматтық цех жүйесінің топтастырылуы элементтермен орындалатын жұмыс жүрістерінің автоматтық желідегі жұмыс машинасының дамыған, одан әрі, жоғары сатысы екендігін білдіреді.
Сурет 10.4. Механизмдер және автоматтық цех жүйесінің құрылымдық сұлбасы
Бос жүрістер механизмдерінің қызметі желіаралық, аумақ аралық станок аралық бұйымдардың, ӛңделген бұйымдардың және жиналған түйіндердің, автоматты қоймалану жүйесінің тасымалдануын орындайды. Автоматты цехты басқару қызметі есептеуіш техника негізінде ӛндірісті автоматты басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Автоматтық цехтарды құру және енгізу жұмыс машинасының жоғары түріне ауысудың — ең күрделі машина жасау ӛнімін шығаратын барлық ӛндірістік үрдістердің кешенді автоматтандырылған автоматтық зауыт алғышарттарын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |