Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»


Кенді қорыту материалдарын дайындау және тиеу



жүктеу 6,23 Mb.
бет55/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Кенді қорыту материалдарын дайындау және тиеу. Бұл топтағы жұмыстарды автоматтандыру үшін екі бағытта жұмыс істеуге арналған машиналар мен механизмдер қолданылады: мӛлшерлеу қондырғылары және кенді қорыту материалдарын дайындауға арналған автоматты таразылар; дайындалған кенді қорыту материалдарын тиеуді жүзеге асыруға арналған түрлі механизмдер. Соңғы топқа кенді қорыту материалдарын мартен пештеріне тиеуге арналған машиналар, сонымен қатар, шойын балқытқыш және электр пештеріне арналған барлық мүмкін болатын скиптік, қауғалы және басқа да кӛтергіштер жатады.
7.2 суретте мартен пештеріне арналған үйіп тиеуші машина жұмысы және қондырғы сұлбасы келтірілген. Арнайы кең рельсті табаны бойынша машинаның негізі (жақтау) 4 мартен пешінің аумағы арқылы ӛте алады. Машина мен пеш арасында қарапайым теміржол табаны бойынша пешке салуға арналған кенді қорыту материалдарының құрамдас бӛліктері салынған арнайы жәшік- мульдалар 5 бекітілген тұғырнама 6 беріледі. Тиеуші машина жұмысын басқаруды кабинада 1 отырған машинист орындайды. Тұғырнама 6 пешке салынуға тиіс құрамдас бӛліктер тиелген мульда тиеуші терезеге 7 қарсы бағытта орналасатындықтай орнатылуы керек. Машинист машинаның тұмсығын 3 кӛтеріп және оны арнайы құлып арқылы мульдамен қосады.
8

Сурет 7.2. Тиеуші машина жұмысының сұлбасы:




1 — кабина; 2 — тележка; 3 — тұмсығы; 4 — жақтау; 5 — мульда; 6 — тұғырнама; 7 тиеуші терезе; 8 — пештің жұмыс істеу кеңістігі
Одан кейін тұмсық мульдамен бірге кӛтеріліп, машина арбасы 2 жақтау табанымен 4 жылжиды, мульда 5 пештің жұмыс істеу кеңістігіне 8 енеді және тұмсық бұрылғанда лақтырылады.
Қалып қоспаларын дайындау, пішін және ӛзектерді жасау. Негізгі қалып қоспаларын құраушыларды, немесе, оларды жиі қалыптық жер деп атайтындай, топырақ және балшық болып табылады. Құйма цехтарда топырақ пен балшық кӛп кӛлемде жұмсалады. Тұғырнаманың топырақ немесе балшықпен кӛмілуі не грейфер кӛтергіштерімен, не болмаса, жонғыш, таспалы және басқа да тасымалдаушы кӛтергіштермен құйылады.
Қалыптық қоспа дайындалу үрдісі арнайы механизмдер, қондырғылар және құралдар кӛмегімен орындалатын кӛп кӛлемдегі операцияларды ӛзіне қамтиды, мысалы: арнайы пештерде және айналмалы барабандарда құм мен балшықты кептіру; шарлы диірмендерде құмды ұнтақтау, яғни, үлкен айналмалы барабандарда балшықпен бірге майда шар тәрізді металл салынады; жүгіршектерде, арнайы түбекті-қойнаулы және айналмалы араластырғыштағы құм мен балшықтың араластырылуы; дайын қоспаның таспалы, шӛмішті, жонғыш және басқа да тасымалдаушылар кӛмегімен тасымалданып және таратылуы.
Құйма цехының дайындық барысындағы арнайы құрылғылар мен тасымалдау қондырғыларының орналасу сұлбасы 7.3- суретте келтірілген. Үлкен қоймалық қамбалардан 1 құм мен балшық грейферлік кӛтергішпен 2 арнайы кептіргіш пештерге
14 және кептіру барабандарына 13 келіп түседі. Таспалы тасымалдаушылар 12 және элеваторлармен 3 құм мен балшық қоспа жасау бӛлімінің таратушы тасымалдау құрылғысына 4 түседі, ол жерден олар науаға 5 барып түседі. Басқа науада құйылудан кейінгі тазалау және сүзуден ӛткіізілген ӛңделген қалыпты қоспалар сақталады. Науадан құм, балшық және ӛңделген қоспа қажетті мӛлшерде мұқият араластырылуы үшін жүгіртшекке 11 келіп түседі, ал одан кейін тасымалдаушымен 10 және шӛмішті элеватор 9 кӛмегімен қылыптан ӛткізілуге жіберіледі. Таспалы тасымалдаушы 6 дайын қоспаны түрлі қалыптар және машиналар 8 қондырылған қабылдаушы науаға 7 береді.
Қалыптау үрдісі [опоканы (құю қалыпы) жермен толтырып және оны нығыздау] кӛптеген цехтарда механикаландырылған. Қалыптау қоспаны нығыздау дірілдеткіш үстелде сілкілеу арқылы, не болмаса, жоғарғы жағынан арнайы қондырғы кӛмегімен қысылып тұратын плитаның кӛмегімен сығымдау арқылы жасалтын түрлі қалып машиналарының түрлері болады.

жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау