Базалық беттерді таңдау. Бұйымның технологиялығы кӛбінесе базалық бетті дұрыс таңдауды анықтайды. Құрастырмалы, технологиялық және метрологиялық базаларды біріктірген жӛн. Бұл ереженің сақталмауы технологиялық ӛлшемдерді енгізу, ӛлшемдік тізбектерді ұзарту және құрайтын ӛлшемдерінің жарамдылығын қатаң сақтауды қажет етеді. Құрастырмалы, технологиялық және метрологиялық базаларды біріктіру мүмкін емес жағдайда, ӛндірістік-техникалық талаптарды ескере отырып, оларды мейлінше тиімді байланыстыру қажет.
Технологиялық талаптарды ескерумен технологиялық ӛлшемдерін қою мыналарды қамтамасыз етеді:
құрастырмалы, технологиялық және метрологиялық базаларды біріктіру;
бекітілген үлгі бойынша бапталған станокта ӛңдеу барысында бұйым ӛлшемдерін алу;
кесуші және ӛлшеуші құралдардың ең қарапайым қосалық бӛліктеріне қол жеткізу;
соңғы бақылауда ӛңдеу барысында станокты бұйымның сенімді және қарапайым ӛлшенуі;
бұйымды жасау және ӛлшеу барысында оның ӛлшемдерін қайта ӛлшеудің болмауы (ӛңделетін және ӛңделмейтін беткейлер арасында ӛлшемдер алу ережелерінің орындалуы);
бұйымды ӛңдеудің тиімді реттілігі;
мейлінше қысқа ӛлшемділік қағидаты.
Бҧйымдардың қҧрастырмалық пішіндерінің технологиялығы. Бұйымдардың пішіндерінің технологиялығы таңдалған ӛңдеудің технологиялық әдісін, нақты жағдайлар және ӛндіріс түрін (жаппай, топтастырылған, жекелеген), технологиялық мүмкіндік және құрылғының ерекшелігін ескерумен бағаланады. Тартып ӛңдеу білдегі станогында ӛңделген бұйымдар ұзындығына қарай біртегіс қаттылыққа ие және жеткілікті тӛзімді болуы қажет; токарлық топтағы станоктарда ӛңделген бұйымдар максималды жоғары беттік айналу санына ие болуы қажет, бұл олардың бір станокта ӛңделуін жеңілдетеді. Бұрғылау станоктарында ӛңделетін ойықтарды ӛтпелі және сатылы қалыппен орындаған жӛн. Токарлық
автоматтарда ӛңделетін бұйымдар қиылысу диаметрі ӛзгеруінің минималды санын иеленуі керек. Кӛпкескішті жартылай автоматтарды баспалдақтарының ұзындығы қысқа, ал диаметрлері бір бағытта азайып отыратын біліктің ӛңделуінде қолданған тиімді болып табылады. Бұл жағдайда станокты үйлестіру артып, негізгі технологиялық уақыт біршама азайып, үнемделеді. Егер білік оның ортасына қатысты симметриялы болып табылса, онда ол бірінші үйлестіруде екі жағынан ӛңделуі мүмкін. Бағдарламалық басқарылатын станоктарда ӛңдеу барысында ӛңделуші бұйымдар құрастырылуына кей жағдайларда жеңілдетілген талаптар қойылады (мысалы, күрделі үлгідегі контурлық және кӛлемді беткейлерді еш қиындықсыз алуға болады).
Бұйымның құрастырылуы оның технологиялық ӛңделу әдісіне тәуелді болмастан, оның станокта қарапайым, оңай және сенімді орнатылуын қамтамасыз етуі қажет. Бұйым жоғары қаттылыққа ие болуы қажет. Қатты емес бұйымдарды бекіту үшін күрделі және қымбат тұратын қосалық бӛліктер, сонымен қатар, олардың станокка бекітілуіне кететін біраз уақыт шығыны қажет болады. Мысалы, қатты емес білікті станок орталығында бір немесе бірнеше люнет арқылы бекітеді, сондай уақытта қысқа қатты біліктерді ӛздігінен орталықтанатын үшжұдырықты станокта жылдам және қарапайым жолмен бекітуге болар еді. Қатты емес бұйымдарды ӛңдеу барысында жоғары ӛнімділікті кесу режимдерін қолдануға болмайды, себебі берудің ұлғаюы және кесу тереңдігін арттырудан кесу күшінің әсерінен бұйымның біраз ӛзгеріске ұшырауы туындайды. Бұйымның қарапайым конфигурациясы және бетінің технологиялық базасы оның бекітілуіне қарапайым және арзан әмбебап қосалық бӛліктерді (патрондар, машиналық қысқыш атауыздар және т.б.) пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұйымның беттік ӛлшемдері ұзындықтары мен диаметрлерінің қалыпты қатарына сай болуы қажет, себебі бұл оларды стандартты құралмен ӛңдеуге мүмкіндік береді. Стандартты емес ӛлшемдегі бұйымды ӛңдеу барысында стандартты емес қымбатырақ құрал қажет етіледі немесе сызбамен берілген ӛлшемдерді және бет пішініне қол жеткізу үшін қосымша операциялар жасауға тура келеді (6.9 -сурет).
Баспалдақ пен жүз арасындағы конустық ауысуларды (6.9сурет, а) жоспарында 30, 45, 60 және 90°тең басты θ бұрышпен стандартты токарлық ӛтпелі кескішті ескерумен ӛңдеуге тағайындау қажет.
6.9 -сурет. Метелл кесуші станоктарда ӛңделетін бұйымдар:
I — технологиялық емес құрастырулар; II — технологиялық құрастырулар; а-ф — ӛңделетін бұйымдар беттерінің түрлері
Бұйымның геометриялық элементтері пішіні және ӛлшемі жағынан сәйкес болуы қажет. Бұл құралдар тізімін азайтып, ӛңдеу ӛнімділігін арттырады. Сонымен, бірдей бұйымдар жырашықтарын (6.9-сурет, б) енділігі бірдей етіп және жырашық еніне тең келетін, бірдей жырашық кескіш құралмен ӛңдеу қажет.
Стандартты құралдар пішіні бойынша беттер сәйкес келулері қажет. Мысалы, бітеу ойықтарды бұрғы кӛмегімен жасалатындай, конустың түпті етіп жобалау қажет (6.9- сурет, в). Ойықтар стандартты бұрғылар ӛлшемдеріне сәйкес келеді. Ұзындығы диаметрінің оннан біріне қатынасындағы ӛтпелі ойықтарды қарастырдың қажет жоқ, себебі бұндай ойықтардың ӛңделуі басқа арнайы бұрғыны талап етеді. Бітеу ойықтар тереңдігі алты диаметрден аспауы қажет.
Ұзартылған ойықтарды ерекше, техникалық негіздеоген жағдайларда ӛңдеуге ұсынылады. Ұзартылған бұрғымен бұрғылау барысында берілген бағыттағы ойықтан жылжып кетулер болуы да мүмкін.
Таза ӛңделуге арналған бітеу ойықтар үшін оның ұзындығын кӛрсету қажет, себебі ұзындық бойынынң барлығында тӛмен кедір- бұдырлыққа қол жеткізу мүмкін емес. Тӛлке сияқты бұйымды жобалау барысында екіжағынан терең ойық жасауды болдырмау қажет, себебі бұл бұйым екі қондырғыда ӛңдеуді қажет етеді. Ішкі кесулерді ӛтпелі жағдайда жүзеге асырған дұрыс. Бітеу ойықтардағы тереңдік таңбалаушының жұмысшы бӛлігінің ӛлшемдерімен сәйкес келуі қажет. Диаметрі 1,6-3,0 жоғары кескіштер ұсынылмауы қажет, себебі бұл жағдайда бұйымның құйылуы бұзылады.
Кілтекті саңылау пішінін (6.9- сурет, г) кілтекті немесе дискілі фреза ӛлшемдерімен сәйкестендіре қабылдау қажет етіледі. Ернеулі кескіш құралдың басқа да бӛліктері шамамен бірдей жағдайда жұмыс істеулері қажет. Ернеуді кесу жылдамдығындағы айтарлықтай алшақтық біртегіс емес тозуға әкеледі (6.9 сурет, д). Айналу ӛзегіне жақын тұста кесу жылдамдығы аз болады және құрал кеспей, тек бұйымды мыжып тастайды. Ӛзектік ойықтың болуы кесу үрдісін біршама жеңілдетеді.
Құралдың бұйым дайындалатын материалға еркін кіріп және шығуы үшін екпінсіз жұмыс істеуі қажет. Бұған жекелеп алғанда, құралдың кіріп және шығуы үшін жүзі мен ойықталған жырағы болуымен қол жеткізіледі. Бұйым қапталының екпінсіз ӛңделуін тікбұрышты бекіткіштің дӛңгелек түрге ауыстырылуы қамтамасыз етіледі (6.9-сурет, е). Тӛлкенің және жалғастырғыштың оймакілтекті ойығы орта бӛлігінде шығыңқы тұсты иеленбеуі қажет.
Бұйымдардың құрастырмалы элементтері құралдың майыса ӛзгерісін, әсіресе, оның бұйымға кіріп және шығуы барысында болдырмауы қажет, сондықтан оны тарту барысында (6.9- сурет, ж), бұрғылау үңгілеу және жазу барысында (6.9, з) құрал кіретін
беткей оның қозғалысына перпендикулярлы болуы шарт. Бұл талап майысу қаттылығы жеткіліксіз ӛзекті құралдар саны кӛп кӛлемде болған жағдайда агрегатты станоктарда, автоматты желілерде және СББ станоктарында ӛңделетін бұйымдар үшін аса маңызды.
Кесу күші ӛңдеу барысында ӛзгермейтіндей бұйымдарды осылайша ӛңдеу дұрысырақ, себебі пішін ӛзгерісі қалыпын бұзады. Мысалы, фрезерленуші бұйымның жазық беткейінің ені ( 6.9- суреттен қара, и) тұарқты болуы қажет. Фрезерлеу енінің ӛзгерісі кесу күшінің ӛзгерісіне әкеледі.
Бетке еркін түрдегі қолжетімділік оны ӛңдеу үрдісін жеңілдетеді, сондықтан да ішкі бӛренелерді ӛңдеу барысында (сурет 6.9, к) оларға қолжетімділік құрал кіруіне арналған ойық диаметрінің үлкеюімен жеңілдейді. Сонымен қатар, жабық бетті ӛңдеуді мүмкіндігінше болдырмау қажет. (сурет 6.9, л).
Бұйым конфигурацияның жеңілдеуі оны ӛңдеу үрдісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұйымды жеңілдету үшін пісірумен немесе сығымдау арқылы кейіннен қайта қосуға мүмкін болатындай, оны бірқатар бӛліктерге бӛлуге болады (сурет 6.9, о, п). Егер бұйымның құрастырылуы кӛп орынды ӛңдеуден ӛтсе,
ӛңдеу ӛнімділігі бірден артады (сурет 6.9, с). Бұйымдарды саңылаусыз бір-біріне орнатуда бұйым бір құралдан еркін түрде екіншісіне ӛтетіндей жасау қажет. Ӛткізілуге ӛңдеуге рұқсат беретін құрастырмалар басымдылыққа ие (сурет 6.9, т), мысалы, жартылай жабық саңылауларды тегіс жабылған саңылаулармен ауыстыру.
Ӛңдеудің жоғары ӛнімділігі мен жоғары құны тән жабынды бұйымдар технологиялығына
ерекше назар аудару қажет.
Жабынды бұйымдардағы ойықтарды ортақ біліктер арқылы жасаған жӛн. Ӛзара орналасу дәлдігі бойынша жоғары талаптар қойылатын ойықтар бұйымды босатып алмай, тиімді ӛңдеуі қажет.
Сурет 6.10. Жабынды құрастыру жолдары:
а — тӛлкесіз; б — сығымдалған
тӛлкемен дұрыс емес дұрыс
Бұйымдар құрастырылуы бір жұмыс жүрісі кезінде ойық ӛңделуін қамтамасыз етуі қажет, ал олардың диаметрлері ізінше ӛзгеріп отырулары тиіс (сурет 6.9, у, ф). Сығымдалған тӛлкенің енгізілуімен жабын құрастырылуының ӛзгерісі оның механикалық
ӛңделуін біршама жеңілдетеді (сурет 6.10). айналу денесінің қалпы бойынша айырмашылықтары бар бұйымдарда бұрандалы кескішпен ӛңдеуді қажет ететін үлкен диаметрлі бұрандалы ойықтар болдырмау қажет. Ерекше жағдайларда бұрандалы ойықтарды бұйымда кезекті бектумен орындау ұсынылады (жабында).
Достарыңызбен бөлісу: |