Fonts
in
Document
(Қаріптердің
ағымдағы
тізімі)
терезесінентаңдалған қаріп түрін
Replace Font From (Алмастыруға
арналған қаріптер тізімі) терезесінен таңдалған қаріп түріне алмастыру
екі батырманың біреуі арқылы орындалады. Тек белгіленген блоктың
ішінде алмастыру үшін
Change (Ауыстыру) батырмасы қолданылады;
құжаттың барлық блоктарында алмастыру үшін
Change All (Барлығын
ауыстыру) батырмасы бар. Бастапқы қаріпті толық алмастырудан кейін
оның атауы
Fonts inDocument (Қаріптердің ағымдағы тізімі) терезесі
тізімінен жойылады. Қолданылған қаріптер тізімін сақтау үшін
Save List
(Тізімді сақтау) батырмасы арналған.
Абзац интерлиньяжы және шегінісі. Мәтін теруде интерлиньяж
(leading) деп көрші жолдардың негізгі сызықтары арасындағы
қашықтықты айтады. Интерлинбяж мәні қаріп сипаты (шығарылатын
элементтердің болуы немесе болмауы) және өлшеміне байланысты,
сондай-ақ, жол еніне байланысты анықталады. Adobe фирмасы
қарапайым арақатынасты ұстанады: үнсіз келісім бойынша интерлиньяж
кегльдің 120%-ын құрайды.
Character (Белгі) палитрасында
Auto (Авто)
нұсқасын таңдағанда дәл осы мән алынады. Ол кегль мәнінің өзгеруіне
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Мәтінді салыстырмалы түрде ұсақ
кегльмен (8-14 пункт) енгізгенде мұндай интерлиньяжды әбден қолдануға
болады, алайда ірі қаріп үшін «кегль – жол ені – интерлиньяж»
арақатынасынан визуалды әсерді мұқият бағалау қажет.
Character (Белгі) палитрасында интерлиньяжды орнату үшін кегльді
орнату кезінде қолданылатын әдістер пайдаланылады: интерлиньяж
мәнін тізімнен таңдап алады, сан батырмаларының көмегімен енгізеді,
бағдарша батырмаларын шерту арқылы үлкейтеді немесе кішірейтеді.
Кегль мәніне тең интерлиньяж мәнін орнату үшін тізімнен сол жақта
орналасқан пиктограммаға екі рет шерту жеткілікті. Үнсіз келісім
бойынша мәнін (120%) қайта орнату үшін
батырмасын басып
тұрып, сол пиктограмманы шерту қажет.
Белгіленген мәтіннің интерлиньяжын пернетақта көмегімен үлкейтуге
немесе кішірейтуге болады. + <↑> батырмаларының комбинациясы
интерлиньяжды кішірейтеді, ал + <↓> батырмалар комбинациясы
оны үлкейтеді.
Баспа басылымдарының дизайнында мәтіннің қабылдануын жақсарту
әдістерінің бірі ретінде көрші абзацтардың ақырғы және бастапқы
жолдары
арасында
үлкейтілген
интерлиньяж
(абзац
шегінісі)
қолданылады. Шегініс азат жол орнына немесе онымен бірге қолданылуы
мүмкін. Абзац шегінісі блоктық (абзацтық) мәтін үшін қолданылады,
мұнда Туре (Мәтін) тобының сәйкес құралы арқылы бір немесе бірнеше
абзауты белгілеуге болады немесе Selection (Белгілеу)
құралының
көмегімен блокты толығымен белгілеуге болады. Абзац шегінісі
Paragraph (Абзац) палитрасының Leading Бefore Paragraph (Абзац
алдындағы шегініс) өрісінде беріледі.
149