7.14-сурет. Adobe Illustrator құралдар панелі
Бірінші топқа объекттерді белгілеу құралдары кіреді. Белгілеу құралы
объекттерді толығымен белгілейді (бұл үшін контурды шерту немесе
белгіленетін объект айналасындағы жиектемені белгілеу қажет). Ішінара
белгілеу құралы контурдың бір бөлігін, мысалы сегменттердің бірін
немесе тірек нүктесінің бірін белгілейді. батырмасын басып
тұрып бұл құралмен бірнеше объектті немесе олардың элементтерін
таңдайды.
Сурет салуға арналған құралдар тобы Эллипс және Тіктөртбұрыш
сияқты дәстүрлі құралдардан тұрады. Қарандаш құралы кез келген
пішіндегі контурды салу үшін қажет (олардың тірек нүктелері автоматты
түрде қойылады). Қауырсын – бағдарламаның негізгі құралы. Ол тік
сызықты және қисық сызықты сегменттерді салу үшін қажет (тірек
нүстелерін қолданушының өзі орналастырады). Мәтін құралы мәтіндік
объекттерді қою үшін қолданылады. Қайшы құралы аса маңызды. Ол
контурларды бөлу үшін қажет. Контурдың шертілетін орындарында
ақырғы нүкте жұптары пайда болады және ағымдағы контур тәуелсіз
объекттерге бөлінеді.
137
Редактрлеу құралдары белгілеу объектлерімен жұмыс жасауға
арналған. Айналдыру, Еңкейту, Өлшем және Айна құралдарының
әрекеттері атауларынан белгілі.
Төртінші топқа Түрлендіру және Диаграмма құралдары кіреді.
Түрлендіру құралы объекттерді өзгерту үшін қажетті альтернативті
құралдар тобы болып табылады (түрлендіру барысында туындайтын
барлық аралық объекттердің сақталуымен бір пішінді объекттерді басқа
пішінді объектке түрлендіру). Диаграмма құралы диаграммаларды
тұрғызуға арналған іскерлік графиканың алтернативті құралдар тобынан
тұрады.
Соңғы топқа қарап шығуды басқару қосымша құралдары (Масштаб,
Қол, Сығыш), үлгі бойынша түсті таңдау құралы (Тамшуыр), сондай-ақ,
контурларды бояу құралдары (Бояу және градиент) жатқызылады.
Adobe Illustrator құралдары. Бағдарламаның негізгі және аз
қолданылатын құралы –Selection (Белгілеу)
.
Ол объекттерді белгілеу, жылжыту, масштабтау және бұру үшін
арналған. Объект белгіленген кезде белгілеу жиектемесі және оның
маркерлері көрінеді.
Direct selection (Ішінара белгілеу)
түйіндер мен сегменттерді
белгілеп, редактрлеуге мүмкіндік береді. Объект түйіндерін және оның
құрамдас бөліктерін белгілеу және редактрлеу үшін Selection Tool
құралының оң жағында орналасқан екі құрал арналған. Негізгі объектті
толық белгілеу үшін Group Selection (Топпен белгілеу) құралы
қолданылады. Оның көмегімен қадамдық өтулер мен топтардың жеке
объекттерін белгілеуге болады.
Боялуы бірдей объекттерді белгілеу үшін Magic Wand (Сиқырлы
таяқша)
құралы көп қолданылмайды. Алайда оны қолдану
уақытты айтарлықтай үнемдейді, артық әрекеттерден арылтады. Барлық
объекттердің бірнеше түйіндерін белгілеу үшін Lasso (Лассо)
құралын қолдануға болады. Ол Adobe PhotoShop-тың Lasso белгілеу
құралы тәрізді жұмыс жасайды.
Негізгі сурет салу құралдары Pen (Қауырсын)
тобында
жинақталған. Pen (Қауырсын) құралы қисықтарды салуға арналған.
138
Объекттердің түйіндерін редактрлеу үшін үш құрал қолданылады:
Add Anchor Point (Түйін қосу) әрекет ететін контурға түйіндерді қосуға
мүмкіндік береді; Delete Anchor Point (Түйінді жою) артық түйіндерді
жоюға мүмкіндік береді; Convert Anchor Point (Түйінді түрлендіру)
контур иілімдерін редактрлеуге арналған.
Векторлық редакторларда мәтінмен көп жұмыс жасауға тура келеді.
Туре (Мәтін)
құралдар тобы осы мақсатқа арналған.
Мәтінмен жұмыс жасауға арналған негізгі құрал – Туре (Мәтін).
Оның көмегімен мәтіндік объектлердің екі түрін енгізуге болады:
қарапайым және фигуралық. Фигуралық мәтіннің блогын құру үшін Туре
(Мәтін) құралын таңдап, құжаттың кез келген жерінен шерту жеткілікті.
Кез келген контурдың ішіне мәтіндік объектті енгізу үшін Area Type
қолданылады.
Құралдық (қалқымалы) палитралар. Бұдан бұрын қарастырылған
Adobe PhotoShop растралық редакторында, Adobe Illustrator векторлық
редакторындағыдай палитралар – ерекше диалогтік терезе қолданылады.
Палитралар негізгі құралдардың әрекетін реттеу үшін қажет. Мұндай
басқару элементтері басқа векторлық редакторларда да бар.
Ары қарай ең көп таралған бірнеше палитралар мысалын
қарастырайық. Әрбір палитра бірнеше қосымша парақтан тұруы мүмкін,
қосымша парақтарды тышқанды қозғау арқылы палитраға қосуға немесе
жоюға болады. Палитралар View (Қарау) мәзірі көмегімен экранға
шығарылады немесе жойылады.
Түс пен қылқаламды басқару (таңдау) палитрасы. Берілген панель
түсті (негізгі немесе контур түсі) таңдауға, Бrushes (Қылқаламдар)
қосымша парағында қылқаламды таңдауға және реттеуге мүмкіндік
береді.
Мәтінді басқару палитрасы. Бұл палитра қаріпті, қаріп
гарнитурасын, кегльді таңдауға; әріптер мен сөдер және т.б. арасындағы
жол аралығын, интервалын реттеуге; параграф конфигурациясын
реттеуге мүмкіндік береді (7.3 бөлімді қараңыз).
Түрлендіру палитрасы. Объекттерді трансформациялауға, түзетуге
(бір-біріне қатысты немесе жұмыс парақшасына қатысты) (CS3
нұсқасынан
бастап))
қажетті
құралдардан
және
Pathfinder
(Контурларды өндеу) қосымша парағынан тұрады. Pathfinder
(Контурларды өндеу) қосымша парағының құралдары көмегімен
бірнеше объектті бір объектке біріктіруге, бір объектті басқаша кесуге
немесе екі немесе одан да көп объекттерді қабаттастыру арқылы жаңа
объект алуға болады.
Іс жүзінде векторлық иллюстацияларды жасау кезінде Stroke
(Сызық), Swatches (Каталог) және Color (Синтездеу) палитралары ең
жиі қолданылады.
139
Достарыңызбен бөлісу: |