Индекстік түс палитрасы — түсті компьютерлік файлға жазу әдісі,
мұнда әрбір түс реңкі бір санмен беріледі, бұл сан пиксель түсін емес,
файлға бекітілген түс палитрасында түс нөмірін (индексін) білдіреді.
Интерлиньяж — абзацтың көрші жолдары арасындағы қашықтық.
Кегль — металл мәтінде вертикаль бойынша литер өлшемі, яғни,
типографиялық пунктпен өлшенетін кегльдік ауданшаның биіктігі.
Барлық кегльдердің жеке атаулары (корпус, нонпарель, інжу, гауһар және
т.б.) болды. Сандық қаріптерде кель беттеу кезінде пернетақтадан
беріледі және типографиялық пунктпен өлшенеді. Шамамен кіші әріп
биіктігіне жоғарғы және төменгі шығарынқы элементтер шамасын
қосқанда, сондай-ақ, көршілес жолдардың шығарынқы элементтері
жабысып қалмауы үшін қажетті әлдебір шаманы қосқанда сәйкес келеді.
Кегльдік ауданша – металл жиынтықта литера тірегінің жоғарғы
тіктөртбұрышты немесе
шаршы бөлігі, онда әріптің немесе
басқа белгінің
дөңес (енгізуші) суреті орналасқан. Металдық қаріпте кельдік ауданша
шамасы литераның енгізу және беттеу кезіндегі барлық өлшемлерін
анықтайтын. Сандық қаріптерде кегль ауданшасы қаріпті белгінің суреті
салынатын тек тіктөртбұрыш ретінде жобалау кезінде ғана маңызды.
Кернинг — белгілі (кернингтік) жұптарға кіретін әріптер арасындағы
қашықтықтың өзгеруі, мысалы: AV, ТД.
Кернингтік жұптар — кернинг автоматты түрде орындалатын
барлық әріптік жұптар енгізілген кесте.
Колонсызғыш — мәтінен колонтитулды бөлуші сызғыш (жіңішке,
қосарлы, сыздықты, нақышталған).
Колонтитул — басылым туралы кейбір ақпараттық мәліметтерден
тұратын басылым құрылымының элементі. Мысалы, әрбір беттің
мәтінінен жоғары автор аты-жөні, кітап (журнал, мақала) атауы, бөліма
атауы, сөздіктердегі бастапқы әріптер немесе мақала атауларын жазу.
Бағандық сан — басылым бетінің немесе бағанның рет саны.
Қаріп қанықтылығы — негізгі және байланыстырушы штрих
қалыңдықтарының арақатынасын білдіретін қаріп сипаттамасы. Қаріп
қанық емес, қанық және аса қанық болуы мүмкін. Қанықтылық –
гарнитура белгілерінің бірі.
Контртитул – негізгі титулмен бір жақта орналасатын титул беті.
Аударылған басылымдарда контртитулда титул бетінде келтірілген
ақпарат түпнұсқа тілінде беріледі.
Жинақ сызғышы – қалыңдығы әртүрлі сызықтар мен суретте
бейнелеуге арналған жиынтықтың графикалық элементі.
168
Литера (лат.
lit(t) era — әріп) — бүйір жақтарының бірінде дөңес
белгі суреті бар типографиялық қорытпадан, пластмассадан, ағаштан
жасалған кесек.
Логотип — 1) ең көп қолданылатын сөздері бар литералар.
Жалпы бір
тіректе өзінің негізгі пішінің өзгертпейтін бірнеше литералар; 2) газеттің
тақырыбы, журнал, телебағдарлама, фирма немесе өнім атауын қоса
алғанда, көркемдік немесе өнделген енгізу қаріпі қолданылатын кез
келген фирмалық жазу.
Беттеудің модульдік жүйесі – көлденең және вертикаль бойынша
берілген қадамы (модулі) бірдей немесе әртүрлі модульдік тор жолақтар
мен соңғы беттердің композиция негізі болатын беттеу жүйесі.
Қаріп қанықтылығы – қаріп сипаттамасы, негізгі штрих
қалыңдығының тік белгінің биіктігіне қатынасы. Бұл қатынасты өзгерту
аса ақшыл, ақшыл, қалыпты, жартылай қалың, қалың, аса қалың қаріпті
береді.
Қаріп кескіні – бір гарнитуралы енгізу қаріпінің бейнелену нұсқасы.
Қаріп кескіні келесідей классификацияланады: тығыздығы бойынша –
тар, қалыпты, кең; қанықтылығы бойынша – ақшыл, жартылай қалың,
қалың; еңкеюі бойынша – тік, курсив, еңкейтілген.
Желбіршек – негізгі мәтінмен толтырылмаған жолақ макетіндегі
аймақ. Желбіршектер тікбұрышты, көпбұрышты немесе қисықсызықта
болуы мүмкін.
Суреттің мәтінмен айналуы – графикалық және мәтіндік
редакторларда мәтін және объектті түсіру режимі, бұл кезде мәтін объект
шекарасынан «бастырылып шығарылады».
Түпнұсқа (лат.
originalis — бастапқы, алғашқы) – редакция-баспалық
өндеуден өткен және полиграфиялық құралдарды бейнелеуге арналған
иллюстрациялық немесе мәтіндік материал.
Жолақ – мәтін (иллюстрация) енгізілетін кез келген басылым бетінің
баспаланған ауданы.
Келтіру — баспа өндірісінде түсі бөлінген суреттерді басу кезінде
бедерлемеде беткі және артқы бет жолдарының сәйкес келуі. Келтіруді
тест-объекттер және бақылау белгілерін қолдану арқылы немесе сурет
бойынша жүргізеді. Брошюралық-түптеу өндірісінде – бедерлеу кезінде
қалыптың (штамп) дұрыс орналасуы.
Бас әріптер – кіші әріптерден биіктігімен (бас әріптер биік), кей
жағдайда пішінімен өзгешеленетін әріптер. Бас әріппен сөйлемнің
бірінші сөзін бастайды, жалқы есімдер және таңдалған тілдің
орфографиясына сәйкес басқа да сөздер басталады.
169