Абдрасилова С. Т. аға оқытушы «Отырар» институты, Шымкент қ



жүктеу 155,76 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2018
өлшемі155,76 Kb.
#19109


Абдрасилова С.Т. 

 аға оқытушы 

«Отырар» институты, Шымкент қ. 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ  

ДАМУЫ (1917-1950 ж.ж.) 

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетке айналуы оның 

тарихи  зерттеу  ісіне  де  үлкен  ӛзгерістер  әкелді.  Жоғары  білім  беру 

ісінің  даму  тәжірбиесін  терең  зерттеу  қоғамның  әлеуметтік-

экономикалық  және  саяси  ӛмірінде  болып  жатқан  ӛзгерістердің 

себептері  мен  мазмұнын  терең  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Отандық 

тарихты  концептуалды  ой  елегінен  ӛткізуге  алдыңғы  толқын  аға 

зерттеушілерімен қоса, орта буын ғалымдар да үлкен қайрат қылуда. 

Олар  атқарар  жұмыстың  ауқымы  кең.  «Біздің  міндетіміз  –  жаңа 

жағдайларда қолдануға келмейтін әрі әбден тозығы жеткен идеяларға 

иек  артпайтын  ғылымның  жаңа  ұрпағын  дайындау»  (1),  -  деп 

кӛрсетеді президент Н.Ә. Назарбаев. 

Халыққа  білім  беру  тарихында  жоғары  оқу  орындарының 

құрылуы  ерекше  маңызды  орын  алады.  Жоғары  оқу  орындары 

ертеректе  болған  жоқ,  егер  де  оларды  ашқан  күнде  онда  студенттер 

ӛте  аз  болады.  1913  жылы  орта  ауылшаруашылығы  мамандарын 

дайындайтын 7 училище мен мектепте барлығы      100 адам оқыды. 

Арнаулы білім алғандардың  ӛзі санаулы еді. Олардың ӛзі де білімді  

туған ӛлкеде алды. 

Қазақстанда  жоғары  және  орта  арнаулы  мектептер  бұрынғы  

КСРО-дағы  барлық  ұлт  республикалардағыдай  тек  1917  жылы 

қазаннан кейін құрылып дамуға ӛріс алды.  

1918 жылы 2 тамызда В.И.Ленин РСФСР Халық Комиссарлары 

кеңесінің  “Жоғарғы  оқу  орындарына  қабылдау  ережесі  туралы” 

Декретіне қол қойды. Онда жоғарғы оқу орындарына 16 жасқа толған 

қыз бен жігіттерді қабылдау қаралды. Оқуға түсетіндерден жеке басы 

мен  жасын  кӛрсететін  куәліктен  басқасын  талап  етуге  тыйым 

салынды.  Білім  беруге  ақы  тӛлеу  тоқтатылды.  Студенттерге 

мемлекеттік  стипендия  тағайындалды.  Осының  бәрі  еңбекші 

жастардың жоғары мектепке деген үлкен ұмтылысына әсер етті (2). 

1919  жылы  Орынбор  губерниясы  халыққа  білім  беру  бӛлімінің 

бастамасы бойынша шығыс ұлттары (татар, башқұрт және тағы басқа) 

арасында  педагогтік  кадрларды  дайындау  үшін  әлеуметтік–тарих 

және шығыс факультеттері құрамында халыққа білім берудің Шығыс-




татар  институты  құрылды.  Ол  бұрынғы  “Хусаиния”  медресесінің 

үйінде  орналасты.  1922  жылы  татар  институтында  190  адам  білім 

алды. Оның ішінде 75 әйел,            46 шаруа, 19 жұмысшы, алтауы 

мещандық  топтан  болды.                  1923  жылы  татар  институтында  250 

адам  оқыды.  Дегенмен,  кӛптеген  қиыншылықтар  да  кездесті, 

жатақханада    орын  жетпеді,  тыңдаушылар  материалдық  қиындықты 

бастан  кешті,  олардың  белгілі  бір  бӛлігі  жәрдемақы  алды.  Мәселен, 

Қырғыз  халық  ағарту  комитеті  кӛмек  кӛрсеткен    22  адамның  4-уі 

әйелдер болды (3). 

Коммунистік  партия  педагогикалық  кадрларды  дайындау 

жұмысын  үнемі  жүргізіп  отырды.  Осы  мақсатта  1919-1920  ж.ж. 

Қазақстанда  Орта  арнаулы  оқу  орындары  -  Халыққа  білім  беру 

институттары  (ИНО)  ашылды,  онда  жеті  жылдық,  он  жылдық 

мектептер  және  шаруа  жастары  мектебі  (ШКМ)  мен 

техникумдарға  оқытушылар  даярланды.  Даярлау  әр  түрлі  оқу 

орындарында  жүргізілді  (4).  1919ж.  Оренбургте  Халыққа  білім  беру 

практикалық  институты  (ПИНО)  және  Халыққа  білім  беру 

Шығыстық 

(Татарский) 

институты 

(ВИНО) 

ашылуын  



ұйымдастырды (5). 

1920  жылы  Орда  қаласында  халыққа  білім  беретін  Бӛкеев 

институты ашылды. 15 қарашада осында 11 оқытушы мен           22 

тыңдаушы  сабақты  бастады.  Орыс  тілі,  жалпы  педагогика, 

психология,  мәдениет  тарихы,  математика,  биология,  

топырақтану,  физика,  неміс  және  қазақ  тілдері  бойынша  дәрістер 

оқылды  (6).  1920  жылдың  күзінен  бастап,  Семейде  Халыққа  білім 

беру институты жұмысқа кірісті. 

1920 жылдың 2 желтоқсанында Түркістан КСР Халком кеңесінің 

Ташкентте  қазақ  тілінде  оқытатын  халыққа  білім  беру  Қазақ 

институты ашылғандығы туралы қаулы жарық кӛрді. 

1921  жылы  тағы  да  екі  жоғарғы  оқу  орны  қатарға  қосылды. 

Орынборда  ашылған  Қазақ  Халық  шаруашылығы  институты  

кейіннен  Қызылордаға  кӛшірілді  және  Верныйда  Қазақ  ағарту 

институты дүниеге келді. Дегенмен, бірінші жоғарғы оқу орындарын 

ұйымдастыруда,  тыңдаушылар  мен  оқытушыларды  іріктеуде  үлкен 

қиындықтар  кездесті.  Мысалы,  Қазақтың  Орынбордағы  Халыққа 

білім беру институтының бірінші қабылдауында 50 тыңдаушы болып, 

бірақ оқу жылының аяғына қарай одан 20-сы қалды. Оқытушылардың 

деңгейі  әлі  де  жоғары  жағдайды  қалыптастыруды  талап  етті. 

Педагогикалық жұмысқа Орынбор орыс-қырғыз мектебін бітіргендер 



тартылды.  Институттың  бір  ғана  оқытушысының  жоғары  білімі  бар 

еді.  


Қазақ  мұғалімдерінің  тұңғыш  түлектері  1924-1925  жылдары 

Қызылорда  және  Ташкент  институттарын  бітірді.  1925  жылы  және 

1927-1928 оқу жылдарында бар болғаны 20 адам бітірді. 1920  жылы 

Қазақ  Кеңес  Автономиялық  Республикасы  құрылғаннан  кейін, 

1921  жылдың  15  қазанында  Орынборда  мемлекеттік    университет, 

1922  жылдың  күзінде  политехникалық  институт  ашу  ұйғарылды. 

Дегенмен,  уақыт  бұл  ерте  екендігін  кӛрсетті.  Алдымен  ауыл 

мектептерінің  жүйесін  кеңейтіп  және  нығайтып,  жұмысшы 

факультеттерін  ашуды  талап  етті.  Баршаға  белгілі  1920  жылдың  17 

қыркүйегінде  халық  комиссарлар  кеңесі  жұмысшы    факультеттері 

туралы  декретке  қол  қойды.  Оның  негізгі  міндеті  пролетарлық  және 

шаруа бұқарасын жоғары оқу орындарында білім алуға дайындау 

еді.  Жұмысшы  факультеттерін  құруға  және  жастардың  жеңілдік 

жағдайда оқуға түсуі, әсіресе аудандардан жастар алдымен жұмысшы 

факультеттеріне,  кейін  жоғары  оқу  орындарына  жолдама  алды. 

Қазақстанда қазақ бӛлімі мен бірінші жұмысшы факультеті      1921 

жылы  Орынборда  құрылды.  Москвада  бірінші  жұмысшы  факультеті 

1919  жылы  екінші  ақпанда  ашылған  болатын  (қазіргі  Г.В.  Плеханов 

атындағы  Халық  шаруашылығы  институты).  Онда  алдын-ала 

жұмысшы факультетіне ӛткен соң Қазақстанның да ӛкілдері де білім 

алды (7). 

Қазақстандағы 

жоғары 

дәрежелі 



мектептер 

үшін  


үлестірілген  барлық  қызметтің  1932  жылы  19  қыркүйектегі  КСРО 

ОАК  “Жоғары  дәрежелі  мектептер  және  техникумдағы  оқу 

бағдарламасы мен тәртібі туралы” шешуші қаулысы болды. Құжатта 

елдегі  кадр  мамандарды  даярлау  социалистік  шаруашылығының  ӛсу 

қажеттілігі  дәрежесіне  кӛтерілгені  кӛрінді.  Әрекет  етуші  бригада-

лабораториялық  оқытылу  әдісі  бұзылды.  Жоғары  оқу  орнында 

оқытуда  лекция,  семинарлы  және  лобараториялық  әдістері  қойылды. 

Ӛндірістік  практика  колхозда,  педогогикалық  практика  мектепте 

ӛтіледі.  Коллективті  жүйедегі  сынақ  пен  емтихандар  жойылып, 

сынақ-емтиханды  сессия  жылына  екі  рет  болатыны  енгізілді. 

Студенттердің 

үлгерімі 

қарастырылды. 

Жоғары 


дәрежелі 

мектептердегі  тәртіп  пен  оқу  процесін  бекіту  жоғары  оқу  орындағы 

тәртіп туралы қаулы бӛлімі арналды. Онда жоғары оқу орындары мен 

техникумдар  дәл  оқу  жоспарымен  жұмыс  істеуі  қажет,  студенттер 

мен  оқытушы-профессорлар  арасында  қатаң  тәртіп  сабақ  кестесін 

міндетті  түрде  қадағалауы  керек.  Осындай  белсенділіктің  арқасында 




алғашқы бес жылдық кӛлемінде мамандандырылған маман даярлау да 

арнайы жетістіктерге жетті. 1932 жылы Қазақстанда алты жоғары оқу 

орындары  жұмыс  жасады.  Онда  екі  мыңнан  аса  студенттер  оқыды, 

800-ге жуығы немесе 40,5% қазақтар болды. Республика жоғары оқу 

орындарында  жоғары  мамандандырылған  оқытушыларды,  ауыл 

шаруашылығы 

мамандарын, 

дәрігерлерді, 

инженерлер 

мен 


техниктерді  дайындай  бастады.  РСФСР,  Ӛзбекстан,  Украина  және 

басқа  республикаларда  ұлттық  кеңес  интеллигенция  кадрларын 

қалыпқа  келтіру  жоғары  оқу  орындарының  қабырғасында  біркелкі 

жүрді (8). 

Республикада  бірінен  соң  бірі  (1929,  1930,  1931)  Алматы  мал 

дәрігерлік,  Қазақ  Мемлекеттік  ауыл  шаруашылығы  және  Қазақ 

Мемлекеттік медицина институттары жұмыс істей бастады. Сонымен 

бір уақытта бұрынғы одақтық басқа республикаларында жоғары және 

техникалық  білім  алған  қазақтардың  саны  ӛсе  түсті.  Тек  1931-1932 

оқу жылдары Қазақстаннан тысқары жоғары оқу орындарында біздің 

республиканың 4,5 мыңға жуық ӛкілдері білім алды. Ұзақ уақыт бойы 

жоғары  мектеп  студенті    қатарын  толықтырудың  маңызды  арнасы 

жүмысшылар  факультеті  болып  қала  берді.  Онда  оқушылардың 

негізгі бӛлігін жұмысшылар құрады.  1933 жылы мектеп бітірушілер 

жоғары  оқу  орындарында  барлығы  13  пайыз,  ал  жұмысшы 

факультеттерінде  43,5  пайыз  болды. 1934 жылдан бастап жалпы білім 

беру мектебінде орта білім алған жастарды толық бітіру қарқыны ӛсті. 

1938-1939  жылдары  жоғары  оқу  орындарын  түскендердің  арасында 

олар  жартысынан  астамы  болды.  Республикадан  тысқары  жерлерде 

жоғары және орта арнаулы білім алған қазақстандықтардың саны жыл 

сайын  арта  түсті.  Бұрынғы  одақтың  жоғары  оқу  орындары  мен 

техникумдарында  Қазақстан  үшін  орындар  белгіленіп,  дайындық 

топтары 

құрылды, 

үлкен 

жеңілдіктер 



жасалды. 

Мысалы, 


Қазақстаннның  әрбір  облысы  жыл  сайын  жоғары  оқу  орны  мен 

техникумдарда тиісті орын алып отырды. 1923 жылы Ақтӛбе облысы 

Самар  облыстық  университетінен  12  орын  алды.  Ал  Орал-Қазақ 

ӛнеркәсіп  академиясына  (Свердловск  қаласы)  тыңдаушылар 

Қарағанды,  Қарсақпай,  Қоңырат,  Риддер  және  республиканың  басқа 

да  ӛндіріс  аудандарынан  іріктеліп  алынды.  Мысалы,  басқа 

республикалардың  оқу  орындарында  оқыған  қазақстандықтардың 

саны  туралы  1927-1928  оқу  жылына  арналған  тӛмендегідей 

мәліметтер бар (9).  

р/с  Қалалар 

Еркектер 

Әйелдер 


Москва 


159 

28 


Ташкент 


483 

61 



Лениград 

95 

14 


Саратов 


55 

19 


Томск 


79 



Омбы 

136 


45 

Астрахан 



15 

16 


Воронеж 


12 



Казан 

125 


31 

10  Барлығы  

1159 

228 


Студенттерді,  оқу  озаттарын  ынталандыру  мақсатында  жоғары 

үлгерімге  бұқаралық  қозғалысты  ӛрістету  үшін,  сондай-ақ  ғылыми 

қызметкерлер  мен  жоғары  оқу  орындарынан  қазақ  кадрларын 

дайындауды жеделдету мақсатында барлық жүйедегі  техникумдарды 

үздік  бітірген  студенттерге,  соған  сәйкес  жоғары  оқу  орындарына 

тікелей  түсу  құқығы  (мамандығы  бойынша  белгіленген  практика 

мерзімін ӛткізбей-ақ) берілді. Ал жоғары оқу орнын үздік бітірушілер 

не  аспиратураға  қалдыруға,  не  жоғары  оқу  орнында  педагогтік 

жұмысқа  қалдыруға  ұсыныс  берілді.  Студенттерге  және  техникум 

оқушыларына  материалдық  кӛмек  кӛрсетілді.  Мысалы,  1934  жылы 

ақпанда Ленинград сахналық ӛнер техникумына қазақ жастарынан 25 

адам  жіберілді.  Оның  ішінде  7  қыз  –  Садықова,  Бӛкеева, 

Нұрмұхамедова, 

Сұлтанғалиева, 

Қасымова, 

Асфендиярова 

степендиямен  қамтамасыз  етілді.  Сондай-ақ,  республика  кӛптеген 

студенттерге ақша  берді және ай сайын кӛмек беру бекітілді (10).  

Соғыс  жағдайына  қарамастан,  Қазақстанда  жаңа  жоғары  оқу 

орындары  құрылғандығы  жоғарыда  айтылды.  1947  жылдың  аяғына 

қарай  елімізде  жоғары  оқу  орындарының  саны  соғысқа  дейінгі 

кезеңге  жетті.  1947-1950  жылдары  Қазақстанда  жаңадан  алты 

институт  ашылды.  1954  жылы  Қазақстандағы  тың  және  бос  жатқан 

жерлерді  игеру  бағдарламасы  ӛмірге  келді.  Қазақстанда  екі  жылда  ( 

1954-1955) 18 милион гектар жаңа жер жыртылды.  

Бүгінгі  таңдағы  елімізде    жасап  жатқан  ӛзгеріс  бағыты  да  оқу-

білім  саласына  тікелей  әсер  етуде.  Білім  ордаларының  бой  кӛтеріп 

жұмыс істеуі барысында халықтың білім деңгейі кӛтеріліп, қала мен 

облыстық  интеллигенция  ӛкілдері  сандық  және  сапалық  жағынан 

ӛскен.  Бірақ,  осы  жетістіктердің  бәрі  орталықтың  тікелей  араласуы 

мен олардың бағыт-бағдарымен жүзеге асырылады.     

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.  Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің 5 жылы. – А., «Қазақстан», 1996.-513б. 

2.  Құнантаева  К.  Қазақстанда  халыққа  білім  беру  ісінің  дамуы  (1917-1920ж.ж.)  – 

А., 1998.-38б. 

3.  ҚР ОММ 81-қ., 1-т., 649-іс, 107-155 п.п. 




4.  Қазақстан Республикасының Президенттік мұрағаты. Жолнұсқаушы. 73,152-б. 

5.  Жамантаев К.Ж. Высшая школа в Казахстана – А., 1972.-20стр. 

6.  ҚР ОММ 81-қ., 1-т., 19-іс, 9-10п.п. 

7.  Құнантаева  К.  Қазақстанда  халыққа  білім  беру  ісінің  дамуы  (1917-1920ж.ж.)  – 

А., 1998.-40б. 

8.  Жамантаев К.Ж. Высшая школа в Казахстана – А., 1972.-45-46 б.б. 

9.  ҚР ОММ 30-қ., 1-т., 1199-іс, 24-п. 

10.  Кунантаева К.К. К вершинам знаний – А., 1978.-76б. 

                                

* * * 


В  статье  рассматриваются  предпосылки  возникнования  и  развития 

системы  высшего  образования  в  соответствии  с  социально-экономическим 

развитием общества. 

 

* * * 

The  reasons  of  origins  and  developing  of  the  system  of  high  education  in 

conformity social-economical developing of society consider in this article. 

 

 



 

жүктеу 155,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау