Қаріптің сыртқы безендірілуі. Метрикалық параметрлермен (өлшем,
орналасуы және т.б.) қатар, қаріптің сыртқы безендірілуі (қалыңдығы,
жиектеу түсі, түспен немесе әсемдік бояу және т.с.с.) мүмкін. Бұл
қатынаста қаріп объектісі кәдімгі веторлық объекттен ерекшеленбейді
дерлік, градиенттік боялар ерекше жағдайға жатқызылады, оларды
қаріпті безендіру үшін қолдануға болмайды. Қаріппен жұмыс жасау
кезінде тақырып мәтінін
ерекшелеу қажет, кез
келген объект сияқты оның
жиектелу және боялу параметрлерін өзгертуге
болады және сонымен
қатар, блоктық (абзацтық) мәтінді де ерекшелеу қажет, оның қаріп
жиектелуі мен боялуы параметрлерін өзгертумен қатар, «контейнер» –
мәтін енгізілетін кез келген еркін пішінді объект немесе бойымен мәтін
бағытталатын контурды жиектеуге және бояуға болады.
Мәтіннің тағы да бір ерекшелігі – блоктарды (фреймдерді),
фрагменттерді немесе мәтіннің жеке белгілерін белгілеу әдістері. Мәтін
блокын (фреймін) толығымен белгілеу және оны безндіру үшін
Selection
(Белгілеу) құралы қолданылады. Мәтін жиектемесін («контейнерді»)
немесе қаріп бағдарланатын контурды белгілеу үшін Adobe Illustrator
Direct Selection (Бөлшектеп белгілеу) немесе
Group Selection (Топпен
белгілеу) құралы қолданылады. Жеке белгілерді, сөздерді және
абзацтерді белгілеу үшін
Type (Мәтін) тобының сәйкес құралын қолдану
қажет.
Блоктық мәтінді (мәтіндік фреймді) түрлендіру. Блоктық мәтінді
(мәтіндік фреймді) таңдау кезінде
Selection (Белгілеу) құралының
көмегімен оны түрлендіру (айналдыру, масштабтау, жылжыту)
мүмкіндігі бар, бұл кезде мәтін және мәтіндік жиектеме бірдей
түрлендірілуге ұшырайды.
Direct Selection (Бөлшектеп белгілеу) немесе
Group Selection (Топпен белгілеу) құралдарының көмегімен (Adobe
Illustrator-да) жиектемені таңдау кезінде оның түрлендірілуі мәтіннің
жаңа (түрленген) мәтіндік жиектеме шекарасында қайта беттелуіне
әкеледі. Егер мәтіндік блок жиектемесі басқа жиектемелермен
байланысқан болса, бұл жағдайда ол жеке түрлендірілуі мүмкін.
Жеке жаңа қаріптерді жасап шығару. Ынтызарлық туындаса,
қаріптерді өз бетіңізбен жасауға болады. Бұл мақсатта арнайы
бағдарламалар болады. Олардың ішінде ең әйгілісі FontLab
1
саналады.
Ол қаріпті нөлден жасауға және түрлендіруге қажеттінің барлығын
қамтиды: необходимое как для созданияшрифтов с нуля, так и для их
модификации: Glyph Editor — белгілерді жасау ортасы; TrueType & Type
1 Hinting — қолдан реттелетін және автоматты хинтирлеу; VectorPaint
Tools — векторлық объекттермен жұмыс жасауға арналған құралдар;
FontAudit Technology — құрылатын белгілердің контурларымен
туындайтын мәселелерді автоматты анықтау және жоюға арналған
бірегей технология; Font Metrics and Kerning —метрикалар мен
кернингтердің автоматты
қызметтері бар кәсіби редактор; Transformations
152