Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет58/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65

 
 
—  жеке  белгілерге,  сондай  ақ,  олардың  топтарына  қолданылатын 
әртүрлі  түрлендірулер;  Font  Header  Editor  —  қаріп  қасиеттерін  атауы 
және  қолданылатын  кодты  беттерден  айрықша  арнайы  TrueType-
метрикаларға дейін редактрлеу.  
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Adobe  PhotoShop  растралық  графика  редакторы  жұмыс  үстелінің 
элементтері қандай?  
                 2 Adobe PhotoShop құралдар панелінде қандай негізгі батырмалар  

http://www.font 
орналасқан? 
3.    Adobe  PhotoShop  құралдар  панелінде  қандай  басқару  құралдары 
бар? 
4. 
CorelDRAW 
веткорлық 
суреттер 
редакторының 
негізгі 
ерекшеліктері қандай?  
5. 
Adobe Illustrator бағдарламасының негізгі ерекшеліктері қандай? 
6. 
Adobe  InDesing  редакторы  не  үшін  арналған?  Оның  негізгі 
ерекшеліктері қандай?  
7.  Беттеу  кезінде  мәтінмен  жұмыс  жасаудың  қандай  ерекшеліктері 
бар?  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
153
  


 
8-ТАРАУ 
ТҮС ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ТҮСТІҢ БӨЛІНУІ 
 
 
  
8.1
  
             ФАЙЛҒА ТҮС ЖАЗУ 
Түсті  компьютерлік  файлға  жазудың  әрттүрлі  әдістері  бар.  Ең 
қарапайым жолы – түстер туралы мәліметтер түс палитрасы деп аталатын 
арнайы  кестеде  сақталады.  Мұндай  кестеде  қандай  да  бір  түс  қандай 
кодпен  кодталғаны  туралы  ақпарат  болады.  Түс  палитрасы  көббінесе 
графикалық файлмен бірге құрылып, сақталады.  
Түс  палитраларының  келесі  түрлері  болады:  индекстік,  белгіленген 
және қауіпсіз.  
Индекстік  түс  палитрасын  қолдану  кезінде  сурет  бір  байтпен 
кодталатын 256 түстен ғана тұруы мүмкін. Бұл жағдайда әр түс реңкі бір 
санмен  беріледі,    бұл  сан  пиксель  түсін  емес,  түс  индексін,  яғни  оның 
нөмірін  білдіреді.  Түс  ілеспе  файлға  қосып  салынған  түс  палитрасында 
осы  нөмір  бойынша  ізделінеді.  Әртүрлі  суреттердің  әртүрлі  түс 
палитралары  болуы  мүмкін.  Мысалы,  бір  суретте  жасыл  түс  64 
индексімен  кодталған  болса,  басқа  суретте  бұл  индекс  қызғылт  түске 
берілуі  мүмкін.  Егер  суретті  «бөгде»  түс  палитрасымен  шығарылса, 
жасыл шырша экранда қызғылт түсті болуы мүмкін.  
Белгіленген  түс  палитрасын  қолданған  кезде  сурет  түсі  екі  байтпен 
кодталған  (High  Color  режимі).  Бұл  жағдайда  экранда  65  мың  түс 
бейнеленуі мүмкін. Бұл True Color режимінде қол жетімді жалпы үздіксіз 
бояулар  спектрінің  1/256  үлесі.  Мұндай  суретте  әрбір  екі  байттық  код 
жалпы  спектрдің  қандай  да  бір  түсін  білдіреді.  Алайда  бұл  жағдайда 
файлдың  өзінен  өлшемі  бойынша  үлкен  болуы  мүмкін  кестені  файлға 
қосып  бекітудің  қажеті  жоқ.  Сондықтан,  бекітілген  палитра  түстерінің 
белгіленуі  бір  және  мұндай  палитраны  файлға  бекітудің  қажеті  жоқ,  ол 
графикалық редакторларға кіріктірілген.  
Қауіпсіз  түс  палитрасы  веб-графикада  қолданылады.  Веб-
парақшаларды  безендіруде  файлдардың  өлшемін  азайту  үшін  сегіз 
разрядтан жоғары түсті кодтауды қолдану ұсынылмайды. Бұл кезде веб-
парақша дизайнерлері қандай компьютер моделі және оның еңбегі қандай 
бағдарламамен  басқарылуымен  қарастырылатыны  туралы  хабары  жоқ. 
Осыған  орай,  келесі  шешім  қабылданды.  Веб-парақшаларды  қарауға 
арналған  барлық  белгілі  бағдарламалар  (браузерлер)  бір  бекітілген  түс 
палитрасына  алдын-ала  ретелінген.  Егер  веб-парақшаның  өндірушісі 
иллюстрацияларды  жасау  кезінде  тек  осы  түс  палитрасын  қолданатын 
болса,  барлық  әлем  бойынша  қолданушылар  оның  суретін  дұрыс  түсте 
көретініне сенімді бола алады.  
 
    154 


 
 
 
Қауіпсіз  түс  палитрасында  болжалатын  256  емес,  216  түс  қана.  Бұл 
интернетте  қолданушылар  тек  IBM  PC  емес,  әртүрлі  компьютерді 
қолдануына  және  барлық  компьютерлер  256  түсті  көрсете  алмауына 
байланысты.  Осылайша,  берілген  түс  палитрасы  216  түстің  кодталу 
индекстерін қатаң түрде анықтайды, сондықтан да қауіпсіз деп аталады.   
Түс  палитраларының  мүмкіндіктері  шектеулі,  сондықтан,  түстер  мен 
реңктердің  көп  санын  келтіру  үшін  басқа  кодтау  әдістері  қолданылады. 
Компьютер үшін ең ыңғайлы түс кодтау әдісі – 24-разрядты, True Color. 
Бұл режимде әрбір түс құраушысына R (қызыл), G (жасыл) және В (көк) 
бір байттан (8 бит) беріледі. Әрбір құраушының жарқындығы 0-ден 255-
ке  дейін  беріледі,  осылайша,  үш  құраушының  16,5  млн  мүмкін  үйлесуі 
болуы  мүмкін.  Нақты  пиксель  туралы  ақпарат  үш  байтта  да  жеткілікті, 
сондықтан түс палитрасы қажет емес. Графикалық редакторларды (оның 
ішінде  Adobe  PhotoShop)  түстердің  мұндай  кодталуы  RGB  режимі  деп 
аталады.  
RGB  режимі.  Режим  атауы  red/green/blue    –  қызыл,  жасыл, 
көкағылшын  сөздерінің  бірінші  әріптерінен  шыққан,  бұл  монитор 
экранында  негізгі  түстерді  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  түстерді 
аддитивті  (құрастыру)  әдісімен  араластыру  үшін  негізгі  түстер  болып 
табылады.  Түстерді  құрастырып  араластыру  әдісімен  боялған  жарық 
көздерімен  әрекеттескенде  кедесеміз,  сондықтан    RGB    моделі  көптеген 
сканерлер  мен  принтерлер  үшін  негізгі  болып  табылады.  Осылайша, 
сканермен жұмыс жасау кезінде сезімтал элементтердің үш сызғыштары 
қызыл,  жасыл,  көк  фильтрлердің  көмегімен  өздерінің  жарық  түсетін 
спектр  бөлігін  қабылдайды  және  оны  электр  тогының  сәйкес  кернеу 
деңгейіне  түрлендіреді.  Аналогты-сандық  түрлендіргіштердің  көмегімен 
электр  сигналы  квантталады  және  қосарлы  код  ретінде  сәйкес  файлға 
жазылады.  Бұл  түс  моделі  электр  сәулелік  түтікше  (ЭСТ) 
мониторларында да қолданылады.  
Кейбір  кезде  әдебиеттерде  RGB    режимінде  16,5  млн  түс  жазуға 
болатыны айтылады. Шын мәнісінде, үш негізгі түс сәулелерінің 16,5 млн 
үйлесімін  жазуға  болады,  бірақ  олардың  барлығын  адам  әртүрлі  түс 
ретінде  ажырата  алмайды.  Сонымен  қатар,  идеал  спектр  түстерінің 
сәулелерін  (люминофорларын)  алу  мүмкін  болмағандықтан,  RGB 
режимінде  түспен  нақты  қамту  көрінеетін  түстер  барлық  спектрінен  
едәуір  төмен  (форзац,  VIII  қараңыз).  Үш  сәуленің  мұндай  комбинация 
санын  жазу  қажеттілігі  бойынша мәселе  туындайды.  Шынында да,  адам 
тек бірнеше он мыңдаған түстерді ажырата алады, бірақ үш негізгі түстің 
көп  комбинациясы  бір  түстің  екінші  түске  ауысуын  көзге  көрінбейтін, 
байсалды етіп жазуға мүмкіндік береді.  
RGB режимінің артықшылықтарына жатқызылады:  

оның  жабдықтармен  (сканер  және  монитормен)  «генетикалық» 
туыстығы  –  түстердің  кең  қамтылуы  (адамның  көру  мүмкіндігінен асып 
түсетін түс алуандығын көрсету мүмкіндігі) ; 
 
 
155 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау