Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет55/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65

 
 
мен  әртүрлі  бағдарламалық  қамтама  жинағына  кіретін  қымбат  емес 
қызметтік бағдарлама.  PostScript қаріптері операциондық жүйесі әртүрлі 
компьютерлерде  қолданылады,  ал  жасап  шығарылған  қаріптердің  саны 
30000 
жақындады. 
Қаріп 
жиынтықтарының 
кейбір 
түрлері 
полиграфиялық  баспаның  мамандары  қажет  ететін  қаріптерге  жатады. 
Мұндай  жинақтар  ежелгі  әліпби  әріптері,  кіші  бас  әріптер,  лигатуралар 
және т.с.с. тәріздес әртүрлі арнайы белгілерден тұрады.  
PostScript  қаріптер  жанұясына  сонымен  қатар,  әртүрлі  эталондық 
қаріптер (master fonts) кіреді. Бұл қаріптердіңтолтыруы, ені, салыну стилі 
және  қанықтылығы  сияқты  белгілердің  құрылымдық  ерекшеліктерін 
өзгертудің  кем  дегенде  екі  еркіндік  дәрежесі  болады.  Эталондық  қаріп 
негізінде  көптеген  белгі  нұсқалары  құрылуы  мүмкін,  олар  құжаттардың 
сыртқы келбетін  нақты  елестетуге  және белгілерді жасанды  созу  немесе 
қысу  арқылы  баспа  сапасын  нашарлатпастан  арнайы  қаріптік 
эффектлерін қолдануға мүмкіндік береді. 
Егер  Type  1  қаріптері  қолданылатын  болса,  мәтінді  қисыққа 
айналдыру қажеттілігі болмайды, бірақ беттеу файлына қаріптер файлын 
қосып салу қажет. Әрбір Type 1 қаріпі үшңн екі файл болатынын ескеру 
қажет, себебі. PostScript нұсқасы экранға шығарыламайды.  
Adobe  Illustrator  және  InDesign  бағдарламаларында  барлық  мүмкін 
қаріп  параметрлерін  басқаруға  болады:  гарнитурасы  және  кескіні,  кегль 
мен  интерлиньяжы,  кернингі  мен  трекингі.  Параметрлерді  мәтінді 
енгізбес  бұрын  да,  терілген  және  форматталған  мәтінді  өзгертуге  де 
болады.  
Қаріп  параметрлері  екі  палитралардың  көмегімен  орындалады  — 
Character  (Белгі)  (7.17-сурет)  және  Paragraph  (Абзац)  (7.18-сурет). 
Кейбір параметрлердің жеке мәзірі немесе палитралары болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
145 


 
 7.17-сурет. Adobe Illustrator (сол жақта) және  Adobe InDesign (оң жақта) 
редакторларында Character (Белгі) палитрасы  
ЭкранғаCharacter  (Белгі)  және  Paragraph  (Абзац)    палитралар 
мәзірін  шығару  үшін  Window  (Терезе)  →  Туре/Type  &  Taбles 
(Мәтін/Мәтін  және  кесте)  командаларын  орындау  қажет.  Әдетте  бұл 
палитралар  ортақ  топқа  біріккен,  сондықтан  бірін  шақырған  жағдайда 
басқасы  ашылады.  Оларды  қалауыңызға  қарай  бөлуге  болады.  Екі 
палитраның  қосымша  өрістері  болады,  олар  палитралар  мәзірінің  Show 
Options (Қосымша палитралар) командасымен шақырылады.  
Қызметтік  белгілердің  көрсетілуі.  Мәтінді  теру  кезінде  мағыналық 
белгілерден  бөлек,  құжатта  кейбір  қызметтік  белгілер  болады,  олар 
баспаға  және  экранға  шығарылмайды.  Оларға  мысалы,  бос  орын, 
табуляция,  жолды,  абзац  соңын  аудару  және  т.б.  жатады.  Сонда  да 
құжатты  беттеу  және  форматтау  кезінде  мұндай  белгілер  көбінесе 
пайдалы  болады.  Туре  (Мәтін)  мәзірінде  Show  Hidden  Characters 
(Жасырын белгілерді көрсету) командасы барлық жасырын белгілердің 
экранға шығарылуын қамтамасыз етеді.  
Қаріп  гарнитурасын  таңдау.  Font  (Қаріп)  тізімінде  Character 
(Белгі)  палитрасы  жәнеТуре  (Мәтін)  мәзірінің  Font  (Гарнитура) 
командасы 
нақты 
операциондық 
жүйеде 
орналасқан 
қаріп 
гарнитураларының тізімін көрсетеді.  
 
 
 
 
 
 
 
      146 


 
 
7.18-сурет. Adobe Illustrator (сол жақта) және  Adobe InDesign (оң жақта) 
редакторларында Paragraph (Абзац) палитрасы 
Character  (Белгі)  палитрасының  Font  (Қаріп)  өрісінің  жоғарғы 
тізімінде  гарнитуралардың  атаулары  келтірілген,  ал  төменгі  екінші 
тізімде  олардың  кескінделуі  көрсетілген.  Егер  қолданушы  өзінің  қаріп 
жиынтығымен  жақсы  таныс  болса,  жоғарғы  өрісте  қажетті  гарнитура 
атауының  бастапқы  әріптерін  енгізу  жеткілікті,  бұл  кезде  бағдарлама 
автоматты  түрде  атауын  жалғастырып,  гарнитураны  таңдайды.  Бұл  әдіс 
екінші өрісте де «жұмыс жасайды», мысалы,  бағдарлама Бold (жартылай 
қалың)  кескінін  орнатуы  үшін  б  әрпі  енгізілсе  жеткілікті.  Таңдауды 
аяқтау үшін  немесе<Таб> батырмасын басу керек. 
Гарнитураны  таңдау  Туре  (Мәтін)  мәзірінің  Font  (Гарнитура) 
командасыныңкөмегімен 
іске 
асырылады.Нақты 
гарнитураның 
кескінделуін  таңдау  үшін  атауынан  оң  жақта  орналасқан  бағдаршаны 
басу  арқылы  қосымша  мәзір  шақырылады.  Егер  гарнитураның  тек  бір 
кескінделуі ғана болса, онда қосымша мәзір болмайды.  
Қандай  да  бір  әдіспен  таңдалған  қаріп  белсенді  болады,  яғни,  келесі 
таңдауға дейін барлық мәтін осы қаріппен форматталады. Өкінішке орай, 
бағдарламада  мысалы,  CorelDRAW    бағдарламасында  қолданылатын 
қаріпті  алдын-ала  көру  қызметі  жоқ,  әртүрлі  рәсімделген  мәтін 
фрагментін  тез  қарап  шығу  мүмкіндігі  болмағандықтан,    гарнитураны 
таңдау айтарлықтай қиындайды.  
Қаріп  кегелін  таңдау.  Баспашылар  кегль  деп  атайтын  өлшем 
пунктпен  өлшенеді.  Бір  пункт  ағылшын-америкалық  дюймнің  (24,4  мм) 
1/72  немесе  француз  дюймінің  (26,03  мм)  1/72  (Дидо  пункті  құрлықтық 
Еуропа елдерінде, сондай-ақ, Ресейде дәстүрлі қолданылды) тең.  
 
 
147 


 
 
Компьютерлік  бағдарламаларда  тек  ағылшын-америкалық  пункт 
қолданылады.  
Кегль  мәні  мәзірде  (мәндер  жиынтығынан  тек  бір  ғана  өлшем)  және 
Character  (Белгі)  палитрасының  Size  (Кегль)  өрісінде  анықталуы 
мүмкін. Size (Кегль) көмегімен тіркелген мәндер тізімін қолдануға және 
0,1-1,296  пункт  аралығында  0,1  пункт  қадамымен  кез  келген  мәнді 
орнатуға  мүмкіндік  береді.  Мәндірдің  мұндай  үлкен  аралығы  үздіксіз 
өлшемдер межелігін (шкаласын) білдіреді.  
Нақты  мәнін  санды  енгізу  және    немесе  <Таб>  батырмасын 
басу  арқылы  немесе  төмен  немесе  жоғары  бағдаршалары  бар 
батырмаларды  қолдану  арқылы  орнатылады.  Жоғары  немесе  төмен 
батырмаларын  шерту  кегль  мәнін  бір  бірлікке  арттырады  немесе 
төмендетеді. Үнсіз келісім бойынша 12 пунктке тең кегль қолданылады.  
Adobe  Illustrator  бағдарламасында  қаріп  өлшемі  басқа  бірлікпен  де 
өлшенуі  мүмкін:  points  (пунктпен);  inches  (дюйммен);  millimeters 
(миллиметрмен);  Q  —  0,55  мм  тең  шартты  берлікпен  (quarter  —  ширек 
деген сөзден қысқарту 0,25 мм; рixels (пиксельмен). 
Қаріптің өлшем бірлігі Preferences (Орнатулар) диалогтік терезесінің 
Units  &  Undo(өлшем  бірліктері  және  командаларды  қайтару) 
бөлімінің  Туре (Мәтін) тізімінде таңдалады, ол   Edit (Түзеу) мәзірінің 
атаулас командасымен шақырылады.  
Қаріпті  форматтауыніздеу  және  алмастыру.Adobe  Illustrator  және 
InDesign  бағдарламаларында  қандай  да  бір  форматтауға  ие  мәтін 
блоктарын іздеу және оларды басқа форматтаумен алмастыру мүмкіндігі 
қарастырылған. Бұл мүмкіндік мәтінмен жұмыс жасайтын бағдарламалық 
қамтамаларда қолданылатын мәтінді іздеу және алмастыру қызметін еске 
түсіреді.  Бағдарлама  қосымша  берілген  құжатта  қолданылған 
гарнитуралардың  тізімін  құрады,  және  маңыздысы,  құжаттарды  басқа 
адамдарға  бергенде  бұл  тізімді  жеке  мәтіндік  файл  ретінде  сақтауға 
болады. 
Қаріптердің  форматталуын  ауыстыру  үшін    Туре  (Мәтін)  мәзірінен 
Find  Font  (Қаріпті  іздеу)  командасын  орындау  қажет,  нәтижесінде 
экранға атаулас диалогтік терезе шығарылады.  
Fonts  in  Document  (Қаріпьердің  ағымдық  тізімі)  терезесінде 
берілген құжатта қолданылатын қаріптер гарнитураларының тізімі көрал 
терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында – олардың саны. Егер бұл тізімдегі 
қандай  да  бір  жол  таңдалынса,  бағдарлама  осы  қаріппен  рәсімделген 
алғашқы мәтін блогын тауып береді. Бағдарлама келесі блокты Find Next 
(Келесіні іздеу) батырмасын шерту арқылы табады.  
Қаріпті  ауыстыру  қажет  болған  жағдайда қажетті  қаріп  Replace  Font 
From  (Алмастыруға  арналған  қаріптер  тізімі)  терезесінде  таңдалады, 
бұл тізімнің екі нұсқасы болады. Document (Құжаттың ішінде) нұсқасын 
таңдау  тек  берілген  құжатта  қолданылатын қаріптер  тізімін  ғана  ашады;  
System  (Жүйенің  ішінде)  нұсқасын  таңдау  операциондық  жүйенің 
барлық қаріптер тізімін ашуға мүмкіндік береді.  
 
   148 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау