Графикалық фреймдер Rectangle Frame (Тіктөртбұрышты фрейм),
Ellipse Frame (Сопақша фрейм) және
Polygon Frame (Көпбұрышты
фрейм) құралдарының көмегімен құрылады. Графикалық фреймді құру
кезінде оның ішіндегі диагональ сызықтар фреймге графикалық
элементті енгізуге болатынын көрсетеді. Графикалық фреймге суретпен
қатар, мәтіндік жолды енгізуге болады.
Мәтіндік фреймдер Туре (Мәтін) құралының көмегімен немесе екі
басқа фрейм түрлерін түрлендіру арқылы құрылады. Мәтіндік фрейм
құрылғанда шектеуші белгілерге қосымша оның екі жағында байланыс
индикаторлары пайда болады. Сонымен қатар, мәтіндік фрейм
белгіленгенде оның ішінде жыпылықтайтын меңзер пайда болады.
Графикалық фреймдегі диагональ сызықтар дәстүрлі қағазда сурет
салудан алынған. Түпнұсқа макеттерінде суретшілер көбінесе фотосурет
немесе графикалық элемент орналасатынын аймақтарды диагональ
сызықтармен көрсеткен. QuarkXPress және Adobe InDesign сияқты
электронды беттеу бағдарламалары осы принципке негізделген.
Диагональ сызықтар сканерленген суреттер немесе графика қойылуы
мүмкін орынды көрсетеді.
Алайда графикалық фреймдерде тек суреттерді орналастыру
қажеттігін анықтайтын арнайы ереже жоқ. Бос графикалық фреймде
мәтін немесе сурет орналастыру мүмкіндігі бар.
Мәтін мәтіндік фреймнің енін толық қамтуы міндетті емес.
Мәтіннің қабылдануын жеңілдету үшін мәтінді белгілеп, абзацтың
барлық жолдары үшін фрейм шекарасынан сол немесе оң жақ шеттен
шегініс орнатуға немесе бірінші жол үшін қосымша абзацтық шегініс
орнатуға болады. Бұл мақсатқа өрістердің шегіністерін басқару
құралдары арналған, олар
Paragraph (Абзац) құралдар палитрасында
орналасады.
Егер мәтін көлемді болса, бір фреймге немесе бір бетке сыймауы
мүмкін. Мәтінді форматтау ыңғайлы болуы үшін мәтінді басқа фреймге
көшіруге және фреймдер арасында байланыс орнатуға болады. Бұл үшін
толтыру белгісін шерту қажет. Меңзер жүктелу пиктограммасының
түріне ие болады. Одан кейін мәтінді бағыттауға қажет фреймге меңзер
орнатылады. Меңзер байланыс пиктограммасы түріне ие болады, бұл
кезде келесі мәтіндік фрейм бос болуы міндетті емес. Ары қарай
фреймнің ішіншерту керек. Байланыс индикаторлары мәтін фреймге
«енетінін» немесе «шығатынын» көрсетеді. Мәтіннің ары қарай «өтуін»
жеңілдету үшін бос мәтіндік фреймдерді байланыстыру үшін осы
тәріздес
әрекеттерді орындауға болады. Қандай фреймдер арасында байланыс
орнатылғанын көру үшін
View (Қарау)→Show Text Threads (Байланыс
сызықтарын көрсету) командаларын орындау қажет. Экранда қандай
фреймдер арасында байланыс орнатылғанын көрсететін сызықтар пайда
болады.
143
7.3
.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Беттеу файлында мәтінді сақтаудың екі жолы бар: мәтін түрінде
немесе Безье қисықтары түрінде. Әдетте, баспаға кішігірім құжат
тапсырылады, барлық қаріптерді қисықтарға айналдыру өтініші түседі.
Бұл үшін мәтінді (көркемдік мәтін немесе тек абзац түрінде болуы
маңызды емес) белгілеп, CorelDRAW-да
Arrange (Монтаж)→Convert
to Curves (Қисықтарға түрлендіру) командасын немесе Adobe
Illustrator-да
Create Outline (Қисықтар тұрғызу) контекстік мәзір
командасын орындау қажет. Мәтінді қисықтарға айналдыру қажеттілігі
мәтінді компьютерлік файлға жазудың екі ерекшелігіне байланысты.
Біріншіден, қаріп файлы беттеу файлына импортталмайды, тек сілтеме
орналастырылады. Файл басқа компьютерде ашылған кезде графикалық
редактор өз жүйесінде атауы бірдей файлды тауып алып, орнына қояды
немесе қателік туралы хабарлама беріп, оператордан басқа алмастыру
файлын көрсетуін сұрайды (немесе егер автоалмастыру кестесі бар болса,
басқа қаріп автоматты түрде қойылады). Басқа қаріп кеңірек немесе тар
болуы мүмкін, ал жазу кішірейіп немесе бір бөлігі сыймай, баспаға
шықпай қалуы мүмкін. Екіншіден, қаріптер файлының кең таралған
форматы — True Type Font (TTF) PostScript тілін қолдамайды. Бұл
жағдайда TrueType қаріпі PostScript форматына түрленіп, принтер
жадына жүктеледі. Мұндай түрлендіру баспа сапасын төмендетеді және
баспа процесінің кідірісін туғызады. Windows NT операциондық жүйесі
PostScript қаріптерін экранда көрсетуге арналған TrueType қаріпін
қолданады, алайда PostScript принтерде басу кезінде операциондық жүйе
принтер жадына PostScript шынайы қаріпін жүктейді.
Екі мәселе де мәтінді қисықтарға ауыстыру арқылы шешіледі, бұл
кезде мәтінді мәтін ретінде редактрлеу және форматтау мүмкіндігі
жоғалады, ол кәдімгі векторлық объектке айналады. Бұл кезде оның
үстіне файл өлшемі ұлғаяды.
Егер қаріптерді қисықтарға ауыстыру мүмкіндігі болмаса немесе
құжат көлемді, көпбетті болса, мәселені шешудің басқа жолы бар –
PostScript Type 1 (сондай-ақ, Adobe Type 1 атауымен белгілі)
форматындағы қаріптерді қолдануға болады.
PostScript Type 1 форматы 1980-жылдардың басында
Adobe Systems
шығарылды және полиграфиялық баспа жабдықтары үшін стандартты
болды.
PostScript қаріп белгілері Безье қисықтарынан құрастырылған.
Мұндай
әдістің артықшылықтары қаріпті қисықтар жинақтамасына түрлендіру
кезінде аса анық бола түседі, өйткені, бұл кезде белгілердің
бұрмаланбаған пішінін беру үшін түйіндердің минимал саны қажет.
PostScript қаріптерін экранда көрсету және PostScript жанұясына
қатысты емес принтерде басу үшін Windows операциондық жүйесіне
арнайы Adobe Type Manager бағдарламасы қажет.
Бұл көбіне қаріптер
144