278
IPпротоколыхабарламаны стандартты өлшемді жеке нөмірлері мен
атауы бар ақпараттық пакеттерге бөледі (нөмірлер қабылданған жақта
алынған пакеттерден хабарламаның толық жинағын қамтамасыз ету
қажет);
əрбір пакет адресатқа телекоммуникациялық желінің əртүрлі
маршруттары (байланыс арналары) бойынша хабарламаға кіретін басқа
пакеттерге тəуелсіз жеткізіледі;
алынған пакеттер бұрмаланулардың болуына немесе пакеттің
жоғалуына оларды қайталап табыстауға сұранысты ұйымдастыру үшін
TCP протоколыменқадағаланады;
хабарламаға тиесілі пакеттердің алынуы (нөмірлер бойынша)
тексеріледі, олардың барлығының болуы алушыға жеткізілген болып
есептеледі, ал жіберуші тарапқа қабылдаудың расталуы — түбіртек
беріледі.
Сонымен қатар, Интернет желісінде TCP/IP стегі базасында əзірленген
сервистік протоколдар қолданылады, мысалы, файлдарды табыстау,
қашықтағы ДЭЕМ қашықтықтан басқару, электрондық пошта жəне т.б.
протоколдары.
Компьютерлік жергілікті желілер, немесеLAN (Local Area Network —
жергілікті желілер) əлемде кең тарады, олар белсенді дамуын
жалғастырылуда жəне шектеулі аймақта ақпаратты жинау, табыстау жəне
үлестірілген өндеу үшін ғылым, білім, экономика, өнеркəсіп, мемлекеттік
жəне коммерциялық ұйымдарда қолданылуда.
ЭЕМ жергілікті желілері үшін ішкі ақпараттық алмасудың жоғары
қарқындылығы,
топологияның
қарапайымдылығы
жəне
олардың
тұйықтығы тəн.
Жергілікті желінің жоғарырақ деңгейдің желілерімен (мысалы,
аймақтық желілермен)байланысы əдетте, əртүрлі шлюздарды — сыртқы
рұқсатсыз
басып
кіруден
қорғаудың
бағдарламалық-аппараттық
құралдарымен жабдықталған бір желіден екіншіге ауысу құрылғыларын
қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті желілерді құру үшін əртүрлі технологиялар қолданылады:
Token Ring (маркерліксақина) —маркерлік (эстафеталық) қол
жеткізумен сақиналық желінің топологиясы;
FDDI (Fiber-Distributed Data Interface — деректердің үлестірілген
талшықтық интерфейсі) — қосарлы сақинасы бар топология, онда
деректер сақиналарда əртүрлі бағыттарда айналып жүреді;
Ethernet (эфирлік желі) — деректердің пакеттік алмасуы.
279
Қазіргі таңда Ethernet технологиясыIEEE 802.3 жергілікті желілердің
халықаралық стандарттың негізін қалады жəне FDDI жəнеToken ring-ді
ығыстырып,LAN ең кең тараған желілік технологиясына айналды.
Ethernet технологиясысымдық қосылыстарды жəне электр сигналдарын
физикалық деңгейде, ал пакеттер форматыжəне ортаға қол жеткізуді
басқару протоколдары —OSI моделінің арналық деңгейіндеанықтайды.
Деректерді табыстаудың жеткілікті жоғары жылдамдығы компьютерлік
жергілікті желілерді моноарна негізінде құруға мүмкіндік береді, ол уақыт
бойынша деректерді табыстаудың жалғыз арнасын бөлу арқылы
мультиплекстеу режимінде барлық ДЭЕМ-ға қызмет көрсетеді.
Желі моноарнаға кездейсоқ көптік қол жеткізумен деректердің
таржолақтық табыстауын (модуляциясыз) қолданады.
Орталықтандырылған
құрылымды
жүйелерде
желінің
барлық
ресурстарын басқару функциясын жүзеге асыратын компьютерлердің бірі
сервер деп аталады, ал өз ресурстарынқалған ДЭЕМ-ге олардың
сұраныстары бойынша ұсынатын басқа компьютерлер — клиенттік жұмыс
станциялары (немесе жай клиенттер) деп аталады.
Орталықсыздандырылған
басқаруы бар желілердің барлық желілік
жұмыс станцияларының барлық желілік ресурстарын ұсыну жəне қолдану
бойынша теңқұқықтық мүмкіндіктері бар жəне серверлердің де,
клиенттердің де функцияларын орындай береді.
Деректерді табыстау жылдамдығы (өткізу қабілеті) бойынша жергілікті
желілері төмендегідей бөлінеді:
аз өткізу қабілетімен (Мбит/с дейін);
орташа өткізу қабілетімен(10...Ш0 Мбит/с);
жоғары өткізу қабілетімен (100 Мбит/с жəне т.б.).
Бастапқыда Ethernetжелілері шиналық топология негізінде құрылды, ал
жіберуші орта ретінде коаксиалды кабель қолданылды. Бүгінгі күні
коаксиальді кабельді сымдардың
есулі жұптары
жəне талшықтық-
оптикалық кабельдер ығыстырды, ал шина моноарна жұмысының
логикасын сақтаған жұлдыз тəріздес топологиямен ауыстырылды.
Логикалық желісібар ДЭЕМ арнайы құрылғыларды — желілік
карталарды қолданады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Деректерді табыстау жүйесі қандай компоненттерден тұ-
рады?
2. Телекоммуникациялық желінің құрамы мен мақсатын ан-
ықтаңыз.
280
3. Желілерде деректерді табыстаудың қандай əдістері қол-
данылады?
4.
Желілерді құрудың негізгі топологиялық сұлбаларын атаңыз.
5.
OSI моделі қандай мақсатпен əзірленген жəне ол қалай
сипатталады?
6.
OSI моделі деңгейлеріне жəне протоколдарына қысқаша
сипаттама беріңіз.
7.
Желі абонентінің абоненттік пунктінің типтік сұлбасын
сипаттаңыз.
8.2.
ДЕРЕКТЕРДІ ТАБЫСТАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
ДЭЕМ-ның орасан зор аймақтарда тарауы желілер мен байланыс
арналарының
қолданылуымен
олардың
ақпараттық
өзара
əрекеттесуінқамтамасыз ету қажеттілігі туындады.
Жалпы қолданыстағы телефон желісі (ЖҚТЖ) компьютерлердің ең
қарапайым жəне қолжетімді қосылуна айналды, ол халықтың басым бөлігін
үндестік жиілікті аналогты арналармен байланыстырып, АТС (автоматтық
телефон станциялары) арқылы кез келген абонентпен коммутацияланушы
қашықтық қатынасты(dial-up) ұсынды (8.5-сур.).
ЖҚТЖарналарын қолдану үшін ДЭЕМцифрлық деректерін арнайы
арнақұраушы құрылғылар— модемдер (М) арқылы аналогты сигналдарға
түрлендіру қажет болды, олар өз атауын ақпаратты табыстау жəне қабылдау
барысында модуляцияжəне демодуляция процестерінен иеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |