Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет92/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107

284 
 
 
модемдерді  диагностикалау,  байланыс  арналарының  параметрлерін 
өзгерту  процедураларын  анықтайтын  протоколдар  (V.51 ...  V.54,  V.56). 
Стандарттарға  сəйкес  жүзеге  асырылатын  байланыстың  телефон 
каналдарына  арналған  модемдер  келесіжылдамдықтар  номенклатура- 
сынан тұрады: 300, 600, 1200, 2 400, 4 800, 9 600, 12 000, 14 400, 16 800, 
19 200, 28 800, 33 600 жəне 56 000 бит/с.

Протоколдарды  стандарттау  өзара  əрекеттесуші  модемдерге  жұмыстың 
бірдей режимдерін автоматты орнатуға мүмкіндік береді: 
 
деректерді модуляциялау, сығымдау жолдары;

 
дұрыс табыстауды қамтамасыз ету үшін байланыс каналында кедергілер 
деңгейіне 
(қателер 
санына) 
байланысты 
оңтайлы 
табыстау 
жылдамдығы.

МодемдердіAT-пəрмендер  басқарады,  олар  пайдаланушыға  нөмірді 
импульстық немесе тондық теруді орнату, шығу сигналының жылдамдығы 
мен  деңгейі,  қолданыстағы  желінің  түрі  (коммутацияланатыннемесе 
үйлестірілген телефон желісі), дыбыстық сигнал беру жұмысының режимі, 
модемді тестілеу жəне т.б.үшін қолжетімді. 
Заманауи 
аналогты 
модемдердің 
көбісідеректерді 
дуплекстік 
ассиметриялы  табысталуымен  V.90  жəнеV.92  протоколдарын  қолданады, 
мұнда  ақпарат  каналдан  56  кбит/с  дейінгі  жылдамдықпен  қабылданады 
жəне  бірінші  протоколға  сəйкес  33,6  кбит/с  жылдамдықпен  немесе  екінші 
протоколға сəйкес 48 кбит/с жылдамдықпен табысталады. Асимметриялық 
алмасуДЭЕМ-ның, мысалы, Интернет желісіменжұмыс процесін көрсетеді, 
мұнда  пайдаланушының  қысқа  сұраныстары  бойынша  оған  желіден 
ақпараттың  ауқымдық  көлемі  (видео,  дыбыстық  файлдар,  деректер  мен 
бағдарламалар массивтері) түседі. 
Қазіргі модемдерде шығыс  хабарламаларын V.44  стандарты  бойынша 
6  :1  коэффициентімен  сығымдау  функциясы  бар,  ол  мəтіндік  деректерді 
алдын  ала  мұрағаттандырусыз  табыстау  жылдамдығын  арттыруға 
мүмкіндік береді. 
Абоненттік  желілер  кедергілерге  ұшырағыш  болып  келеді,  сондықтан 
арналық  деңгейде  қателерді  табу  жəне  оларды  түзеудің  арнайы  əдістерін 
қолданады. 
Әр 
модемде 
желідегі 
артық 
кернеудің 
атылуын 
бейтараптандыратын арнайы разрядтағыш орнатылады. 
Заманауи 
модем 
сигналдарды 
модуляциялаужəне 
демодуляциялаупроцестерін  жүзеге  асыратын  сигналдық  процессордан; 
модемнің  жұмысын,  компьютермен  алмасуды  басқаратын  жəне 
қабылданатын,  табысталатын  деректерді  өңдейтін  (кодтау,  қайта  кодтау, 
сығымдау  -  ашу)  мамандандырылған  микропроцессордан;  жедел,  тұрақты 
жəне  репрограммаланатын  (қайта  бағдарламаланатын)  жадылардан; 
дыбыстық жəне жарықтық сигнал беру элементтерінен тұрады. 


285 
 
Модемнің жедел жадысы қабылданатын жəне табысталатын деректерді, 
сығымдау  алгоритмдерін  орындаудың  аралық  нəтижелерін  буферлеу  үшін 
қолданылады.  Тұрақты  жады  процессорлар  жұмысының  бағдарламасын 
сақтау  үшін  қызмет  атқарады.  РТСҚ-да  модемнің  микробағдарламасы 
сақталады,  ол  модемді  басқару  үшін  пəрмендер  мен  қызметтік  деректер 
жиынтығынан, қолдаушы протоколдар жиынтығынан тұрады. 
ЖҚТЖ  абоненттік  телефон  желілері  бойынша  табысталатын  ақпарат 
көлемін  арттыру  үшін  соңғы  кезде  ортақxDSL  (Digital  Subscriber  Line  — 
цифрлық  абоненттікжелі)  белгіленуі  бар  деректерді  цифрлық  жоғары 
жылдамдықпен табыстау технологияларының тобы қолданылады. 
Интернет  желісімен жұмыс  істеу  үшін  xDSL  түрлерінің  бірін  —  ADSL 
(Asymmetric 
Digital 
Subscriber 
Line 
—  асимметриялық  цифрлық 
абоненттікжелі)  кеңінен  қолданылады,  ол  қолданыстағы  абоненттік 
телефон  желілерін  жаңғыртпай,  оларды  өткізу  қабілетін  кеңейтеді  жəне 
сөйлеу  мен  деректердің  бір  мезетте  алмасуын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 
береді. 
ADSLтехнологиясыжиіліктерді  бөлу  қағидаларына  негізделген,  соның 
арқасында  сөйлеу  сигналы  деректерді  цифрлық  табыстаудан  сенімді 
ажыратылады. 
Абоненттік  желіге  пайдаланушы  тарапынан  қосылған  жəне  АТС-та 
орналастырылған ADSLцифрлық модемдері үш жеке арна құрады: 
 
желіден ДЭЕМға 32 кбит/с –тан 8 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен 
деректерді табыстау жылдамдығы жоғары арна,

 
ДЭЕМ-нан желіге 32 кбит/с –тан 1,5 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен 
деректерді табыстау жылдамдығы төмендеу арна.

Деректерді  табыстау  жылдамдығының 
асимметриялық 
сипаты 
қашықтықтағы  пайдаланушының  Интернет  желісімен  кəдімгі  жұмысына 
негізделіп, арнайы енгізілген. 
Ресейде  ISDN  (Integrated  Services  Digital  Network  —  кешенді  қызмет 
көрсетулердің  цифрлық  желісі)цифрлық  желісін  үздіксіз  дамытады,  ол 
сигналдарды  табыстаудың  цифрлық  технологиясын  қолданады,  онда 
аналогты  станциялар  біртіндеп  цифрлық  АТС-пен  ауыстырылады.  ISDN 
желісі  тура  сол  абоненттік  коммутацияланатын  желілерді  пайдаланады, 
бірақ деректерді цифрлық кодтауды қолданады. 
ISDN-ның 
аналогты  телефон  желісінен  негізгі  артықшылығы– 
деректерді  табыстау  жылдамдығында.  Ол  деректерді  кəдімгі  абоненттік 
желі  бойынша  128  кбит/с  жылдамдықпен  табыстауға  мүмкіндік  беріп, 
қосылудың жоғары сенімділігін мен орнату жылдамдығын, ал абонентке — 
телефондық  сөйлесулерді  деректермен  қатар  алмасу  мүмкіндігін 
қамтамасыз етеді. 


286 
 
ДЭЕМарасында  алмасу  үшін  ISDN  желісін  қолдануарнайы  цифрлық 
модем  қолданылғанда  ғана  қарастырылған  коммутацияланатын  қол 
жеткізуге ұқсас болады. 
ДЭЕМ-діISDN желісіне  қосу  үшін  «терминалды  адаптер»  деп  аталатын 
құрылғы  қажет,  ол  кеңейту  тақшасы  немесе  USB  портына  жалғанатын 
сыртқы құрылғы болып табылады. ISDN терминалды адаптерлерінің басым 
бөлігінің  телефондарды,  факсимильдік  байланыс  аппараттарын  қосу  үшін 
жалғағыштары бар жəне деректерді сығымдау режимін қолданады. 
Байланыстың  цифрлық  арналарына  арналған  модемдер  аналогты 
модуляцияланған  емес,  дискреттік  импульстық  сигналдарды  қолданады. 
Деректерді  цифрлық  кодтауда  əлеуеттік  жəне  импульстық  кодтар 
пайдаланылады.  Әлеуетті  кодтарда  логикалық  бірліктер  мен  нөлдерді 
ұсыну  үшін  сигнал  əлеуетінің  мəні  қолданылады.  Импульстық  кодтарды 
коды  белгілі  бір  полярлықтағы  импульстермен  немесе  фронттармен  — 
белгілі  бір  бағыттағы  əлеуеттің  айырмаларымен  екілік  деректер  ретінде 
ұсынады. 
ДЭЕМ-ныңшектелген  аумақта  шоғырлануы  олардың  ақпараттық  өзара 
əрекеттесуін  жергілікті  желілерді  қолдана  отырып  ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді. 
ДЭЕМ-дыжергілікті желілерге қосу үшін желілік карталар қолданылады, 
олар  жүйелік  тақшаларда  немесе  PCI  кеңейту  слоттарына  енгізілетін 
тақшалар түрінде болады. 
Желілік  карталар  ақпараттық  пакеттерді  қалыптастыруды,  моноарнада 
қабылдау  жəне  табыстау  жылдамдықтарын  келістіру  үшін  деректерді 
буферлеу,  деректерді  кодтау  жəне  қайта  кодтау,  пакетті  табыстау 
дұрыстығын тексеру, талап етілетін жұмыс станциялары мен серверлерінің 
арасында байланысты орнатуды қамтамасыз етеді. 
ДЭЕМəдетте  жергілікті  желіге  келесі  типті:  коаксиалды,  сымдардың 
есулі жұп немесе оптикалық-талшықты кабельдерменқосылады. 
Ethernet  желісінде  ДЭЕМжелілік  карталары  желілер  бойынша 
жіберілетін  барлық  ақпараттық  пакеттерді  қабылдайды  жəне  олардың 
адрестік  бөлімін  талдайды.  Егер  жұмыс  станциясы  өзінің  адресін  таныса, 
пакетті  қабылдау  жəне  жоғары  деңгейлі  протоколдармен  өңдеу 
орындалады. 
Адрес  ретінде  бірегей  сəйкестендіргіш—MAC-адрес  (Media  Access 
Control  —  ортаға  қолжетімділікті  басқару)  қолданылады,  ол  өндірушімен 
əрбір желілік картаға меншіктеледі. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау